Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2009.09.14 N 3 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңы 29-бабының 2-тармағына сәйкес ШЕШIМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
Павлодар облыс әкiмiнiң 2004 жылғы 10 тамыздағы "Облыс аумағындағы жылу қуатын өндiрудi, берудi және бөлудi, қазандарды және қысым арқылы жұмыс iстейтiн құбырларды пайдалануды, өнеркәсiптiк мұздатқыш қондырғылары және тұрмыстық газ баллондарының құрамында қысым арқылы жұмыс iстейтiн ыдыстарды пайдалануды лицензиялау мәселелерi туралы" (2004 жылғы 10 қыркүйекте әдiлет департаментiнде нөмiрi 2708 болып тiркелдi, 2004 жылғы 28 қыркүйекте "Звезда Прииртышья" газетiнiң N 113 санында жарияланды) N 20 шешiмiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген шешiмiнiң 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Облыс кәсіпкерлiк және өнеркәсiп департаментi облыс аумағындағы жылу қуатын өндiру, беру және бөлудi (белгiленген қосынды қуаты сағатына 100 Гкал-ға дейiн жететiн жылу қуаты көздерiнен), қазандарды (қосынды жылу қуаты сағатына 100 Гкал-ға дейiн) және қысым арқылы жұмыс iстейтiн құбырлардың пайдалануды лицензиялайтын;
облыс жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар департаментi облыс аумағындағы өнеркәсiптiк мұздатқыш қондырғылары және тұрмыстық газ баллондарының құрамында қысым арқылы жұмыс iстейтiн ыдыстардың пайдалануды лицензиялайтын уәкiлеттi мемлекеттiк органдар болып белгiленсiн.";
Көрсетiлген шешiмiмен бекiтiлген облыс аумағындағы жылу қуатын өндiру, беру және бөлудi (белгiленген қосынды қуаты сағатына 100 Гкал-ға дейiн жететiн жылу қуаты көздерiнен) құқығына лицензиялар беру Тәртiбiнде:
9-тармағындағы "коммуналдық шаруашылық, көлiк және коммуникациялар департаментi" деген сөздер "кәсiпкерлiк және өнеркәсiп департаментi" деген сөздермен ауыстырылсын;
Көрсетiлген шешiмiмен бекiтiлген облыс аумағындағы қазандарды (қосынды жылу қуаты сағатына 100 Гкал-ға дейiн) және қысым арқылы жұмыс iстейтiн құбырларды пайдалану құқығына лицензиялар беру Тәртiбiнде:
9-тармағындағы "коммуналдық шаруашылық, көлiк және коммуникациялар департаментi" деген сөздер "кәсiпкерлiк және өнеркәсiп департаментi" деген сөздермен ауыстырылсын;
Көрсетiлген шешiмiмен бекiтiлген облыс аумағындағы өнеркәсiптiк мұздатқыш қондырғылары және тұрмыстық газ баллондарының құрамында қысым арқылы жұмыс iстейтiн ыдыстарды пайдалану құқығына лицензиялар беру Тәртiбiнде:
9-тармағындағы "коммуналдық шаруашылық, көлiк және коммуникациялар департаментi" деген сөздер "облыс жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар департаментi" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген шешiмiнiң 2-тармағының 4-тармақшасы алынып тасталсын.
Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов