2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 13/3-III "Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлем жүргізудің тәртібі туралы Ережелерді бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Риддер қалалық мәслихатының ХХ сессиясының N 20/7-III 2005 жылғы 14 қыркүйектегі шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Риддер қалалық Әділет басқармасында 2005 жылғы 3 қазаңда N 5-4-4 тіркелді. Күші жойылды - Риддер қалалық мәслихатының 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 26/8-III шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Риддер қалалық мәслихатының 2006.04.21 N 26/8-III шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 13/10-ІІІ "2005 жылға Риддер қаласының бюджеті туралы" Риддер қалалық мәслихатының шешімі негізінде, Риддер қаласы әкімі енгізген ұсынысқа сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 13/3-ІІІ "Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлем жүргізудің тәртібі туралы Ережелерді бекіту туралы" қалалық мәслихаттың ХІІІ сессиясы шешімінің бекітілген қосымшасының 1 тармағына (2005 жылы 24 қаңтарда тіркелді, N 2144, "Лениногорская правда" газетінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы N 4 нөмірінде басылды) келесі толықтырулар енгізілсін:
       1) 2 бөлім "Төлем алу құқығы" толықтырылсын:
      мына мазмұндағы 6.1 тармақшасымен: "Үйлердің қасбетін жөндеуге кеткен шығындарға байланысты бір жолғы материалдық көмек алуға келесі қорғауға алынған халықтың әлеуметтік жігі құқылы: зейнеткерлік төлем, мемлекеттік әлеуметтік және арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар, кірісі 15 АЕК аспайтын еңбекақысы төмен азаматтар санаты, кірісі 15 АЕК аспайтын көпбалалы, тұрмысы орта жанұялар.";
      мына мазмұндағы 6.2 тармақшасымен: "Рудный Алтай", "Казахстанская правда", "Егемен Қазақстан", "Дидар", "Лениногорская правда", "Вечерка" газеттеріне жазылуды ресімдеуге материалдық көмек алушылар қатарына Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері, Риддер қаласының ардагерлер белсенділері жатады.";
       2) 3 бөлім "Ай сайынғы және бір жолғы әлеуметтік төлем жүргізудің шарттары мен тәртібі" 8 тармақ келесі мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:
      3) үйлердің қасбетін жөндеуге кеткен шығындарға байланысты бір жолғы материалдық көмек алуға талапкер адамдар келесі құжаттарды ұсынады:
      көмек бөлу туралы өтініш;
      СТТК көшірмесі;
      жеке басының куәлігінің көшірмесі;
      зейнеткерлік куәлік көшірмесі;
      кірісті растайтын құжат (еңбекақы туралы анықтама, жұмыссыздығы есепке алынғандығы туралы анықтама);
      үй кітапшасының көшірмесі;
      4) газетке жазылуды ресімдеуге материалдық көмек алушы талапкер адамдар келесі құжаттарды ұсынады:
      өтініш;
      Ұлы Отан соғысының ардагері, мүгедегі куәлігінің көшірмесі, зейнеткерлік куәлік;
      жеке басының куәлігінің көшірмесі;
      үй кітапшасының көшірмесі.";
       3) 4 бөлім "Әлеуметтік төлемдер мөлшері" 12 тармақ келесі мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:
      4) үйлердің қасбетін жөндеуге кеткен шығындарға байланысты Риддер қаласының әлеуметтік қорғалған тұрғындарына бір жолғы материалдық көмек жұмсалған шығындар шегіндегі сомамен анықталады, бір отбасыға 10000 (он мың) теңгеден артық емес;
      5) газетке жазылуды ресімдеуге материалдық көмек көрсету- бір жылға жазылу сәтіне мерзімдік басылымға жазылу бағасының мөлшерімен анықталады.";
       4) 8 бөлім "Қарттар және мүгедектер Күніне материалдық көмек көрсету туралы" 17 тармақ келесі мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:
      4) Қарттар Күні және мүгедектер Күніне арналған Риддер қаласы әкімінің және мәслихат хатшысының қабылдауына шақырылған адамдарға әлеуметтік төлем мөлшері-әрқайсысына 1000 (бір мың) теңге.";
       5) Келесі мазмұндағы "Үйлердің қасбетін жөндеуге кеткен шығындарға байланысты Риддер қаласының әлеуметтік қорғалған халық жіктеріне бір жолғы материалдық көмектің төлемі мен тарату тәртібі" 8.1 бөлімі қосылсын:
      "Біржолғы материалдық көмек Риддер қаласының тұрақты әлеуметтік қорғалған халық жіктеріне көрсетіледі.
      Біржолғы материалдық көмек қатаң мақсатты болып табылады және бір жанұяға бір сомадан төленеді.
      Төлем орындалған жұмыстар фактілері бойынша жүргізіледі.";
       6) Мына мазмұндағы "Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, Риддер қаласының ардагерлер белсенділеріне "Рудный Алтай", "Казахстанская правда", "Егемен Қазақстан", "Дидар", "Лениногорская правда", "Вечерка" газеттеріне жазылуды ресімдеуге материалдық көмек көрсету" 8.2 бөлімі қосылсын:
      "Қалалық ардагерлер Кеңесі Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің және Риддер қаласының ардагерлер белсенділерінің қалалық ардагерлер Кеңесі төрағасының қолы қойылған тізімін ұсынады. Берілген тізімге сәйкес, газетке жазылуды ресімдеуге материалдық көрсету белгіленеді."

      Сессия төрағасы

      Қалалық мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады