Ескерту: Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы
N 222
(қолданысқа енгізілу тәртібін
3-тармақтан
қараңыз) қаулысымен.
______________________________________
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 127
қаулысына
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2316 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 19 мамыр - 1 маусымда жарияланған, N 11, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2479 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2316 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 127 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 4 тамыздағы N 285 қаулысымен енгізілген толықтыруларымен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
3-тармақтың 1) тармақшасында:
5 деген сан алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Ереженің 5-тармағында белгіленген қаржылық тұрақтылық көрсеткішін 2004 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін;";
1-қосымшасында:
2-тармақтағы "Қордың зейнетақы активтерінің миллиард теңгемен көрсетілген ағымдағы құны" деген сөздер "Қордың миллиард теңгемен көрсетілген таза зейнетақы активтерінің сомасы, тұтас саннан кейін екі ондық белгімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес келетін" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2 тармақтармен толықтырылсын:
"3-1. Қор активтерінің құны Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына және Қордың есеп саясатына сәйкес есепке алынады және қайта бағаланады.
3-2. Құны шетел валютасымен көрсетілген активтер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағаланады.";
5-тармақтағы "Қордың зейнетақы активтерінің миллиард теңгемен көрсетілген ағымдағы құны" деген сөздер "Қордың миллиард теңгемен көрсетілген таза зейнетақы активтерінің сомасы, тұтас саннан кейін екі ондық белгімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "бес" деген сөз "он екі" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Таза зейнетақы активтерінің ағымдағы құны кемінде 1 миллиард теңгені құрайтын Қор резервтік капиталды қалыптастырмайды.";
9-тармақтағы "баланстық" деген сөз "ағымдағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
15-тармақта:
"К
1
және К
2
коэффициенттері" деген сөздер "нормативтер" деген сөзбен ауыстырылсын;
"бірінші" деген сөз "бесінші" деген сөзбен ауыстырылсын;
"жұмыс күні" деген сөздерден кейін "және есепті айдың соңғы күнтізбелік күн үшін есепті айдан кейінгі айдың бесінші күніне дейін" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының барлық мүдделі бөлімшелеріне және жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) және Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау басқармасы (Жерембаев Е.Е.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз басылымдарында жариялауды қамтамасыз ететін болсын.