Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.06.08 N 91 қаулысымен.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 540-бабына , "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы N 789 қаулысымен бекітілген Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережеге сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясы құрылсын (әрі қарай - Комиссия).
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы Ереже бекітілсін.
3. Комиссияның дербес құрамы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті сессиясында бекітуге енгізілсін.
4. "Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құру туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2003 жылғы 25 тамыздағы N 168 және "Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құру туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2003 жылғы 25 тамыздағы N 168 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2003 жылғы 31 қазандағы N 230 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.В.Гречухинге жүктелсін.
Облыс әкімі
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2005 жылғы
10 наурыздағы N 116
қаулысымен бекітілген
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын
қорғау жөніндегі облыстық комиссия туралы ереже
1. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтары мен қадағалаусыз қалуының профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау проблемаларының кешендi шешiлуiн iске асыруға бiрыңғай көзқарасты қалыптастыру мақсатында құрылған тұрақты қызмет ететiн орган болып табылады.
2. Комиссия Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі жанынан құрылған. Комиссияның дербес құрамы облыстық мәслихат сессиясымен бекітіледі.
3. Комиссия құрамы төрағадан (әлеуметтік салаға жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарынан), төрағаның орынбасарынан (iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасарынан), комиссияның 6-12 мүшелерiнен және облыстың білім департаментінің аппаратында штаттық лауазымды қызмет атқаратын комиссияның жауапты хатшысынан құрылады.
4. Комиссия кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтары мен қадағалаусыз қалуының профилактикасына, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға мүдделi iшкi iстер органдарының, бiлiм, мәдениет, денсаулық сақтау және өзге де ведомстволар өкiлдерiн бiрiктiредi.
5. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының
Конституциясы
, осы ереже мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар негiзiнде жүзеге асырады.
6. Комиссия өз қызметiнде жергiлiктi атқарушы орган алдында жауапты.
7. Комиссия қызметi:
1) заңдылық;
2) кәмелетке толмағандармен адамгершілiк қарым-қатынас;
3) кәмелетке толмағандарға, ата-анасына немесе оның заңды өкiлдерiне сыйласымды қарым-қатынас;
4) кәмелетке толмағандар, ата-анасы немесе оның заңды өкiлдерi туралы ақпараттың жариялауға жатпайтындығы;
5) кәмелетке толмағанның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мәселелерi бойынша оның ата-анасымен немесе заңды өкiлдерiмен өзара iс-қимыл жасау;
6) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзғаны үшiн лауазымды тұлғалар мен азаматтардың жауапкершiлiгі қағидаттарына негiзделедi.
2. Комиссияның негiзгi міндеттері мен функциялары
8. Облыстық комиссияның негiзгi міндеттері мыналар болып табылады:
1) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтары мен қадағалаусыз қалуының алдын алу, оларды тудыратын себептердi жою, балалар мен жасөспiрiмдердi орналастыру және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі iс-шараларды әзiрлеу;
2) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтары мен қадағалаусыз қалуының профилактикасы мәселелерiн шешуде балаларды тәрбиелеумен және оқытумен айналысатын органдар мен ұйымдар жұмысының оң тәжiрибелерiн қорыту және тарату, оларға ұйымдастыру-әдiстемелiк көмек көрсету;
3) әдiлет органдары мен өзге де ұйымдарда белгiленген тәртiппен тiркелген қоғамдық бiрлестiктермен, дiни ұйымдармен, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының, қадағалаусыз қалуының және өзге де қоғамға қарсы iс-қимылдарының профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мәселелері жөніндегі азаматтармен өзара iс-қимыл жасау;
4) аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) комиссиялардың қызметiне бағыт беру, оларға әдiстемелiк көмек көрсету;
5) кәмелетке толмағандарды дене және психикалық күш көрсетуден, кемсiтудiң барлық нысандарынан, жыныстық және өзге де пайдаланудан, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы әрекет жасауға тартудан қорғауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау.
9. Комиссияның негiзгi функциялары мыналар болып табылады:
1) кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының, қадағалаусыз қалуының және қоғамға қарсы әрекеттерiнiң профилактикасы жөніндегі жұмыстың жай-күйi туралы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуы анықталған фактiлерi туралы мүдделi ведомстволарға жүйелі хабарлап отыру;
2) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау, кәмелетке толмағандардың денсаулығын сақтау, олардың өмiр сүру, тәрбие, бiлiм беру, еңбек пен демалыс жағдайларын жақсарту жөніндегі облыстық бағдарламаларды әзiрлеу, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде олардың iске асырылуын бақылауды жүзеге асыру;
3) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының, қадағалаусыз қалуының және қоғамға қарсы әрекеттерiнiң профилактикасы жөніндегі облыстық бағдарламаларды әзiрлеуге қатысу;
4) есеп беретiн комиссиялардың қабылдаған шешiмдерi мен қаулыларының негiздiлiгiн тексеру. қабылданған шешiмдердi негiзсiз деп таныған жағдайда тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарға оларды жою туралы ұсыныстармен шығады;
5) комиссия қаулыларында және ұсынымдарында көрсетiлген кемшiлiктер мен бұрмалаушылықтарды жою жөніндегі шараларды орындамаған немесе қабылдамаған жағдайларда лауазымды тұлғаларды белгіленген тәртiппен жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгiзу;
6) кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының, қадағалаусыз қалуының және қоғамға қарсы әрекеттерiнiң профилактикасы жөніндегі жұмыстың жай-күйi туралы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзудың анықталған фактiлерi туралы мүдделi органдарды хабардар ету;
7) кәмелетке толмағандардың қылмыстар, құқық бұзушылықтар және қоғамға қарсы әрекеттердi жасауға ықпал ететiн себептер мен шарттарды анықтау, талдау және оларды жою жөніндегі шараларды белгiлеу;
8) бiлiм беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, орналасу саласындағы заңдылықтардың бұзылуын жою жөніндегі ұсынымдарды енгiзу туралы ұсыныстарды құзыреттi органдарға жіберу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтау;
9) бiлiм беру ұйымдарында олардың меншiк түріне қарамастан кәмелетке толмағандармен тәрбие, құқық, бiлiм беру және сауықтыру жұмыстарының жай-күйiн зерттеу.
10. Комиссия мақсаттар мен міндеттерді іске асыру барысында мыналарға құқылы:
1) Комиссияның жұмысына қажетті құжаттар мен материалдарды атқарушы және құқық қорғау органдарынан сұрау және алу;
2) мемлекеттік атқарушы және құқық қорғау органдары қызметкерлерін Комиссияның жұмысына тарту;
3) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтары мен қадағалаусыз қалуының алдын алу, оларды тудыратын себептерді жою, балалар мен жасөспірімдерді орналастыру және олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мәселелері жөніндегі жағдайды Комиссия отырыстарында қарау;
4) Комиссия қызметіне қатысты мәселелер бойынша атқарушы және құқық қорғау органдарының есептерін тыңдау;
5) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтары мен қадағалаусыз қалуының алдын алу, оларды тудыратын себептерді жою, балалар мен жасөспірімдерді орналастыру және олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мәселелері жөніндегі жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу.
4. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
11. Комиссия отырысы қажетiне қарай, бiрақ кемiнде тоқсанына бір реттен кем емес өткiзiледi.
12. Комиссия отырыстарында қаралатын материалдарды әзірлеуді комиссияның жауапты хатшысы жүзеге асырады. Комиссия қажет болса iстерi қаралатын тұлғалардың оқу, жұмыс орны немесе тұрғылықты жерi бойынша көшпелi отырыс өткiзе алады.
13. Комиссия отырысы егер оған, комиссия мүшелерiнiң жалпы санының жартысынан кем емесі қатысса заңды болып табылады. Комиссия отырысына оның төрағасы не оның тапсырмасы бойынша комиссия төрағасының орынбасары төрағалық жасайды.
14. Комиссия отырысында Комиссияның жауапты хатшысы хаттама жүргiзедi.
15. Комиссия отырысының хаттамасына төрағалық етушi және оның жауапты хатшысы қол қояды.
16. Комиссия шешімі отырысқа қатысушы комиссия мүшелерiнiң жай көпшiлiк дауысымен қабылданады. Егер дауыстар тең бөлiнген жағдайда комиссия отырысына төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады.
17. Комиссия шешіміне төрағалық етушi және оның жауапты хатшысы қол қояды, комиссия отырысында жарияланады және шағымдануға белгiленген мерзiм өткеннен кейiн, заңды күшiне енедi.
18. Комиссия шешімі тиiстi мемлекеттiк органдарға және ұйымдарға жiберiледi.
Облыстың білім департаментінің директоры