1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 60 жылдығы құрметiне арналған Астана және Москва қалаларындағы әскери парадқа қатысу үшiн Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсету Ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 321 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы Әділет басқармасынының 2005 жылғы 10 мамырда N 13-1-07 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі N 595 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 03.04.2013 N 595 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" N 148-ІІ Заңының 31-бабы 1-тармағындағы 14) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1173 қаулысымен бекiтiлген 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 60 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткiзу жөнiндегi iс-шаралар Жоспарының 3041-тармақтары негiзiнде, қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берiлген 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 60 жылдығы құрметiне арналған Астана және Москва қалаларындағы әскери парадқа қатысу үшiн Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсету Ережесi бекiтiлсiн.
      2. Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi(Н.Н.Кушталова) алушылардың жеке шоттарына қаражат аударуын әлеуметтiк көмектің тағайындау арқылы қамтамасыз етсiн.
      3. Петропавл қаласының қаржы басқармасы (Г.И.Дорофеева) қала бюджетiнде бекiтiлiп бөлiнген қаражат шегiнде әлеуметтiк көмегiн қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Т.Н.Құлжановаға жүктелсiн.

      Қала әкiмi

Қала әкiмдiгiнiң
2005 жылғы 21 сәуірдегі
N 321 қаулысымен бекiтiлген

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң
60 жылдығы құрметiне арналған Астана және Москва қалаларындағы
әскери парадқа қатысу үшiн Ұлы Отан соғысының қатысушылары
мен мүгедектерiне бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсету
Ережесi

      1. Осы Ережелер Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi (бұдан әрi - соғысқа қатысушылары) Астана және Москва қалаларындағы әскери парадқа қатысулары үшiн бiрыңғай түрiндегi киiм сатып алуға, жол жүру ақысын, мейманханаға және тамақтануға төлеу үшiн бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбiн айқындайды.
      2. Бiржолғы әлеуметтiк көмек, бекiтiлген делегаттар тобының тiзiмiне сәйкес соғысқа қатысушыларына көрсетiледi.
      3. Әлеуметтiк көмектiң мөлшерi делегация тобының (қосымша берiлген) жол жүру үшiн бекiтiлген тұтыну қаражаттарына сәйкес белгiленедi.
      4. Бiржолғы әлеуметтiк көмек төлеу, заңнамадағы белгiленген тәртiппен, алушылардың ашқан жеке шоттарына сомаларды аудару үшiн, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң берген ведомосiнiң негiзiнде, келiсiм шарт жасалған екiншi деңгейдегi банкiлер арқылы iске асырылады.
      5. Соғысқа қатысушыларға бiржолғы әлеуметтiк көмегiнiң қаржыландырылуы "Жергiлiктi органдардың шешiмi бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтiк көмек" 007-000 жiктеу қызметтiк коды бойынша iске асырылады.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан
соғысындағы Жеңiстiң 60 жылдығы
құрметiне арналған Астана және Москва
қалаларындағы әскери парадқа қатысу
үшiн Ұлы Отан соғысының қатысушылары
мен мүгедектерiне бiржолғы әлеуметтiк
көмек көрсету Ережесiне қосымша

1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңiстiң 60 жылдығын мейрамдау
үшiн Астана және Москва қалаларына делегацияның баруына
қажеттi қаржылардың Есептемесi


Бағасы
(мың
теңге)

Адам
саны

Тәулік
саны,
ары-бері
жол жүру

Сомасы
(мың
теңге)

Москва қ.

Костюм

Жейде

Туфли

Галстук

Бас киiм

Жиынтығы

Қонақ үйде тұру

Тамақтану

Жол-азық жиынтығы

Қала iшiнде көлiкпен жүру

Қалаға дейiн жол жүру

(ары және берi)

жиынтығы

Барлығы (Москва қ.)

Астана қ.

Костюм

Жейде

Туфли

Галстук

Бас киiм

Жиынтығы

Қонақ үйде тұру

Тамақтану

Жол-азық жиынтығы

Қала iшiнде көлiкпен жүру

Қалаға дейiн жол жүру (ары-берi)

жиынтығы

Барлығы (Астана қ.)

Бiр адамға шығын (Астана қ.)

8 адамға шығындардың жиынтығы

10,00

2,00

4,00

0,50

2,50

5,50

2,00

2,00

1,00

10,74

     10,0

2,0

4,0

0,5

2,5

  3,5

1,5

2,0

0,5
 

3,5

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

     7

7

7

7

7

7

7

7

7
 

7

5

5

5

2

          5

5

5
 

2

10,00

2,00

4,00

0,50

2,50

19,00

27,50

10,00

2,00

5,00

21,48

65,98

84,98

70,00

14,00

28,00

3,50

17,50

133,0

122,5

52,50

14,00

17,50

49,00

255,5

388,5
55,5

473,5

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады