Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қоры туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының 2006 жылғы 15 ақпандағы N 55 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 13 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4116. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 474-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының 24.12.2021 № 474-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатына БҰЙЫРАМЫН:

      1. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қоры құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қоры туралы ереже бекітілсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төраға орынбасары Талғат Амангелдіұлы Момышевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Төраға



  Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология
комитеті Төрағасының
2006 жылғы 15 ақпандағы
N 55 бұйрығымен бекітілді

Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық
актілер мен стандарттардың мемлекеттік қоры туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қоры (бұдан әрі - Мемлекеттік қор) өзімен техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, стандарттар және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) мен олардың құзыреттілігі шегінде мемлекеттік органдар қағаз жеткізушілерде және (немесе) электронды нысанда қалыптастыратын, ақпараттың ресми көздері негізінде, қазіргі уақыттық ақпараттық технологиялар негізінде ақпараттық-іздестіру аппаратымен көкейкестендірілетін басқа да құжаттардың жүйелендірілген қорларының жиынтығын білдіреді.

      2. Мемлекеттік қорды уәкілетті орган және олардың құзыреттілігі шегінде мемлекеттік органдар қалыптастырады.

      3. Мемлекеттік қор:

      1) ақпараттық ресурстардың пайдаланушылар, оның ішінде шетелдіктер үшін қол жеткізімділігін қамтамасыз ету;

      2) техникалық реттеу, метрология және сәйкестікті бағалау саласында ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру;

      3) халықаралық, мемлекетаралық (өңірлік) және ұлттық стандарттарды басым пайдалану;

      4) техникалық реттеу саласында ғылым мен техниканың қазіргі уақыттық жетістіктерін пайдалануға көмектесу мақсатында құрылады.

      4. Мемлекеттік қор құрамына мына құжаттар кіреді:

      1) ресми жарияланған техникалық регламенттер;

      2) ресми жарияланған халықаралық стандарттар;

      3) ресми жарияланған өңірлік стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, ережелер мен стандарттау жөніндегі ұсыныстар;

      4) ресми жарияланған Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері;

      5) ресми жарияланған мемлекетаралық стандарттар;

      6) ұйым стандарттары;

      7) Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсыныстары;

      8) шет мемлекеттердің ұлттық стандарттары, ұйым стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, ережелер, стандарттау жөніндегі нормалар мен ұсыныстары;

      9) уәкілетті органның ресми ақпараттық басылымдары - каталогтар, сілтемелер, тізбелер, бюллетеньдер, мемлекеттік басқару органдар, халықаралық, мемлекетаралық (өңірлік) және ұлттық ұйымдардың балама басылымдары;

      10) техникалық реттеу, метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы өзге де құжаттар.

      5. Мемлекеттік қор:

      1) Мемлекеттік қордың ақпараттық ресурстарын қалыптастыруды, оларды сақтау, жүйелеу, орталықтан есепке алу (тіркеу), көкейкестілендіруді ұйымдастыруды;

      2) техникалық реттеу және метрология субъектілеріне Мемлекеттік қор құжаттары туралы және оларды ресми шығаруды жүзеге асыратын органдар туралы ақпаратты ұсынуды;

      3) техникалық реттеу және метрология субъектілеріне техникалық регламенттерді, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік стандарттарды ұсынуды;

      4) халықаралық, мемлекетаралық (өңірлік) және стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау жөніндегі шет мемлекеттердің ұлттық органдарымен ақпараттық өзара әрекет, оның ішінде құжаттармен алмасуды;

      5) халықаралық, мемлекетаралық (өңірлік) және стандарттау жөніндегі шет мемлекеттердің ұлттық органдарымен Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық, мемлекетаралық (өңірлік) стандарттар мен шет мемлекеттердің ұлттық стандарттарын тарату құқығын алу туралы келісімшарттар бекітуді қамтамасыз етеді.

      6. Өзінің құзыреттілігі шегінде техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, стандарттар мен өзге де құжаттарды қабылдаған мемлекеттік органдар нормативтік құжаттар қорын қалыптастырып жүргізеді.

      7. Әр стандарттың және өзге де стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттың қабылданғаны туралы ақпарат және оның бір данасын құжатты әзірлеген тұлға техникалық реттеу саласындағы нормативтік құжаттардың бірыңғай ақпараттық-библиографиялық дерекқорын қалыптастыру үшін уәкілетті органға жібереді.

      8. Әзірленіп жатқан және қабылданған техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік, ұлттық, халықаралық, өңірлік стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, ұйым стандарттары мен стандарттау жөніндегі ұсыныстар туралы ресми ақпарат, сондай-ақ көрсетілген құжаттар мемлекеттік құпия және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерден басқасына пайдаланушылардың қолы жетімді болуы керек.

      9. Мемлекеттік қордың ақпараттық жүйесі:

      1) ақпараттар мен құжаттарды жинау, беру және ұсыну мәселелерінде жаңа ақпараттық технологияларды қолданып ақпарат пен құжаттамаларды шұғыл тарату және алуды;

      2) экономика саласының талаптары шегінде (пәндік, библиографиялық, толық мәтіндік, терминологиялық, өнім, процестер және қызметтер көрсетудің қауіпсіздігіне қойылатын міндетті талаптар номенклатурасы бойынша) тұтынушылардың кез келген қажеттіктерін қанағаттандыра алатын, бағдарламалық қамтамасыз етуге ие электрондық қорлар мен дерекқорларды құруды;

      3) халықаралық және өңірлік ақпараттық кеңістікке, оның ішінде ИСОНЕТ ақпараттық желісі арқылы шетелдік қорлар мен банктерге ұштастыруға көмектесуді;

      4) ақпаратпен алмасудың ақпараттық желілерін құру арқылы техникалық реттеу саласында Қазақстан Республикасының ішкі ақпараттық кеңістігін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

      10. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қорын қалыптастыру мен дамытуды қаржыландыру көздері республикалық бюджет қаражаты, сондай-ақ заңнамамен тиым салынбаған өзге де көздер болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады