Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емдеудi ұсыну ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 04 наурыздағы N 63 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 14 наурызда N 1527 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 30 шілдедегі N 213 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008.07.30 N 213 Қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңы 44 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы  27-бабы 3, 17 тармақтарына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және оларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 2247  Заңның күшi бар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығының 20 бабына сәйкес, "2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы" облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 21 желтоқсандағы N 12/2 шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" облыстық мәслихат сессиясының 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 13/1 шешiмiнiң негiзiнде облыс әкiмдiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емдеудi ұсынудың қоса берiлген Ережесi бекiтiлсiн.
      2. Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емдеудi ұйымдастырсын.
      3. Қаржы департаментi осы мақсатқа бөлiнген сомалар шегiнде тиiстi бюджеттiк бағдарламаларды дер уақытта қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ж.Ы.Омаровқа жүктелсiн.

       Облыс әкiмi

Облыс әкiмдiгiнiң  
2005 жылғы 4 наурыздағы 
N 63 қаулысымен бекiтiлген

  Азаматтардың жекелеген санаттарына
санаторлық-курорттық емдеудi ұсыну
ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер

      1. Азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық емдеудi ұсынудың осы Ережесi (бұдан әрi - Ереже) оны беру тәртiбiн және шарттарын регламенттейдi.
      2. Санаторлық-курорттық емдеу Солтүстiк Қазақстан облысы аумағында тұрақты тұратын және тұратын орны бойынша емдеу мекемелерiнiң дәрiгерлiк-кеңестiк комиссиясының (бұдан әрi - ДКК) қорытындысы бойынша санаторлық-курорттық емдеуге мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының мынандай санаттарына берiледi:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген адамдарға;
      2) соғыстың қатысушыларына жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша теңестiрiлетiн адамдардың басқа да санаттарына;
      3) мүгедектердiң барлық санаттарына.

2. Санаторлық-курорттық емдеудi ұсынудың
шарттары мен тәртiбi

      3. Санаторлық-курорттық емдеуге жiберiлу үшiн осы Ереженiң 2 тармағында көрсетiлген азаматтар мына құжаттарды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментiне (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) ұсынады:
      1) қоса берiлген үлгiдегi өтiнiш ;
      2) Қазақстан Республикасының санаториi, профилакториi немесе пансионаты көрсетiле отырып, санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждық туралы ДКК емдеу мекемесiнiң қорытындысы;
      3) тұлғаны кәуландыратын құжаттың  көшiрмесi;
      4) осы санатқа жататындығын растайтын құжаттардың көшiрмесi.
      4. Уәкiлеттi орган санаторлық-курорттық емдеуге жолдаманы  өтiнiш берген датаға сәйкес кезектiк тәртiпте  бередi.
      5. Мүгедектерге ауруына байланысты арнайы жағдайлар жасау қажет болғанда, олардың санаторлық-курорттық емделуi арнаулы санаторилерде ұйымдастырылуы мүмкiн. 
      6. Уәкiлеттi орган жыл сайын осы Ереженiң 2 тармағында көрсетiлген азаматтардың жекелеген санаттарына, олардың өтiнiшi және ДКК емдеу мекемелерiнiң ауру сипаттарына сәйкес санаториi, профилакториi немесе пансионаты көрсетiле отырып, берген қорытындысы негiзiнде санаторлық-курорттық емдеудi ұсыну қажеттiлiгiн айқындайды.

  3. Санаторлық-курорттық емдеудi қаржыландыру

      7. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес санаторлық-курорттық емдеу жөнiндегi қызметтердi сатып алуды қалыптасқан қажеттiлiкке байланысты жүргiзедi. 
      8. Осы Ереженiң 2 тармағында көрсетiлген азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емдеудi ұсынуды қаржыландыру облыстық бюджет қаржысынан осы мақсатқа бөлiнген қаражат шегiнде 06-2-256-003-105 "Мүгедектердi және ардагерлердi сауықтыру" шығыстардың бюджеттiк классификациялау коды бойынша жүргiзiледi.
      9. 2 тармақ 3 тармақшада көрсетiлген азаматтар санаттары үшiн санаторлық-курорттық емдеудi ұсынуды қаржыландыру облыстық бюджеттен осы мақсатқа бөлiнген қаржы шегiнде 06-2-256-003-102 "Санаторлық-курорттық емдеу жөнiндегi жеңiлдiктер" шығыстардың бюджеттiк классификациялау коды бойынша қосымша жүргiзiледi.

                    ______________________________________

Азаматтардың  жекелеген санаттарына
санаторлық-курорттық емдеу 
ұсыну ережесiне
қосымша

Солтүстiк Қазақстан облысының
жұмыспен қамтуды үйлестiру
және әлеуметтiк бағдарламалар
департаментi бастығына

ӨТІНІШ

ТЕГІ________________________________________________

АТЫ_________________________________________________

ӘКЕСІНІҢ АТЫ________________________________________

МӘРТЕБЕСІ __________________________________________

МЕКЕН-ЖАЙЫ__________________________________________

____________________________________________________

ТЕЛЕФОНЫ_____________________________________________

ТӨЛ ҚҰЖАТЫ НЕМЕСЕ ЖЕКЕ КУӘЛІГІ

номерi____________ (қашан, кiммен) _________________
______________________________________ берiлген

ТУУЫ ТУРАЛЫ КУӘЛІК

номерi_____________ (қашан, кiммен) _________________

______________________________________ берiлген

Маған  ________________________________________________
(пансионаттың, профилакторийдiң немесе санаторийдiң атауы)                                  
______________ айына
(айы көрсетiлсiн)
санаторлық-курорттық емделуге жолдама беруiңiздi сұраймын.

      Санаторлық-курорттық емдеуге мұқтаждық туралы емдеу мекемесiнiң ДКК-ның қорытындысын қоса беремiн.

ӨТІНІШ БЕРУ ДАТАСЫ         АРЫЗДАНУШЫНЫҢ ҚОЛЫ
______________________   __________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады