ІІ сайланған Алматы қаласы Мәслихаты 2003 жылғы 16 қыркүйектегі XXVІІ-ші сессиясының "Тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі туралы Ережені бекіту жөнінде" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

III-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ХVІІ сессиясының 2005 жылғы 29 шілдедегі N 172 шешімі. Алматы қалалық Әділет Департаментінде 2005 жылғы 10 тамызда N 668 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 388 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХXІV сессиясының 2010.12.13 N 388 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының«" Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және«" Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Заңдары мен Алматы қаласы әкімінің ұсынымына сәйкес, ІІІ сайланған Алматы қаласының Мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
 
 

             1. ІІ сайланған Алматы қаласы Мәслихаты 2003 жылғы 16 қыркүйектегі XXVІІ-ші сессиясының "Тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі туралы Ережені бекіту туралы"  шешіміне (Алматы қаласы Әділет басқармасында 06.10.2003 ж. N 557 рет санымен тіркелген, өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, тіркелген және газеттерде жарияланған: 05.08.04 ж. N 612, "Алматы Ақшамы" - 12.08.04 N 91, "Вечерний Алматы" - 26.08.04; 01.02.05 N 641, "Алматы Ақшамы" - 03.02.05 N 13, "Вечерний Алматы" - 05.02.05 N 24; 13.05.05ж. N 656, "Алматы Ақшамы" - 24.05.05. N 57, "Вечерний Алматы" - 09.06.05;) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
 
 

        2-ші тармақ келесі редакцияда баяндалсын: "2. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде беріледі. Бұл көмек Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектері, оларға теңелген тұлғалар, Ауғанстандағы әскери әрекет кезінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе мертіккен, жарақат, зақым алған әскери қызметкерлердің отбасылары (ата-аналары, қайта некеге отырмаған жұбайлары) және Алматы қаласында тұрақты тұратын тұрғын үйдің иесі (жалдаушысы) болып табылатын отбасыларына (жеке тұлғаларға) ұсынылады.
      Ауғанстандағы әскери әрекет кезінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе мертіккен, жарақат, зақым алған әскери қызметкерлердің отбасыларына (ата-аналары, қайта некеге отырмаған жұбайлары) тұрғын үй көмегі Алматы қаласы әкімі жанындағы Ауғанстан соғысы және жергілікті әскери дағдарыс ардагерлері мен мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерін үйлестіру Кеңесі ұсынған тізімі бойынша көрсетіледі."
 

      3-ші тармақта:
      "25 пайыздық үлесі сөздері«20 пайыздық үлесі» сөздеріне алмастырылсын;
      "Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектері, оларға теңелген тұлғалар" сөзінен кейін: "Ауғанстандағы әскери әрекет кезінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе мертіккен, жарақат, зақым алған әскери қызметкерлердің отбасылары (ата-аналары, қайта некеге отырмаған жұбайлары)" сөздерімен толықтырылсын;
 

      10-шы тармақ "Тұрғын үй көмегін төлеу Агенттік Келісім негізінде Алматы қаласының Халық банкі филиалдары, Қазпошта ААҚ«"Алматы почтамт" Алматы қаласындағы филиалының пошта байланыс бөлімшелері арқылы жүргізіледі." редакциясында баяндалсын;
 

      15, 16, 17 тармақтар«"Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектері, оларға теңелген тұлғалар» сөзінен кейін: "Ауғанстандағы әскери әрекет кезінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе мертіккен, жарақат, зақым алған әскери қызметкерлердің отбасылары (ата-аналары, қайта некеге отырмаған жұбайлары)" сөздерімен толықтырылсын;
 

      30-шы тармақ "30. Тұрғын үй көмегінің төлемі Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Департаменті мен«"Қазақстанның Халық жинақ банкі" Ашық акционерлік қоғамы, "Қазпошта" ААҚ "Алматы почтамт" Алматы қаласындағы филиалы арасында жасалған Агенттік Келісім негізінде көмек алушылардың есептелген сомаларын дербес есеп шоттарына немесе көмекті үйден алушыларға сома төлемдерін аудару жолымен Халық банк филиалдары, Қазпошта ААҚ "Алматы почтамт" Алматы қаласындағы филиалының пошталық байланыс бөлімшелері арқылы жүргізіледі." редакциясында баяндалсын;
 

      31-ші тармақ "31. Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Департаменті ағымды айдың 25-ші жұлдызына дейін Алматы қалалық қаржы Департаментіне тұрғын үй көмегінің төлеміне қажетті ақшалай қаржыға тапсырыс ұсынады.  Қалалық қаржы басқармасы тұрғын үй көмегі төлемін жүргізетін айдың 1-ші жұлдызынан кешіктірмей аталған қаражатты әрі қарай тұрғын үй көмегін алушылардың дербес шоттарына немесе көмекті үйден алушыларға сома төлемдерін аудару үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Департаментінің бюджеттік шотына жолдайды."
 

      32-ші тармақ "Халық банкі" сөздерінен кейін "Қазпошта" ААҚ "Алматы почтамт" Алматы қаласындағы филиалы" сөздерімен толықтырылсын. 
 

      2. Алматы қаласы әкімі жанындағы Ауғанстан соғысы және жергілікті әскери дағдарыс ардагерлері мен мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерін үйлестіру Кеңесі (М.М.Әбдішкүров) Ауғанстандағы әскери әрекет кезінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе мертіккен, жарақат, зақым алған әскери қызметкерлердің отбасылары (ата-аналары, қайта некеге отырмаған жұбайлары) тізімінің Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Департаментіне ай сайын ұсынылуын қамтамасыз етсін. 
 

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер мен денсаулық сақтау жөніндегі тұрақты комиссияға (Е.Б.Тәжиев), Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.А.Бүкеновке жүктелсін. 
 

        ІІІ сайланған Алматы қаласы
      Мәслихаты ХVІІ-ші сессиясының
      төрағасы                      Қ.Баймұхамбетов
 

             ІІІ сайланған Алматы қаласы
      Мәслихатының хатшысы         Т.Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады