Тұрмысы төмен азаматтарға үйдi ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшiн тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережелерiн бекiту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының XIII сессиясының 2005 жылғы 18 ақпандағы N 13/11-III шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 14 наурызда N 2220 тіркелді. Күші жойылды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2008 жылғы 12 ақпандағы N 6/3-IV шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2008.02.12 N 6/3-IV шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабы негiзiнде Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Ұсынылып отырған тұрмысы төмен азаматтарға үйдi ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшiн тұрғын үй жәрдемақыларын беру ережелерi бекiтiлсiн.
       2. Осы шешiм Шығыс Қазақстан облысының әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
      3. Осы шешiм 2005 жылғы 1 сәуiрден бастап iске енгiзiледi.

      Сессия төрағасы

      Аудандық мәслихат хатшысы

Шемонаиха аудандық мәслихаттың
2005 жылғы 18 ақпандағы N 13-11/III
шешiмiмен бекiтiлдi

Тұрмысы төмен азаматтарға үйдi ұстауға және
үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшiн тұрғын үй
жәрдемақыларын беру
ЕРЕЖЕЛЕРI

1. Жалпы ережелер

      1. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16-сәуiрдегi N 94-1 Заңына сәйкес тұрмысы төмен отбасыларына үйдi ұстауға (жеке меншiк тұрғын үйдi ұстаудан тыс) және үй-коммуналдық қызметтi тұтынуға ақы төлеу үшiн көмек көрсетiледi.
      2. Тұрғын үй көмегi, өздерi жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) бiр рет берiледi.
      3. Тұрғын үй көмегi сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдiң иелерi немесе оның жалдаушысы (жалгерлерi) болып табылатын тұрмысы төмен отбасыларына берiлетiн атаулы әлеуметтiк көмектiң бiр нысаны болып табылады. Тұрғын үйдi бiр әкiмшiлiк-аумақтық пункт шегiнде жалдайтын адам, осы пункттiң басқа мекен-жайы бойынша тiркелуi мүмкiн.
      4. Тұрғын үй көмегi отбасының тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызметтердi тұтынуға ақы төлеудiң нақты шығындары осы мақсаттарға шектi жол берiлетiн шығыстар үлесiнен артқанда тағайындалады.
      Сондағы отбасының нақты шығындары әлеуметтiк нормалардың шегiнде есепке алынады.
      5. Тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызмет тұтынуға ақы төлеу үшiн шектi жол берiлетiн шығыс үлесi отбасының жиынтық кірiстерiнiң 20 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
      6. Әлеуметтiк нормалар және тұрғын үй көмегiн есептеуге алынған үйдi ұстау шығындарының мөлшерiн, коммуналдық қызметтердi (сумен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету, канализация, электрмен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару және лифттердi қамту) Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгiленедi.
      7. Тұрғын үй көмегiн есептеу үшiн алынатын барлық коммуналдық қызметтерге және олардың өзгерiстерiне арналған тарифтердi қызмет көрсетушiлер бередi.

2. Тұрғын үй көмегiн беру шарттары

      8. Жеке меншiгiнде 1 бiрлiктен артық тұрғын үйi (үйi, пәтерi) бар немесе тұрғын үйi жайын жалға (жалдауға) берген тұлғалар тұрғын үй көмегiн алу құқығынан айырылады.
      9. Жұмысқа жарамды, бiрақ жұмыс iстемейтiн, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтiн және жұмыспен қамту қызметiнде тiркелмеген адамдары бар отбасылардың тұрғын үй көмегiн алуға құқығы жоқ, соның iшiне 50 жасқа толғандар (жынысына қарамастан), 1-шi, 2-шi топтағы мүгедектердi күтетiндер, 16 жасқа дейiнгi мүгедек-балаларды күтетiндер, 80 жастан асқандар немесе 7 жасқа дейiнгi баланы тәрбиелеумен шұғылданатындар кiрмейдi. Жедел әскери қызметтегi әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейдi.
      10. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсiз бас тартса және өз еркiмен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегiн алу құқығынан алты айға айырылады.
      11. Тұрғын үй көмегiне өтiнген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшiн берешектерi бар отбасыларына қарыздарына қарамастан, ережеге сәйкес, есепке тiркеген сәттен бастап ағымды төлемдердi тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады. Бұрыңғы қарыздарының өтелуi коммуналдық қызмет көрсетушiлермен келiсiледi және бақылауға алынады. Ескi қарыздың жойылуы коммуналдық қызмет көрсетушiлермен келiсiлiп бақыланады.
      12. Тоқсан сайын тұрғын үй көмегiн алушыларға қайта аттестациялауды жүргiзу керек. Бұл орайда, отбасының табыстары туралы анықтамалар және өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның коммуналдық қызмет ақыларының төленгенi туралы түбiртектер қоса берiледi.
      13. Егер отбасының ортажандық жиынтық табыстары кедейшiлiк белгiсiнiң мөлшерiнен төмен болса, үйдi ұстауға және үй-коммуналдық қызметке төлеу үшiн тұрғын үй көмегiн белгiлегенде, жиынды табыс Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген уақыттың тиiстi мерзiмiнде бiр есептiк көрсеткiшке кемидi.
      14. Жалғыз басты зейнеткерлердiң, мүгедектердiң, бiрге тұратын жалғыз басты зейнеткерлердi, бiрге тұратын зейнеткер мен мүгедектi және жалғыз тұратын ерлi-зайыпты зейнеткерлермен мүгедектердiң, сондай-ақ құрамында жетiм балалары бар отбасыларының құқыларын белгiлеп тұрғын үй көмегiн есептегенде, оларды қолдау мақсатында, табыстары Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген уақыттың тиiстi мерзiмiнде екi есептiк көрсеткiшке (кемидi) реттеледi.
      15. Орталықтан жылитын жеке үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларының тұрғын үй көмегiн есептегенде, қызмет көрсетушiлердiң тұрғын үй көлемi әлеуметтiк нормасының шегiнде жоғалтылған жылудың төлемi тарифтерде есепке алынсын.
      16. Тұрғын үй көмегi үйлерiне жылту мезгiлiнде жылу мен ыстық су қосылмаған және пәтерлерi жергiлiктi жылыту приборлары арқылы жылитын пәтер иелерiне тағайындалады. Электрқуатының төлемi жылтумен ыстық судың, тұрғын үй көлемi нормасымен қызмет көрсетушiнi тарифтерге сәйкес, төлемiне эквиваленттi есептелсiн.
      17. Тұрғын үй көмегiне үмiткер отбасыларына тұрғын үй көмегiн тағайындаған кезде мына шектеулер есепке алынады:
      1) үмiткер заңды некеде болса, бiрақ зайыбы сол мекенжай бойынша тiркелмеген болса, ерлi-зайыптылардың екеуiнiң де табыстары есептеледi және жәрдемақы өтiнгеннiң мекенжайы бойынша тағайындалады. Бұл мекенжай бойынша тiркелмеген зайыбы немесе жұбайы өзiнiң тұрғылықты жерiнен жәрдемақы алмайтынын дәлелдеу керек;
      2) үмiткер заңды некеде болса, бiрақ зайыбының қазiргi тұрғылықты жерiн бiлмесе (көрсетпесе) және құқық қорғау органдарына бұл туралы мәлiмдемесе, жәрдемақы тағайындалмайды;
      3) үмiткердiң үйiне 18 жасқа дейiнгi бала тiркелген жағдайда, ол баланың ата-анасының табыстары туралы анықтаманы тапсыру қажет;
      4) үмiткер оқу орнының күндiзгi бөлiмiнде оқып, жалғыз тұрған жағдайда ата-анасының табыстары және олардың тұрғын үй жәрдемақыларын алулары туралы анықтаманы тапсыруы қажет.
      18. Тұрғын үй жәрдемақыларын алуға үмiткер немесе алушы отбасылар соны ресiмдеу үшiн мынадай құжаттарды қоса берумен өтiнiш ұсынады: төлқұжат немесе жеке куәлiк (тоқсан сайын), тұрғын үй құқығын куәландыратын құжат (жылына 1 рет, келесi жылдың аттестациясына дейiн) немесе шаруашылық кiтабынан алынып жазылған әкiмияттан анықтама, жеке үй құрылыстарында тұратын, жеке меншiк тұрғын үйге растайтын құжаттары жоқ тұлғаларға, отбасы құрамы туралы анықтама (жылына туралы анықтама бiр рет, келесi жылдың аттестациясына дейiн немесе басқа өзгерiстерге дейiн), отбасы табыстары (еңбекақы, жәрдемақы, зейнетақы, т.б) (жергiлiктi ауылдық тұрғындарға) (тоқсан сайын, талаптану айдың алдындағы 3 айға), жасқа байланысты зейнетақы (жылына бiр рет және тоқсан сайынғы аттестациядан өту, сақтау кiтапшасы немесе жеткiзу есеп қағазы), қызмет көрсетушiден тұрғын үйге ақы төлеу туралы анықтама (жылына бiр рет, келесi жылдың аттестациялауына немесе тарифтер өзгергенге дейiн), барлық коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы түбiртектер (тоқсан сайын, талаптану айдың алдындағы 3 айға), жұмыссыздарға жұмыспен қамту бөлiмiмен анықтама (тоқсан сайын). Жеке меншiк шаруашылық туралы ақпарат (жылына 1 рет немесе басқа өзгерiстер болса).
      19. Тапсырылған құжатттардың қорытындысы бойынша отбасына шарт-өтiнiш жасалады, оған тұрғын үй көмегiнiң есептелуi енгiзiледi. Шарт-өтiнiшке отбасы өкiлiнiң немесе отбасының атынан сөйлейтiн тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады.
      20. Уәкiлеттi органның шешiмi тұрғын үй жәрдемақысын берудiң негiзi болып табылады.
      21. Электрмен қамту, газбен қамту, канализация, жылумен қамту, қоқыс шығару, лифттердi қамту, тұрғын үйдi пайдалану бойынша шығындар талаптану тоқсанның алдындағы тоқсанның орташа түбiртектерi бойынша есептеледi.
      22. Тұрғын үй көмегi өтiнiш және басқа құжаттар тапсырылған айдан бастап тағайындалады, кезектi тоқсан сайынғы қайта аттестациядан белгiлi себептерге байланысты өтпегендерден басқа (өтiнушiнiң ауыруы, курорт, шипажайда емделуiне, туысқандарының ауыруына немесе қайтыс болуына байланысты тұрғылықты жерде болмаса).
      23. Тұрғын үй көмегiн алушы және тұрғын үй көмегi қызметтерi жасаған тiзiм бойынша тоқсан сайынғы аттестациядан өтетiн отбасылар, құжаттарды дайындағанға қарамастан, тұрғын үй жәрдемақысын тоқсанға алады. Тоқсандық ағымында графиктер бойынша қайта аттестациядан өтпеген отбасыларға тұрғын үй көмегi өтiнген айдан бастап тағайындалады.
      24. Тұрғын үй көмегiн алушылар 10 күн iшiнде тұрғын үй қызметiне өз тұрғын үйiнiң меншiк формаларының, отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының, статусының өзгеруi туралы хабарлауы керек.
      25. Берiлген ақпараттық шындығы және дұрыстығы туралы күмән пайда болса, тұрғын үй көмегiн тағайындайтын қызметкер отбасы табыстары, тұрғын үй шығындары және отбасы мүшелерiнiң шындық тұрғылықты жерлерi туралы ақпаратты талап етуге құқылы. Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге мiндеттi. Талаптанған құжаттар берiлмеген жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметiне алдын ала жалған мәлiметтер берген үшiн жалгерлер (немесе меншiк үйдiң иесi) құқықсыз алған сомасын өз еркiмен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртiбiнде.

3. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi

      26. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi жалгердiң (меншiк үй иесiнiң) өтемдiк шараларымен қамтамасыз етiлетiн нормалар шегiнде үйдi ұстауға және коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шектi жол берiлетiн шығыс деңгейiнiң айырымы ретiнде есептеледi.
      Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерiн белгiлеу формуласы:
      П=МСПЖ-(t x д)
      П-тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi,
      МСПЖ-тұрғын үйге ең жоғары әлеуметтiк төлем,
      t-тұрғын үй төлемiне нормативтiк шығын (=20%),
      д-отбасының жиынтық табыстары.

4. Тұрғын үй жәрдемақыларына үмiткер азаматтардың
(отбасыларының)
жиынтық табысын есептеу

      27. Жиынтық табыстарының есептелуi отбасының табысын белгiлеуге тұрғын үй жәрдемiн тағайындайтын уәкiлеттi органымен жүргiзiледi.
      28. Отбасының жиынтық табыстарын есептегенде табыстардың барлық түрлерi тұрғын үй көмегiне өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда нақтылы алынған тұрғын үй және мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек, қайтыс болғандарды жерлеу мен бала туғандағы бiр жолғы төлемдерден басқа есепке алынды. Отбасының табысында алынған микронесиелердiң сомалары есептелiнбейдi. Жиынтық табыс өтiнушiнiң алған табыстары жөнiнде ұсынылған мәлiметтердiң негiзiнде есептеледi.
      29. Ауылдық жердiң тұрғындары үшiн үлкен мал басынан бiр бас болғандағы жеке қосалқы шаруашылықтан табыс (саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетiн табыстарды қоспағанда) тоқсанда үш есептiк көрсеткiш мөлшерiнде есепке алынады, үлкен мал басынан екi және одан көп бас болғанда бес есептiк көрсеткiш мөлшерiнде есепке алынады.
      30. Қалалардың және қалалық үлгiдегi кенттердiң тұрғындары үшiн үлкен мал басынан бiр бас болғандағы жеке қосалқы шаруашылықтан табыс (саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетiн табыстарды қоспағанда саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетiн табыстарды қоспағанда) тоқсанда екi есептiк көрсеткiш мөлшерiнде есепке алынады, үлкен мал басынан екi және одан көп бас болғанда төрт есептiк көрсеткiш мөлшерiнде есепке алынады.
      31. Жиынтық табысты есептегенде өнiмдi жасқа толмаған үй малы есепке алынбайды. Жеке кәсiптiк iстерден, мүлiктiк және жер пайынан түсетiн табыстар мәлiмделген болып саналады.
      32. Құжаттамалы расталған табыстар түрлерiне еңбектен, зейнетақыдан, жәрдемақыдан және алименттерден түсетiн табыстар жатады. Отбасының жиынтық табысы алименттердiң есебiнсiз саналады, егер де төлеушi:
      1) жұмыс iстемейтiн және жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органда жұмыссыз болып тiркелмеген (анықтама ұсынылғанда);
      2) бас бостандығынан айыру жерлерiнде немесе уақытша ұстау изоляторында болған (анықтама ұсынылғанда);
      3) туберкулез немесе психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), емделу-еңбек профилакторияларында (ЕЕП) емделуде немесе есепте болған (анықтама ұсынылғанда);
      4) Қазақстан Республикасында тиiстi келiсiмi жоқ мемлекеттерге тұрғылықты жерлерге тұруға кеткен (анықтама ұсынылғанда) жағдайларда.
      33. Iшкi iстер органдары тұрғылықты жерлерi бойынша тiркеген адамдарды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 12.07.2000 жылғы N 1063 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының тұрғындарын құжаттандыру және тiркеу ережелерiне сәйкес есептеу керек. Отбасының жиынтық табыстары өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға отбасының барлық мүшелерiнiң және осы мекен жай бойынша тiркелген басқа да адамдардың табыстарын қосу жолымен есептеледi.
      34. Бiр тоқсаннан көп мерзiмге төленетiн бiр жолғы төлемдi алғанда, жиынтық табыста барлық табыс жиынын табыс алған айлар санына бөлуден алынып және 3 айға көбейтiлген табыстық жиыны есепке алынады. Егер отбасы мүшелерiнiң бiреуi табыс есептелетiн тоқсаннан аз уақыт жұмыс iстесе, отбасының жиынтық табысында, оның осы тоқсанда жұмыс iстеген уақыттың табысы есепке алынады.
      35. Отбасының орта жандық табыстары 1 айға отбасының тоқсандық жиынтық табыстарын отбасы мүшелерiнiң санына және 3 айға бөлу жолымен есептеледi.
      36. Өтiнiш берушiлер ұсынған мәлiметтердiң сенiмдiлiгiне заңда белгiленген тәртiпте жауапты.

5. Өздерi жылытатын жеке меншiк үй құрылыстарында тұратын
тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй
жәрдемақыларын ұсыну тәртiбi

      37. Өздерi жылытатын жеке меншiк үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй жәрдемақысы үй иесiне, жалдаушылар тұрғын үйдi жалдауға келiсiм-шарт болғанда берiледi.
      38. Өздерi жылытатын, жеке меншiк үй құрылыстарында тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегiн есептеу үшiн көмiрдiң әлеуметтiк шығын жалпы ауданның 1 шаршы метрiне 129,8 кг, бiрақ бiр үйге 5000 кг аспауы керек.
      39. Көмiрдiң құнын есептеу үшiн қала бойынша облыстық статистика басқармасының ұсынуымен орташа бағаны қолданамыз және тоқсанның соңғы айында есептелген әлеуметтiк көмек мүмкiншiлiгiне қараймыз (желтоқсан, наурыз, маусым, қыркүйек).
      40. Өздерi жылытатын жеке меншiк үй құрылыстарында қолданылып басқа жанармай түрлерiнiң құны мен шығын нормасын, тұрғын үй көмегiн есептегенде көмiрдiң құны мен шығын нормасына эквиваленттi деп есептеу керек.
      41. Көмiрдi сатып алу мезгiлiне байланысты көмiрдiң тұрғын үйге барлық әлеуметтiк шығын нормасын (көмiрдiң құнын) өтiнiш жасаған тоқсанына қарай әлеуметтiк көмек есептегенде үш айға аламыз.
      42. Тұрғын үй көмегiн есептегенде жеке меншiк үй құрылысында тұратын отбасының табысын өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеу керек.
      43. Заң бойынша бiр үйдiң бiрнеше иесi болса, онда тұрғын үй көмегi әр үй иесiне (жанұяға) тағайындалады, сонымен қатар бiр үйге әлеуметтiк көмiр нормасы әр отбасына, алып отырған ауданына байланысты сайма сай бөлiнедi.
      44. Электр қуаты, газ, су, қоқыс шығындарын өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы квитанциялардың орташаларын есепке алу керек.

6. Тұрғын үй көмегiнiң қаржыландыруы мен төлемi

      45. Тұрғын үй көмегi бюджет қаражаттарының есебiнен көрсетiледi. Тұрғын үй көмегi ақшалай төлем ретiнде тағайындалады.
      46. Тұрғын үй көмегiнiң төлемi Қазпошта арқылы жүргiзiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады