Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 1212 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық Әділет басқармасында 2005 жылғы 8 тамызда № 5-9-3 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2024 жылғы 26 тамыздағы № 389 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 26.08.2024 № 389 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-11 Заңының 31-бап 1-тармақ 17) тармақшасына, "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жыл 2 шілдедегі № 267-І Заңына, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жыл 20 сәуірдегі № 377 Жарлығына сәйкес, Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудан әкімдігі жанында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі қүрылсын (бұдан былай- Үйлестіру кеңесі) (1 қосымша).

      2. Үйлестіру кеңесі туралы Ереже бекітілсін (2 қосымша).

      3. Үйлестіру кеңесінің дербес қүрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітілуге ұсынылсын.

      4. "Қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жедел штаб қүру туралы" Глубокое ауданы әкімінің 2002 жыл 8 сәуірдегі № 735 шешімінің күші жойылған деп танылсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Глубокое ауданының әкімі С. Плотников

  Глубокое аудандық әкімдіктің
"20" шілде 2005 ж.
№ 1212 қаулысына 1 қосымша

Қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесінің дербес құрамы

   1.

Плотников

Глубокое ауданының әкімі,


Сергей Викторович

үйлестіру кеңесінің төрағасы

2.

Зорина

Глубокое ауданы әкім аппаратының


Татьяна Анатольевна

кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жүмыс бөлімінің бастығы

3.

Даембаев

Глубокое ауданының прокуроры


Омиржан Бабыкенович

(келісім бойынша)

4.

Имамбаев

Глубокое 'аудандық ішкі істер бөлімінің


Сайранбек Курмашевич

бастығы (келісім бойынша)

5.

Прыгов

Глубокое өңірі бойынша салық


Николай Геннадьевич

полициясы бастығының орынбасары (келісім бойынша)

6.

Джамбулатов Адиль

ҚР ҰҚКД ШҚО бойынша қызметкері


Маратович

(келісім бойынша)

7.

Адильбаева

Глубокое аудандық әділет


Роза Касиевна

басқармасының бастығы (келісім бойынша)

      Глубокое ауданы әкім аппаратының басшысы А. Баймульдинов

  Глубокоө аудандық әкімдіктің
"20" шілде 2005 ж.
қаулысына № 1212 2 қосымша

Қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі (бүдан былай - Үйлестіру кеңесі) аудан әкімдігі жанындағы кеңес беру-кеңесші орган болып табылады, атқарушы, ауданның қүқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресті үйымдастыру мәселөлері жөніндегі қызметтерін ведомоствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету үшін қүрылды.

      2. Үйлестіру кеңесі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстант Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс және аудан әкімдіктерінің, облыс және аудан әкімдерінің актілеріне, басқа да норматвитік қүқықтық актілерге, сонымең қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары

      3. Үйлестіру Кеңесінің негізгі міндеттері мен функциялары болып табылатындар:

      1) ауданның атқарушы, қүқық қорғау және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті үйымдастыру мәселелері женіндегі қызметтерін ведомоствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету, қүқық тәртібі мен заңдылықты нығайту;

      2) аудандағы криминогенді жағдайды талдау, қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі іс-шараларды қарау және бекіту;

      3) ауданның атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарының қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілері және басқа да облыстық және аудандық әкімдіктің, облыс және аудан әкімдерінің нооматвитік қүқықтық актілерінің орындалу жағдайын талдау;

      4) атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың ауданда құқық тәртібі мен заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды дайындау.

3. Үйлестіруші кеңестің өкілеттіктері

      4. Өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру барысында Үйлестіру кеңесінің мынадай құқықтары бар:

      1) заңнамамен бекітілген тәртіпте атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардан жұмысқа қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұрауға және алуға;

      2) кеңес отырысына материалдар дайындау үшін атқарушы, құқық қорғау және ауданның басқа да мемлекеттік органдары қызметкерлерін (келісім бойынша) тартуға құқылы;

      3) өз отырыстарында атқарушы, құқық қорғау органдарының қылмысқа қарсы күрееті ұйымдастырудың жай-күйін қарастыруды;

      4) алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 05.05.2006 № 1665 қаулысымен;

      5) қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігін арттыру үшін ұсыныстарды дайындауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 4 тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 05.05.2006 № 1665 қаулысымен.

4. Үйлестіру Кеңесінің жұмысын ұйымдастыру

      5. Үйлестіру кеңесі жоспарға сәйкес жұмыс істейді. Оның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кем дегенде бір рет өткізіледі. ,

      Үйлестіру кеңесінің отырыстарын төраға, немесе оның тапсырмасы бойынша Үйлестіру кеңесінің бір мүшесі өткізеді және олар мүшелердің жартысынан көбі қатысқан уақытта заңды деп есептеледі. Үйлестіру кеңесінің отырыстарының қорытындылары хаттамамен ресімделеді.

      6. Қажеттілігіне қарай Үйлестіру кеңесі қарастырған мәселелер бойынша шешімдер (ұсыныстар) қабылдайды. Үйлестіру кеңесінің шешімдері отырысқа қатысып отырған Үйлестіру кеңесі мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.

      Дауыс тең болған жағдайда шешуші дауыс төрағалық етушінікі болып табылады.

      7. Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы аудан әкімінің кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі болып табылады.

      Глубокое ауданы әкім Аппратының басшысы А.Баймульдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады