Жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем ставкаларының мөлшерлерін бекіту туралы  

Күшін жойған

Атырау облыстық мәслихатының 2005 жылғы 30 қарашадағы N 263-ІІІ шешімі Атырау облыстық әділет Департаментінде 2005 жылғы 28 желтоқсанда N 2454 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы N 317-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 2010.03.31 N 317-IV шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 Су кодексінің 38 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес және облыстық әкімияттың 2005 жылғы 10 қарашадағы N 312 "Жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем ставкаларының мөлшерлерін бекіту туралы" ұсынылған қаулысын қарап, облыстық мәслихат XVII сессиясында шешім етті:
      1. Жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем ставкаларының мөлшерлері қосымшаға сай бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Облыстық мәслихат XVII сессиясының төрағасы
      Облыстық мәслихат хатшысы

Облыстық мәслихаттың   
2005 жылғы 30 қарашадағы  
N 263-III шешіміне қосымша 

Каспий теңізінің және Жайық, Ойыл, Сағыз, Ембі, Қиғаш өзендерінің бассейіндерінің жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем ставкаларының мөлшері

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Атырау облыстық маслихатының 12.07.2006 N 318-III шешімімен.

р/с

Арнайы су пайдалану түрі

Өлшем бірлігі

Төлем нормативтері (ставка)

1

Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер

тиын/текше.метр

4,31

2

Жылу энергетикасын қоса алғанда, өнеркәсіп

тиын/ текше.метр

12,23

3

Ауыл шаруашылығы

тиын/ текше.метр

3,45

4

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

тиын/ текше.метр

3,31

5 <*>

Балық шаруашылығы, су көздерінен балық аулайтын тұтынушылар

теңге/тонна

86,73

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады