Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 127 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 26 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2316. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарғын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 222 қаулысымен

      Ескерту: Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарғын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы  N 222  (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
________________________________________________________

     Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеудi жетiлдiру мақсатында және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
     1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.
     2. Осы қаулы күшiне енген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп танылсын.
     3. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
     1) 2004 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi мерзiмде қаржылық тұрақтылық көрсеткiштерiн Ереженiң 2, 4 және 9-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес келтiрсiн; Ереженің 5-тармағында белгіленген қаржылық тұрақтылық көрсеткішін 2004 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін;
     2) осы қаулы күшiне енген күннен бастап үш айдың iшiнде бiр эмитенттiң мемлекеттiк емес бағалы қағаздарына, екiншi деңгейдегi бiр банктегi салымдарға инвестициялардың және кассадағы ақша қалдығының мөлшерiн Ереженiң 10 және 12-тармақтарының талаптарына сәйкес келтiрсiн.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 486  қаулысымен .
     4. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
     1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
     2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және жинақтаушы зейнетақы қорларына жiберсiн.
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.
     6. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.

      Ұлттық Банк
     Төрағасы

Қазақстан Республикасының Ұлттық  
Банкi Басқармасының "Жинақтаушы  
зейнетақы қорларына арналған    
пруденциалдық нормативтер туралы 
ереженi бекiту туралы" 2003 жылғы 
21 сәуiрдегi N 127 қаулысына   
1-қосымша            

  Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық
нормативтер туралы ереже

     Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының  41-бабының  4-тармағын орындау мақсатында әзiрленген және жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрі - Қор) сақтауға мiндеттi пруденциалдық нормативтердi белгiлейдi.
       Ескерту: Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы N 413   қаулысымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан   қараңыз ).

  1 тарау. "Меншікті капиталдың жеткіліктілігі" 1 пруденциалдық нормативі

      Ескерту: Тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 379   қаулысымен .

     1. Меншікті капиталдың жеткіліктілігі күнделікті мәні 1-ден кем болмайтын К 1  коэффициентімен сипатталады. К 1  коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:
                    К 1  = (ӨА-М)/ МКЕАМ, онда

     ӨА - осы Ереженің 2 тармағымен белгіленген өтімді және басқа активтер;
     М - міндеттемелер;
     МКЕАМ - формула бойынша есептелген меншікті капиталдың ең аз мөлшері:
                    МКЕАМ = 0,15 * ОАІӨ, онда

     ОАЖК - мына формула бойынша есептелген орташа алынған жалпы кіріс:
               Е соңғы үш қаржы жылы ішінде алынған таза кіріс
      ОАЖК  = -------------------------------------------------
                            3

     ОАЖК көлемі жыл сайын есепті жылдың бірінші айының бірінші күніндегі жағдай бойынша қаржылық есеп беруге сәйкес есептеледі және қажет болған жағдайда түзету жыл сайынғы аудиттен кейін жасалады.
      Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 379   қаулысымен .

     2. Қордың мынадай активтері өтімді активтер ретінде танылады:
     1) ақша, оның ішінде:
     баланс бойынша активтер сомасының он процентінен аспайтын кассадағы ақша;
     Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің шоттарындағы ақша;
     "А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктер шоттарындағы ақша; 
     2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар;
     3) Бағалы қағаздары қор биржасының ең жоғары санаты бойынша ресми тізіміне енгізілген немесе еншілес резидент банктер болып табылатын, ықтимал шығындар резервін шегере отырып, "А" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "А2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша)(негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) санаттарынан кем емес ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді жеке рейтингісі бар резидент емес енші беруші банктердің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдары;
     3-1) ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы "А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктердегі салымдар (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып); 
     4) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес эмиссияланғандарды қоса)(негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескеріп);
     5) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, қор биржасының ең жоғары санаты бойынша (қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ипотекалық облигациялардан және "Қазақстан Даму Банкі" АҚ облигацияларынан басқа) (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) ресми тізіміне енгізілген Қорға қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
     6) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) Қазақстан Республикасы ұйымдарының ипотекалық облигациялары;
     6-1) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, Қазақстан Республикасы ұйымдарының инфрақұрылымдық облигациялары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып);
     7) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ облигациялары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып);
     8) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, кредиттік рейтингтің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ваа2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) кем емес рейтингтік бағасы бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып);
     9) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, "ВВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ваа2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) кем емес рейтингтік бағасы бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып);
     10) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, борыштық бағалы қағаздарының "ВВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ваа2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) кем емес рейтингтік бағасы бар шетелдік эмитенттердің акциялары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып);
     11) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып);
     11-1) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып) шетел мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған рыноктарында айналыста жүретін, "ВВ"-ден ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингтік бағасы бар немесе Қазақстан Республикасының "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "А" рейтингтік бағасы бар Қорға қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары және шетел мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған рыноктарында айналыста жүретін, "ВВ"-ден ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингтік бағасы бар немесе Қазақстан Республикасының "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "А" рейтингтік бағасы бар Қорға қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының борыштық бағалы қағаздары;
     12) тазартылған қымбат металдар;
     13) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, қор биржасының ең жоғары санатынан кейінгі (қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ипотекалық облигациялардан басқа) (елу процентке кемітілген негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) ресми тізіміне енгізілген Қорға қатысы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар) Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
     13-1) ықтимал шығындар резервтерін шегере отырып (елу процентке азайтылған) ашық және/немесе аралық инвестициялық пай қорларының пайлары;
     14) қызметкерлер мен басқа тұлғалардың дебиторлық берешегін шегере отырып, Қорға қатысы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын (ықтимал шығындар резервін шегере отырып) ұйымдардың дебиторлық берешегі, оның ішінде:
     қызметкерлердің және басқа тұлғалардың шарт талаптары бойынша үш күннен аспайтын мерзімге кешіктірілген, баланс бойынша активтер сомасының жиырма процентінен аспайтын мөлшердегі дебиторлық берешекті шегергендегі Қорға қатысы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық берешегі (ықтимал шығындар резервін шегере отырып);
     Қордың балансы бойынша жасалған шарт талаптарын қызметкерлердің және басқа тұлғалардың тоқсан күннен аспайтын мерзімге кешіктірген елу процентке кемітілген активтер сомасының он процентінен аспайтын мөлшердегі дебиторлық берешекті шегергендегі Қорға қатысы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық берешегі (ықтимал шығындар резервін шегере отырып);
     Қордың мынадай активтері өтімді активтер ретінде танылады:
     1) Қордың баланстық құны бойынша негізгі құрал-жабдықтары, оның ішінде:
     Қордың балансы бойынша активтер сомасының он процентінен аспайтын мөлшердегі жеке меншікте немесе тұрақты жер пайдалану құқығындағы жер;
     Қордың балансы бойынша активтер сомасының он процентінен аспайтын мөлшердегі жеке меншіктегі үйлер мен ғимараттар;
     Қордың балансы бойынша активтер сомасының бес процентінен аспайтын мөлшердегі жеке меншіктегі машиналар және жабдықтар;
     2) Қордың балансы бойынша активтер сомасының он процентінен аспайтын мөлшердегі баланстық құны бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету.
      Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 379   қаулысымен ,   2005 жылғы 29 қазандағы N 385   қаулысымен , 2006 жылғы 27 мамырдағы N 122 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)  қаулысымен .

      2-1. Зейнетақы активтері бойынша кірістілікті ең аз деңгейден төмен емес алуды қамтамасыз ету мақсаттары үшін Қор күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша Қордың номиналды кірістілігінің көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы айырманы дербес есептейді.
       Ескерту: 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы N 413   қаулысымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан   қараңыз ).

      2-2. Қордың номиналды кірістілігінің көрсеткіші Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту туралы" 2005 жылғы 26 қарашадағы N 412  қаулысына  (бұдан әрі - N 412 қаулы) сәйкес есептелген К 2  номиналды кіріс коэффициентімен сипатталады.
       Ескерту: 2-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы N 413   қаулысымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан   қараңыз ).

      2-3. Тиісті кезең үшін кірістіліктің ең аз мәні барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін N 412 қаулының  16-тармағымен  белгіленген кірістіліктің осы кезеңдегі орташа номиналды кіріс коэффициентінен ауытқуының төменгі шегіне тең болатын жалпы өлшемді білдіреді.
       Ескерту: 2-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы N 413   қаулысымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан   қараңыз ).

      2-4. Күнтізбелік жылдың аяғында Қорда оның номиналды кірістілігінің көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасында теріс айырма болған жағдайда, Қор осы айырманы тиісті ақша сомасын кастодиан банктегі Қордың инвестициялық шотына аудару арқылы меншікті капитал есебінен өтейді.
       Ескерту: 2-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы N 413   қаулысымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан   қараңыз ).

      2-5. Кірістіліктің ең аз мәні мен К 2  коэффициенті арасындағы теріс айырманы болдырмау мақсаттары үшін Қор кастодиан банктегі инвестициялық шотқа аударатын сома N 412 қаулының  17-тармағына  сәйкес есептеледі.
      Кірістіліктің ең аз мәні мен К 2  коэффициенті арасындағы теріс айырманы болдырмау үшін Қор өтейтін сома есеп айырысу жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін кастодиан банктегі инвестициялық шотқа аударылуы тиіс.
       Ескерту: 2-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы N 413   қаулысымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан   қараңыз ).

      2-6. Қор кірістіліктің ең аз мәні мен К 2  коэффициенті арасындағы теріс айырманы өтеу сомасы аударылған күннен кейінгі күн ішінде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) кастодиан банктің растауымен осы соманың аударылғаны туралы ақпаратты жібереді.
       Ескерту: 2-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы N 413   қаулысымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан   қараңыз ).     

  2 тарау. "Жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі"
2-ші пруденциалдық норматив

      Ескерту: Тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 379   қаулысымен .

     3. Жоғары өтімді активтер жеткіліктілігі күнделікті мәні 1-ден кем болмайтын К 2  коэффициентімен сипатталады. К 2  коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:
                     К 2  = ЖӨА(МКЕАМ*0,3), мұнда
     ЖӨА - жоғары өтімді активтер.
      Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 379   қаулысымен .

     3-1. Қор активтерінің құны Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына және Қордың есеп саясатына сәйкес есепке алынады және қайта бағаланады.
      Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 486  қаулысымен .

     3-2. Құны шетел валютасымен көрсетілген активтер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағаланады.
      Ескерту. 3-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 486  қаулысымен .

     4. <*>
      Ескерту: 4-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 379   қаулысымен .

  3-тарау. "Резервтiк капитал"
3-пруденциалдық норматив

      Ескерту: 3-тарау алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 379   қаулысымен .

  4-тарау. "Меншiктi активтер есебiнен инвестициялар"
4-пруденциалдық норматив

      Ескерту: 4-тарау алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 379   қаулысымен .

  5-тарау. "Бiр эмитенттiң мемлекеттiк емес бағалы
қағаздарға, екiншi деңгейдегi бiр банктегi салымдарға,
бір заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесіне
инвестициясы және кассадағы ақша қалдығы" 
5-пруденциалдық норматив

       Ескерту: 5-тараудың атауына өзгерту енгізіліді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 67   қаулысымен .

     10. Меншiктi активтердi инвестициялау кезiнде осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылуы мүмкiн бiр эмитенттiң мемлекеттiк емес бағалы қағаздарға, екiншi деңгейдегi бiр банктегi салымдарға, сондай-ақ бір заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесіне Қор инвестициясының жиынтық мөлшерi мынадай мәндерден аспауы керек:
     1) екiншi деңгейдегi бiр банк шығарған бағалы қағаздарға, сондай-ақ осы банктегi салымдарға - Қордың меншiктi активтерi жалпы көлемiнiң 10%-i,
     бiрақ осы банктiң меншiктi капиталы мөлшерiнiң 25%-нен аспауы тиiс және Қордың зейнетақы мен меншiктi активтер есебiнен банктiң дауыс берушi акцияларына инвестициялары осы банктiң дауыс берушi акцияларының жалпы санының он процентiнен аз болмаған жағдайда;
     2) екiншi деңгейдегi банктiң және екiншi банк болып табылмайтын, банктiң аффилиирленген тұлғаларының бағалы қағаздарына, сондай-ақ осы банктегi салымдарға - Қордың меншiктi активтерi жалпы көлемiнiң 10%-i,
     осы тармақтың 1) тармақшасының екiншi абзацында, 3) тармақшасының екiншi абзацында және 4) тармақшасының екiншi абзацында белгiленген шектеулердi сақтау шартымен;
     3) екiншi деңгейдегi банк болып табылмайтын эмитенттiң облигациясына - Қордың меншiктi активтерi жалпы көлемiнiң 10%-i,
     бiрақ осы эмитенттiң қаржы агенттіктерін, ипотекалық облигацияларды және мемлекеттің немесе қаржы агенттігінің кепілдігімен шығарылған облигацияларды қоспағанда меншiктi капиталы мөлшерiнiң 25%-нен  немесе осы эмитенттiң бiр эмиссиясы облигацияларының жалпы көлемiнiң 25%-кен аспауы тиiс (ол көрсетiлген шаманың қайсысы неғұрлым аз болып табылуына байланысты);
     4) екiншi деңгейдегi банк болып табылмайтын эмитенттiң акциясына - Қордың меншiктi активтерi жалпы көлемiнiң 15%-i,
бiрақ осы эмитент дауыс беруші акцияларының жалпы санының 10%-нен кем болмауы;
     5) бір заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесіне Қордың меншікті активтерінің 15%-нен астам емес мөлшерде болуы тиіс.
      Ескерту: 10-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 тамыздағы N 285   қаулысымен ,  ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 379   қаулысымен ,  2006 жылғы 25 ақпандағы N 67   қаулысымен , 2006 жылғы 27 мамырдағы N 122 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)  қаулысымен .  

     11. Бiр эмитенттiң мемлекеттiк емес бағалы қағаздарға, екiншi деңгейдегi банктегi салымдарға Қор инвестициясының жиынтық мөлшерiн есептеген кезде:
     1) Қазақстан Республикасының резидентi - банктiң (эмитенттiң) меншiктi капиталы банк қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне немесе акционерлiк қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заң актiлерiне не бағалы қағаздар сауда-саттығын ұйымдастырушылар ұсынған листинг рәсiмдерiне сәйкес баспасөз басылымдарында жарияланған оның соңғы тоқсандық балансы негiзiнде айқындалады;
     2) шетел эмитентінiң меншікті капиталы Reuters немесе Bloomberg V.L.P. ақпараттық талдау жүйелерiнде немесе осы бағалы қағаздар бағаланатын сауда жүйесiнде бағалы қағаздар сауда-саттығын ұйымдастырушылардың ИНТЕРНЕТ желiсiндегі сайтында немесе осы бағалы қағаздар эмитентiнің сайтында орналастырылған соңғы тоқсандық балансы негiзiнде айқындалады;
     3) бiр-бiрiне қатынасы бойынша аффилиирленген банктер бiр банк есебiнде танылады, мұндайда осы Ереженiң 10-тармағының 1) тармақшасының екiншi абзацында белгiленген шектеулер осындай банктердiң әрқайсысына қатынасы бойынша қолданылады;
     4) бiр-бiріне қатынасы бойынша аффилиирленген екiншi деңгейдегi банктер болып табылмайтын эмитенттер бiр эмитент есебiнде танылады, мұндайда осы Ереженiң 10-тармағының 3) тармақшасының екiншi абзацында және 4) тармақшасының екiншi абзацында белгіленген шектеулер осындай эмитенттердiң әрқайсысына жеке қолданылады.
      Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 379   қаулысымен .

     12. Қордың кассасындағы ақша қалдығының мөлшерi жұмыс күнiнiң соңында Қордың меншiктi активтерiнiң 10%-нен аспауы керек.

     13. Осы Ереженiң 10 және 11-тармақтарында белгiленген нормалар Уәкiлеттi орган белгiлеген зейнетақы активтерiн инвестициялау тәртiбiне сәйкес Қор сатып алуы мүмкiн халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына қолданылмайды.

  6-тарау. Пруденциалдық нормативтердi сақтауды бақылау

     14. Қор өткен күннiң соңындағы жағдай бойынша әрбiр күннiң есебiн жүргiзедi:
     1) К 1  коэффициентiнiң мәнi;
     2) К 2  коэффициентiнiң мәнi;
     3)  <*> ;
     4)  <*> ;
     5) 5-пруденциалдық нормативке жүзеге асырылған инвестициялардың сәйкестiгіне.
      Ескерту: 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 379   қаулысымен .

     15. Қор ай сайын электрондық тасымалдағышта уәкілетті органға осы айдың бесінші жұмыс күні Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей есепті айдан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша К 1  және  К 2   коэффициенттері мәнінің есебін және осы Ереженің 4 және 5 қосымшаларының нысандары бойынша пруденциалдық нормативтерінің есебі үшін қосымша мәліметтерді ұсынады.
      Ескерту: 15-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 379   қаулысымен 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310   қаулысымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз ).

     16. Қағаз жазбадағы есептеулер мен қосымша мәлiметтерге Қордың бiрiншi басшысы немесе оның орнындағы адам және бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырылады және Қорда сақталады. Қор уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұратуды алған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей есептер мен қосымша мәлiметтердi қағаз жазбада ұсынады.
      Ескерту: 16-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310   қаулысымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз ).

     16-1. Электрондық тасымалдағыштағы есептеулер мен қосымша мәлiметтердiң ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепiлдiк бере отырып жеткiзу көлiк жүйесiн пайдалануымен ұсынылады.
      Ескерту: 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310   қаулысымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз ).

     16-2. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердiң қағаз жазбадағы деректермен сәйкестiгiн инвестициялық портфельдi басқарушысының бiрiншi басшысы және оның орнындағы адамы қамтамасыз етедi.
      Ескерту: 16-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310   қаулысымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз ).

     17. Осы Ереженiң 14-тармағында көрсетiлген мәндер осы Ережеде белгiленген пруденциалдық нормативтерге сәйкес келмеген жағдайда Қор бiр күн iшiнде оны жою жөнiндегi iс-шаралардың жоспарын қоса жiбере отырып, осы сәйкессiздiктiң фактiсi мен себептерi туралы уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
     10-тармақтың 1) тармақшасының екiншi абзацында белгiленген талаптар бұзылған жағдайда, Қор осы бұзушылықты өз активтерiнiң есебiнен жояды.
      Ескерту: 17-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 тамыздағы N 285   қаулысымен .

     18. Осы Ереженiң талаптары орындалмаған жағдайда Қор Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершiлiк көтередi.

     19. Қор бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асырған жағдайда пруденциалдық нормативтерді есептеу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылады.
     Ескерту: 19-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 379   қаулысымен .

                                   Жинақтаушы зейнетақы қорларына
                                        арналған пруденциалдық
                                         нормативтер туралы
                                        Ереженің 1 қосымшасы

      Ескерту: Қосымшамен толықтырылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 379   қаулысымен 2005 жылғы 29 қазандағы N 385   қаулысымен , 2006 жылғы 27 мамырдағы N 122 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)  қаулысымен .  

          200__ жылғы  "___" ___________  жағдай бойынша
__________________________________________________________________
                        (қордың атауы)

           К1 және К2 коэффициенттері мәнінің есебі

N

Көрсеткіш атауы

Баланс
бойынша
құны

Ескерілетін
көлем

Есеп айырысу құны

1.

Ақша - барлығы (1.1. - 1.3
жол сомасы):

  

  

  

1.1.

Баланс бойынша активтер
сомасының он процентінен
аспайтын кассадағы ақша

  

100%

  

1.2.

Екінші деңгейдегі
банктердің шоттарындағы
ақша

  

100%

  

1.3.

"А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктер шоттарындағы ақша

  

100%

  

2.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіндегі салымдар

  

100%

  

3.

Бағалы қағаздары қор
биржасының ең жоғары
санаты бойынша ресми
тізімге енгізілген немесе ықтимал шығындар резервін шегере отырып "А"
("Standard & Poor's" және
"Fitch" рейтинг агент-
тіктерінің жіктелімі
бойынша) немесе "А2"
("Moody's Investors
Service" рейтинг агентті-
гінің жіктелімі бойынша)
(негізгі қарыз бен
есептелген сыйақы сомасын
ескере отырып)
санаттарынан кем емес
ұзақ мерзімді және/немесе
қысқа мерзімді жеке
рейтингісі бар резидент
емес енші беруші
банктердің еншілес
резидент банктері болып
табылатын Қазақстан
Республикасының екінші
деңгейдегі банктеріндегі
салымдар;

  

100%

  

3-1.

ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы "А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктердегі салымдар (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып)

  

100%

  

4.

Ықтимал шығындар резервін
шегере отырып, Қазақстан
Республикасының мемлекет-
тік бағалы қағаздары
(басқа мемлекеттердің
заңдарына сәйкес эмиссияланғандарды
қосқанда) (негізгі қарыз
бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып)

  

100%

  

5.

Ықтимал шығындар резервін
шегере отырып, қор
биржасының ең жоғары
санаты бойынша (қор
биржасының ресми тізіміне
енгізілген ипотекалық
облигациялардан және
"Қазақстан Даму Банкі" АҚ
облигацияларынан басқа)
(негізгі қарыз бен
есептелген сыйақы сомасын
ескере отырып) ресми
тізімге енгізілген Қорға
қатысы бойынша аффили-
ирленген тұлғалар болып
табылмайтын Қазақстан
Республикасының және
басқа мемлекеттердің
заңдарына сәйкес шығарыл-
ған Қазақстан
Республикасы ұйымдарының
мемлекеттік емес
эмиссиялық бағалы
қағаздары;

  

100%

  

6.

Ықтимал шығындар резервін шегере отырып, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы ұйымдарының  ипотекалық облигациялары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып)

  

100%

  

6-1.

Ықтимал шығындар резервін шегере отырып, Қазақстан Республикасы ұйымдарының инфрақұрылымдық облигациялары (негізгі қарызбен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып)

  

100%

  

7.

Ықтимал шығындар резервін шегере отырып, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ облигация-
лары (негізгі қарыз бен
есептелген сыйақы сомасын
ескере отырып)

  

100%

  

8.

Ықтимал шығындар резервін шегере отырып, халықаралық
кредиттік рейтинг шәкілі
бойынша "ВВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ваа2" ("Moody's Investors
Service" рейтинг агентті-
гінің жіктелімі бойынша) кем емес ұзақ мерзімді рейтинг бағасы бар шет мемлекеттердің  бағалы қағаздары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып)

  

100%

  

9.

Шетел эмитенттерінің, ықтимал шығындар резервін шегере отырып, "ВВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттік-
терінің жіктелімі бойынша) немесе "Ваа2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агентті-
гінің жіктелімі бойынша) кем емес рейтинг бағасы бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып)

  

100%

  

10.

Ықтимал шығындар резервін шегере отырып, борыштық бағалы қағаздарының "ВВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттік-
терінің жіктелімі бойынша)
немесе "Ваа2" ("Moody's
Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) кем емес рейтинг бағасы бар шетел эмитенттерінің акциялары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып)

  

100%

  

11.

Ықтимал шығындар резервін шегере отырып, халықаралық
қаржы ұйымдарының бағалы
қағаздары (негізгі қарыз
бен есептелген сыйақы
сомасын ескере отырып)

  

100%

  

11-1.

