Ескерту: Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарғын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы
N 222
(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
_________________________________________
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 41-бабының 4-тармағына және "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы, 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 217 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2316 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 тамыздағы N 285 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2479 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 486 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2664 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 379 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3428 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 385 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3943 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережеде:
5-тараудың атауында "екінші деңгейдегі бір банктегі салымдарға" деген сөздерден кейін ", бір заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесіне" деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақта:
бірінші бөліктегі "екінші деңгейдегі бір банктегі салымдарға" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ бір заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесіне" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) бір заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесіне Қордың меншікті активтерінің 15%-нен астам емес мөлшерде болуы тиіс.".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы қабылданған күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.