Ескерту: Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы
N 222
(қолданысқа енгізілу тәртібін
3-тармақтан
қараңыз) қаулысымен.
_____________________________________
Бағалы қағаздар рыногы мен жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы Ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 127 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2316 тіркелген, 2003 жылғы 19 мамыр - 01 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған, N 11), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 тамыздағы N 285 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2479 тіркелген), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 486 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2664 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған қаулымен бекітілген жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы Ережеде:
1 тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"1 тарау. "Меншікті капиталдың жеткіліктілігі" 1 пруденциалдық нормативі";
1 және 2 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Меншікті капиталдың жеткіліктілігі күнделікті мәні 1-ден кем болмайтын К
1
коэффициентімен сипатталады. К
1
коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:
К
1
= (ӨА-М)/ МКЕАМ, онда
ӨА - осы Ереженің 2 тармағымен белгіленген өтімді және басқа активтер;
М - міндеттемелер;
МКЕАМ - формула бойынша есептелген меншікті капиталдың ең аз мөлшері:
МКЕАМ = 0,15 * ОАІӨ, онда
ОАЖК - мына формула бойынша есептелген орташа алынған жалпы кіріс:
Е соңғы үш қаржы жылы ішінде алынған таза кіріс
ОАЖК = -------------------------------------------------
3
ОАЖК көлемі жыл сайын есепті жылдың бірінші айының бірінші күніндегі жағдай бойынша қаржылық есеп беруге сәйкес есептеледі және қажет болған жағдайда түзету жыл сайынғы аудиттен кейін жасалады.
2. Қордың мынадай активтері өтімді активтер ретінде танылады:
1) ақша, оның ішінде:
баланс бойынша активтер сомасының он процентінен аспайтын кассадағы ақша;
екінші деңгейдегі банктердің шоттарындағы ақша;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар;
3) Бағалы қағаздары қор биржасының ең жоғары санаты бойынша ресми тізіміне енгізілген немесе еншілес резидент банктер болып табылатын, ықтимал шығындар резервін шегере отырып, "А" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "А2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша)(негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) санаттарынан кем емес ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді жеке рейтингісі бар резидент емес енші беруші банктердің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдары;
4) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес эмиссияланғандарды қоса)(негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескеріп);
5) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, қор биржасының ең жоғары санаты бойынша (қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ипотекалық облигациялардан және "Қазақстан Даму Банкі" АҚ облигацияларынан басқа) (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) ресми тізіміне енгізілген Қорға қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
6) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) Қазақстан Республикасы ұйымдарының ипотекалық облигациялары;
7) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ облигациялары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып);
8) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, кредиттік рейтингтің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ваа2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) кем емес рейтингтік бағасы бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып);
9) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, "ВВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ваа2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) кем емес рейтингтік бағасы бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып);
10) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, борыштық бағалы қағаздарының "ВВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ваа2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) кем емес рейтингтік бағасы бар шетелдік эмитенттердің акциялары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып);
11) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып);
12) тазартылған қымбат металдар;
13) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, қор биржасының ең жоғары санатынан кейінгі (қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ипотекалық облигациялардан басқа) (елу процентке кемітілген негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) ресми тізіміне енгізілген Қорға қатысы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар) Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
14) қызметкерлер мен басқа тұлғалардың дебиторлық берешегін шегере отырып, Қорға қатысы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын (ықтимал шығындар резервін шегере отырып) ұйымдардың дебиторлық берешегі, оның ішінде:
қызметкерлердің және басқа тұлғалардың шарт талаптары бойынша үш күннен аспайтын мерзімге кешіктірілген, баланс бойынша активтер сомасының жиырма процентінен аспайтын мөлшердегі дебиторлық берешекті шегергендегі Қорға қатысы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық берешегі (ықтимал шығындар резервін шегере отырып);
Қордың балансы бойынша жасалған шарт талаптарын қызметкерлердің және басқа тұлғалардың тоқсан күннен аспайтын мерзімге кешіктірген елу процентке кемітілген активтер сомасының он процентінен аспайтын мөлшердегі дебиторлық берешекті шегергендегі Қорға қатысы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық берешегі (ықтимал шығындар резервін шегере отырып);
Қордың мынадай активтері өтімді активтер ретінде танылады:
1) Қордың баланстық құны бойынша негізгі құрал-жабдықтары, оның ішінде:
Қордың балансы бойынша активтер сомасының он процентінен аспайтын мөлшердегі жеке меншікте немесе тұрақты жер пайдалану құқығындағы жер;
Қордың балансы бойынша активтер сомасының он процентінен аспайтын мөлшердегі жеке меншіктегі үйлер мен ғимараттар;
Қордың балансы бойынша активтер сомасының бес процентінен аспайтын мөлшердегі жеке меншіктегі машиналар және жабдықтар;
2) Қордың балансы бойынша активтер сомасының он процентінен аспайтын мөлшердегі баланстық құны бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету.";
2 тараудың аты мынадай редакцияда жазылсын: "2 тарау. ""Жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі" 2-ші пруденциалдық норматив";
3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жоғары өтімді активтер жеткіліктілігі күнделікті мәні 1-ден кем болмайтын К
2
коэффициентімен сипатталады. К
2
коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:
К
2
= ЖӨА(МКЕАМ*0,3), мұнда
ЖӨА - жоғары өтімді активтер.";
10 тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) екінші деңгейдегі бір банк эмиссиялаған бағалы қағаздарға, сондай-ақ осы банктегі салымдарға - мынадай талаптарды сақтаған жағдайда Қордың меншікті активтерінің көлемінің 10 %-ін:
осы инвестициялардың мөлшері банктің меншікті капиталы мөлшерінің 35%-нен аспауы тиіс (қаржы агенттіктері мен ипотекалық облигациялардан басқа). Егер банктің борыштық бағалы қағаздары "ВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ва3" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) кем емес рейтингтік бағасы болған жағдайда, осы инвестициялардың мөлшері меншікті капиталдың 50%-нен аспауы тиіс;
екінші деңгейдегі бір банк эмиссиялаған бағалы қағаздарға инвестициясының мөлшері, банктің меншікті капиталының мөлшерінен 25%-тен аспауы керек (қаржы агенттіктері мен ипотекалық облигацияларды қоспағанда);
екінші деңгейдегі бір банктің салымдарындағы инвестициялар мөлшері банктің меншікті капиталының мөлшерінен 25%-тен аспауы керек;
Зейнетақы және меншікті активтер есебінен Қордың инвестициясындағы банктің дауыс беруші акциясы осы банктің жалпы дауыс беруші акциялары санының 10 %-нен кем болмауы тиіс;";
3) тармақшада "осы эмитенттің капиталындағы" деген сөздерден кейін "қаржы агенттіктерін, ипотекалық облигацияларды және мемлекеттің немесе қаржы агенттігінің кепілдігімен шығарылған облигацияларды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшаның бірінші абзацындағы "10" деген сан "15" деген санмен ауыстырылсын;
15 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Қор ай сайын уәкілетті органға осы айдың бесінші жұмыс күні Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей есепті айдан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша К
1
және К
2
коэффициенттері мәнінің есебін және осы Ереженің 4 және 5 қосымшаларының нысандары бойынша пруденциалдық нормативтерінің есебі үшін қосымша мәліметтерді ұсынады.
К
1
және К
2
коэффициенттері мәнінің есебі қағазға шығарылып ұсынылады. Пруденциалдық нормативтер есебінің қағазға шығарылған және электронды нұсқада беріледі. Пруденциалдық нормативтер есебінің қағазға шығарылған және электронды нұсқадағы қосымша мәліметтері дәлме-дәл болуы тиіс.
Есептегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен көрсетіледі. Оларды жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден аз сома нөлге теңестіріліп дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеден асатын сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.";
мына мазмұндағы 19 тармақпен толықтырылсын:
"19. Қор бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асырған жағдайда пруденциалдық нормативтерді есептеу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылады.";
мына мазмұндағы 1 және 2 қосымшалармен толықтырылсын:
"Жинақтаушы зейнетақы қорларына
арналған пруденциалдық
нормативтер туралы
Ереженің 1 қосымшасы
200__ жылғы "___" ___________ жағдай бойынша
__________________________________________________________________
(қордың атауы)
К 1 және К 2 коэффициенттері мәнінің есебі
N |
Көрсеткіш атауы |
Баланс
|
Ескерілетін
|
Есеп айырысу құны |
1. |
Ақша - барлығы (1.1. - 1.2
|
|
|
|
1.1. |
Баланс бойынша активтер
|
|
100% |
|
1.2. |
Екінші деңгейдегі
|
|
100% |
|
2. |
Қазақстан Республикасының
|
|
100% |
|
3. |
Бағалы қағаздары қор
|
|
100% |
|
4. |
Ықтимал шығындар резервін
|
|
100% |
|
5. |
Ықтимал шығындар резервін
|
|
100% |
|
6. |
Ықтимал шығындар резервін шегере отырып, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы ұйымдарының ипотекалық облигациялары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) |
|
100% |
|
7. |
Ықтимал шығындар резервін шегере отырып, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ облигация-
|
|
100% |
|
8. |
Ықтимал шығындар резервін шегере отырып, халықаралық
|
|
100% |
|
9. |
Шетел эмитенттерінің, ықтимал шығындар резервін шегере отырып, "ВВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттік-
|
|
100% |
|
10. |
Ықтимал шығындар резервін шегере отырып, борыштық бағалы қағаздарының "ВВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттік-
|
|
100% |
|
11. |
Ықтимал шығындар резервін шегере отырып, халықаралық
|
|
100% |
|
12. |
Тазартылған қымбат металдар |
|
100% |
|
13. |
Ықтимал шығындар резервін шегере отырып, қор биржасының ең жоғары санатынан кейінгі (қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ипотекалық облигациялардан басқа) (елу процентке кемітілген негізгі қарыз бен есептел-
|
|
50% |
|
14. |
Қызметкерлер мен басқа
|
|
|
|
14.1. |
Қызметкерлер мен басқа тұлғалардың шарт талабы бойынша үш күн мерзімге кешіктірілген Қордың балансы бойынша активтер сомасының жиырма процентінен аспайтын мөлшердегі дебиторлық берешегін шегергендегі Қорға қатысты аффили-
|
|
100% |
|
14.2. |
Қызметкерлер мен басқа тұлғалардың шарт талабы бойынша тоқсан күн мерзімге кешіктірілген Қордың балансы бойынша активтер сомасының он процентінен аспайтын, елу процентке кемітілген мөлшердегі дебиторлық берешегін шегергендегі Қорға қатысты аффили-
|
|
50% |
|
15. |
Қордың баланс құны бойынша
|
|
|
|
15.1. |
Қордың балансы бойынша активтер сомасының он процентінен аспайтын мөлшердегі жеке меншік-
|
|
100% |
|
15.2. |
Қордың балансы бойынша
|
|
100% |
|
15.3. |
Қордың балансы бойынша
|
|
100% |
|
16. |
Қордың балансы бойынша
|
|
100% |
|
17. |
Өтімді активтер жиынтығы
|
|
|
|
18. |
Баланс бойынша міндеттемелер |
|
100% |
|
19. |
Меншікті капиталдың ең аз мөлшері (МКЕАМ) |
|
|
|
20. |
К
1
"Меншікті капиталдың
|
|
|
|
21. |
Жоғары өтімді активтер
|
|
|
|
22. |
К
2
"Жоғары өтімді
|
|
|
|
23. |
Баланс бойынша активтер
|
|
|
|
Басшы ______________________________
(аты-жөні) (қолы)
Бас бухгалтер ______________________________
(аты-жөні) (қолы)
Мөр орны;
Жинақтаушы зейнетақы
қорларына арналған
пруденциалдық
нормативтер туралы
Ереженің 2 қосымшасы
200__ жылғы "___" ___________ жағдай бойынша
__________________________________________________________________
(қордың атауы)
Пруденциалдық нормативтерді есептеуге арналған
қосымша мәліметтер
(мың теңге)
Белгі N |
Көрсеткіш атауы |
Баланс бойынша сомасы |
1 |
2 |
3 |
8001 |
Жеке меншіктегі немесе тұрақты жер пайдалану
|
|
8002 |
Жеке меншіктегі үйлер және ғимараттар |
|
8003 |
Жеке меншіктегі машиналар немесе жабдықтар |
|
8004 |
Басқа да негізгі құрал-жабдықтар |
|
8005 |
Қызметкерлер мен басқа тұлғалардың шарт талабы бойынша үш күн мерзімге кешіктірілген дебиторлық берешегін шегергендегі Қорға қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық берешегі (ықтимал шығындар резервін шегере отырып) |
|
8006 |
Қызметкерлер мен басқа тұлғалардың шарт талабы бойынша тоқсан күн мерзімге кешік-
|
|
8007 |
Басқа дебиторлық берешек (ықтимал шығындар резервін шегере отырып) |
|
8008 |
Тазартылған қымбат металдар |
|
8009 |
Бағдарламалық қамтамасыз ету |
|
8010 |
Басқа материалдық емес активтер |
|
8011 |
Ықтимал шығындар резервін шегере отырып, қор биржасының ең жоғары санаты бойынша (қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ипотекалық облигациялардан және "Қазақстан Даму Банкі" АҚ облигацияларынан басқа) (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) ресми тізіміне енгізілген Қорға қатысы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары; |
|
8012 |
Ықтимал шығындар резервін шегере отырып, қор биржасының ең жоғары санатынан кейінгі (қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ипотека-
|
|
8013 |
Қазақстан Республикасы ұйымдарының басқа
|
|
Басшы ______________________________
(аты-жөні) (қолы)
Бас бухгалтер ______________________________
(аты-жөні) (қолы)
Мөр орны".
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енеді.
3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің барлық мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін.
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға