ІІ сайланған Алматы қалалық мәслихатының ХХVІІ сессиясының 2003 жылғы 16 қыркүйектегі "Алматы қаласында коммуналдық қызметтерді есептейтін жеке және коммерциялық приборларды тексеру, орнату және орнынан алу тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

IІІ сайланған Алматы қалалық мәслихатының XХ сессиясының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 214 шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2006 жылы 4 қаңтарда N 689 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2007 жылғы 2 сәуірдегі N 337 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2007 жылғы 2 сәуірдегі N 337 шешімімен.
 
             ІІІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. ІІ сайланған Алматы қалалық мәслихатының ХХVІІ сессиясының 2003 жылғы 16 қыркүйектегі шешімімен (құқықтық-нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеудің тізбесінде 2003 жылғы 17 қазанында N 559 рет санымен тіркелген, 2003 жылғы 25 қазанда "Алматы Ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) бекітілген «Алматы қаласында коммуналдық қызметтерді есептейтін жеке және коммерциялық приборларды тексеру, орнату және орнынан алу Тәртібінің» 2.10 тармағына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      бірінші абзацтағы "Тұтынушы тексеру мерзімін дербес сақтауға міндетті" сөздері алынып тасталсын, осы абзац мынадай сөздермен толықтырылсын: "Жеткізушінің хабарламасы осы Тәртіптің қосымшасына сәйкес, белгіленген үлгіде болуы керек және тұтынушының отбасының кәмелетке толған мүшесіне табыс етіледі.";
      екінші абзацтағы "1 айдан" сөзі "екі айдан" сөздерімен алмастырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала құрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (Т.Т. Баратов) және Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары З.И. Заяцқа жүктелсін.

      ІІІ сайланған Алматы қаласы
      мәслихаты ХХ сессиясының
      төрағасы

      ІІІ сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы

Алматы қаласында        
коммуналдық қызметтерді     
есептейтін жеке және      
коммерциялық приборларды     
тексеру, орнату және орнынан   
алу тәртібіне қосымша      

ХАБАРЛАМА

      Аз.______________________________________________,
      
      Алматы қаласы, ______________________ көшесі
      (ықшамауданы), N _____үй ______пәтер тұрғыны,
      осы хабарлама бойынша сіздің үйіңізде
      орнатылған суық және ыстық суды, жылуды (керегінің
      асты сызылсын) есептеу құралы 20 ____ жылдың
      "__"»_________ айында орнатылған. Қызмет ету
      мерзімінің өтіп кетуіне байланысты есептеу құралын
      тексеруден өткізу қажет. Тексеруді осы хабарламаны
      алған күннен бастап екі ай ішінде өткізу қажет,
      тексеру өткізілмеген жағдайда ІІІ сайланған Алматы
      қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 16 қыркүйектегі
      ХХVІІ-ші сессиясының шешімімен бекітілген "Алматы 
      қаласында коммуналдық қызметтерді есептейтін жеке
      және коммерциялық приборларды тексеру, орнату және
      орнынан алу Тәртібінің" 2.10 тармағына сәйкес
      (құқықтық-нормативтік актілерді мемлекеттік
      тіркеудің тізбесінде 2003 жылғы 17 қазанында N 559
      рет санымен тіркелген, 2003 жылғы 25 қазанда
      "Алматы Ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде
      жарияланған, енгізілген өзгерістер мен
      толықтырулар 200__ жылғы "___"   _________ N___ рет
      санымен тіркелген, "Алматы Ақшамы" газетінің
      200__ жылғы "___"   _________ және "Вечерний Алматы"
      газетінің 200__ жылғы "___"   _________ сандарында
      жарияланған) тұтынылған коммуналдық қызмет (тауар)
      үшін өкілетті орган белгілеген 1 адамға шаққандағы
      баға бойынша жүргізу құқығымызды пайдаланамыз.

      Есептеу құралдарын орнату мен мен алуды техникалық
      талаптарға сәйкес осы қызмет түрлері үшін өкілетті
      мемлекеттік орган берген лицензиясы бар жеке және
      заңды тұлғалар жүргізеді.

      Хабарламаны алдым  ____________________________,
                                (А.Ж.Ф)

      "___" _________ 20 __ жыл   ___________________
                                          (қолы)

       Жеткізушінің реквизиттары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады