ІІ-ші сайланған Алматы қаласы Мәслихаты ХХVІІ-ші сессиясының 2003 жылғы 16 қыркүйектегі "Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі жөніндегі Тәртіпті бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

III-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ХІI сессиясының 2005 жылғы 28 қаңтардағы N 111 шешімі. Алматы қалалық Әділет Департаментінде 2005 жылғы 01 ақпанда N 641 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 388 шешімімен

     Ескерту. Күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХXІV сессиясының 2010.12.13 N 388 шешімімен.

      Алматы қаласының Әділет басқармасында 2003 жылғы 06 қазанда N 557 ретпен тіркеліп, 2003 жылғы 11 қазанда "Вечерний Алматы" және 2003 жылғы 11 қазанда "Алматы Ақшамы" газеттерінде жарияланған, ІІІ-ші сайланған Алматы қаласы Мәслихаты VІІІ-ші сессиясының 2004 жылғы 29 маусымдағы N 69 шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, Алматы қаласының Әділет басқармасында 2004 жылы 05 тамызда N 612 ретпен тіркелген, 2004 жылы 26 тамызда "Вечерний Алматы" және 2004 жылы 12 тамызда "Алматы Ақшамы" газеттерінде жарияланған Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы   N 148-II " Қазақстан  Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару туралы" және 1999 жылы 16 қарашадағы N 477 " Қазақстан  Республикасының халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер енгізу туралы" Заңдарына сәйкес, ІІІ-ші сайланған Алматы қаласының Мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. ІІ-ші сайланған Алматы қаласы Мәслихаты ХХVІІ-ші сессиясының 2003 жылы 16 қыркүйектегі "Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі жөніндегі Тәртіпті бекіту туралы"  шешімімен  бекітілген Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі жөніндегі Ережелерге келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 2-ші тармақ мынадай редакцияда баяндалсын: "2. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде беріледі. Бұл көмек Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға, сонымен қатар Алматы қаласында тұрақты тұратын және баспананың иесі (жалдаушысы) болып табылатын отбасыларына (жеке тұлғаларға) тағайындалады.";
      2) 3-ші тармақ мынадай редакцияда баяндалсын: "3. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді күтіп ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің шығындары тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормалары мен коммуналдық қызметтер тұтыну нормативтерінің шегінде отбасы бюджетінде жиынтық кірістің 25 пайыздық үлесінен асқан жағдайда (Ұлы Отан соғысына қатысушылардан, мүгедектерінен және соларға теңестірілген адамдардан басқа) ғана көрсетіледі.";
      3) мәтін бойынша: "аудандық еңбек және әлеуметтік қорғау орталықтары", "аудандық еңбек және әлеуметтік қорғау орталығы" сөздері тиістігіне қарай "аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталықтары", "аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығы" сөздеріне алмастырылсын;
      4) мәтіндегі "Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Департаменті", "Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Департаменті", "Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Департаментімен" сөздері тиістігіне қарай "Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Департаментін", "Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Департаменті", "Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Департаментімен" сөздеріне алмастырылсын;
      5) 15-ші тармақтағы: "аудандық көші-қон полициясының бөлімімен берілген" сөздері "тиісті уәкілетті органмен берілген (Ұлы Отан соғысына қатысушылардан, мүгедектерінен және соларға теңестірілген адамдардан басқа)" сөздеріне алмастырылсын;
      6) 16-шы тармақ келесі мағынадағы екінші абзацпен толықтырылсын: "Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға тұрғын үй көмегінің мөлшері, отбасының жиынтық табысы ескерілмей, тұрғын үй алаңының (18 шаршы метр) әлеуметтік нормасы, айына бір адамға коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерін негізге алып, есептелінеді.";
      7) 17-ші тармақ: "отбасының" сөзінен кейін "(Ұлы Отан соғысына қатысушылардан, мүгедектерінен және соларға теңестірілген адамдардан басқа)" сөздерімен толықтырылсын;
      8) 28-ші тармақта: "Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментімен" сөздері "Алматы қаласы бойынша монополиялық қызметтерді реттеу мәселесі жөніндегі уәкілетті органмен" сөздеріне алмастырылсын;
      9) 31-ші тармақта: "қалалық қаржы басқармасына" және "қалалық қаржы басқармасы" сөздері "Алматы қалалық қаржы Департаментіне" және "Алматы қалалық қаржы Департаменті" сөздеріне алмастырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау әлеуметтік мәселелер және денсаулық сақтау жөніндегі тұрақты комиссияға (Е.Б.Тәжиев), Алматы қаласы Әкімінің орынбасары А.З. Мурзинге жүктелсін.

     III сайланған Алматы қаласы
     Мәслихатының кезектен тыс
     XII сессиясының төрағасы                            
     III сайланған Алматы қаласы
     Мәслихатының хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады