Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011.10.17 N 01.04-08/2964 хаты)
"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 Заңы 19 бабы 3 тармағына сәйкес және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2005 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылдың 14 сәуірдегі N 1551 Жарлығы негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтар 2005 жылдың қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
2. Облыстық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Петропавл қаласы мен аудандар әкіміне:
қорғаныс істері жөніндегі аудандар (қаланың) бөлімдері (басқармасы) арқылы аудан (қала) аумағындағы жедел әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін;
аудандық, қалалық шақыру комиссиясының құрамын бекітсін, мыналармен қамтамасыз етсін:
Аудандық (қалалық) шақыру комиссиясының жұмысы үшін қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер (басқарма) үй-жаймен;
шақыру комиссиясынан өту және әскерге аттандыру үшін азаматтардың қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерге (басқарма) ұйымдасқан түрде келулері, осы мақсаттар үшін құлақтандыру және әскерге шақырылғандарды іздестіру топтарын бөлуді;
автомобиль көлігімен және қажетті санда техникалық қызметкерлер бөлуді;
көрсетілген іс-шараларды орындауға байланысты шығындарды осы мақсаттарға бөлінген ассигнация шегінде жергілікті бюджет есебінен қаржыландыруды.
4. Денсаулық сақтау департаменті:
Петропавл қаласындағы облыстық жинау пунктіндегі медициналық комиссиясының жұмысын қамтамасыз етсін;
шақырылушыларды медициналық куәлендіру жөніндегі комиссия дәрігер-мамандармен, әсіресе тар саладағы мамандармен жинақтасын;
шақырту комиссиясымен жіберілген азаматтарды медициналық зерттеу үшін емдеу-профилактикалық мекемелерде орындар көздесін.
5. Облыстық ішкі істер департаменті мыналарды қамтамасыз етсін:
ішкі істер Департаменті, Петропавл қалалық басқарма және аудандық ішкі істер бөлімі басшыларының құрамынан лауазымды тұлғалары шақыру комиссиясының құрамына енгізуді;
азаматтарды шақыру кезеңінде қорғаныс істері жөніндегі аудандық, (қалалық) бөлімдермен (басқармамен) байланысты әрекеттер ұйымдастыруды;
әскерге шақырушыларды әскери бөлімдерге аттандыру және жіберу уақытында қоғамдық тәртіптік күзетті;
азаматтардың шақыру пункттеріне келуіне бақылау жүргізуді, шақырудан жасырынып қалуға жол бермеуді.
6. Петропавл қаласының әкімі облыстық жинақтау пунктінде шақырылушыларды азық-түлік және өнеркәсіптік тауарларды сатуды ұйымдастырсын.
7. Мәдениет департаменті шақыру пункттерінде көркем-өнерпаздар ұжымының өнерін және әскери-патриоттық тақырыптарға кинофильмдер көрсетуді ұйымдастырсын.
8. Туризм және спорт басқармасы облыстық жинақтау пунктінде спорттық-бұқаралық іс-шаралар, шақырылушылардың жалпы даярлығына тексеру ұйымдастырсын.
9. Қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.В.Развинге жүктелсін.
Облыс әкімі
Облыс әкімдігінің 2005 жылғы
27 қыркүйектегі N 230 қаулысына
қосымша
Облыстық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ
АМАНГЕЛДИЕВ |
- комиссия төрағасы, Солтүстік Қазақстан |
ПЕЛИХОВ |
- комиссия төрағасының орынбасары, |
Комиссия мүшелері: | |
---|---|
СҰЛТАНОВ |
- облыстық ішкі істер департаменті |
ЖАРАЯ |
- Оңтүстік Орал темір жолының бөлімше |
КРИВОШЕЕВА |
- облыстық аурухананың медбибісі, комиссия |