Ықтимал шығындар резервін шегере отырып, (негізгі қарызбен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып) шетел мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған рыноктарында айналыста жүретін, "ВВ"-ден ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингтік бағасы бар немесе Қазақстан Республикасының "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "А" рейтингтік бағасы бар Қорға қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары және шетел мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған рыноктарында айналыста жүретін, "ВВ"-ден ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингтік бағасы бар немесе Қазақстан Республикасының "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "А" рейтингтік бағасы бар Қорға қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының борыштық бағалы қағаздары

  

100%

  

12.

Тазартылған қымбат металдар

  

100%

  

13.

Ықтимал шығындар резервін шегере отырып, қор биржасының ең жоғары санатынан кейінгі (қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ипотекалық облигациялардан басқа) (елу процентке кемітілген негізгі қарыз бен есептел-
ген сыйақы сомасын ескере
отырып) ресми тізіміне
енгізілген Қорға қатысы
бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмай-
тын (оның ішінде басқа
мемлекеттердің заңдарына
сәйкес шығарылған бағалы
қағаздар) Қазақстан Республикасы ұйымдарының
мемлекеттік емес эмиссия-
лық бағалы қағаздары;

  

50%

  

13-1.

Ықтимал шығындар резервтерін шегере отырып ашық және/немесе аралық инвестициялық пай қорларының пайлары

  

50%

  

14.

Қызметкерлер мен басқа
тұлғалардың дебиторлық
берешегін шегергендегі
(14.1 және 14.2 жолдар
сомасы) Қорға қатысты
аффилиирленген тұлғалар
болып табылмайтын
ұйымдардың дебиторлық
берешегі (ықтимал
шығындар резервін шегере
отырып)

  

  

  

14.1.

Қызметкерлер мен басқа тұлғалардың шарт талабы бойынша үш күн мерзімге кешіктірілген Қордың балансы бойынша активтер сомасының жиырма процентінен аспайтын мөлшердегі дебиторлық берешегін шегергендегі Қорға қатысты аффили-
ирленген тұлғалар болып
табылмайтын ұйымдардың
дебиторлық берешегі
(ықтимал шығындар
резервін шегере отырып)

  

100%

  

14.2.

Қызметкерлер мен басқа тұлғалардың шарт талабы бойынша тоқсан күн мерзімге кешіктірілген Қордың балансы бойынша активтер сомасының он процентінен аспайтын, елу процентке кемітілген мөлшердегі дебиторлық берешегін шегергендегі Қорға қатысты аффили-
ирленген тұлғалар болып
табылмайтын ұйымдардың
дебиторлық берешегі
(ықтимал шығындар
резервін шегере отырып)

  

50%

  

15.

Қордың баланс құны бойынша
негізгі құрал-жабдықтары
(15.1-15.3 жолдар сомасы)

  

  

  

15.1.

Қордың балансы бойынша активтер сомасының он процентінен аспайтын мөлшердегі жеке меншік-
тегі немесе тұрақты жер
пайдалану құқығы бар жер

  

100%

  

15.2.

Қордың балансы бойынша
активтер сомасының он
процентінен аспайтын
мөлшердегі жеке меншіктегі
үйлер мен ғимараттар

  

100%

  

15.3.

Қордың балансы бойынша
активтер сомасының бес
процентінен аспайтын
мөлшердегі жеке меншіктегі
машиналар және жабдықтар

  

100%

  

16.

Қордың балансы бойынша
активтер сомасының он
процентінен аспайтын
мөлшердегі бағдарламалық
қамтамасыз ету

  

100%

  

17.

Өтімді активтер жиынтығы
(1 - 16 жол сомасы) - ӨА

  

  

  

18.

Баланс бойынша міндеттемелер

  

100%

  

19.

Меншікті капиталдың ең аз мөлшері (МКЕАМ)

  

  

  

19-1.

орташа алынған жалпы кіріс (ОАЖК)

  

  

  

20.

К 1  "Меншікті капиталдың
жеткіліктігі" ((17 жол -
18 жол)/19 жол); К 1 > 1

  

  

  

21.

Жоғары өтімді активтер
жиынтығы (1 - 12 жолдар
сомасы)

  

  

  

22.

К 2  "Жоғары өтімді
активтер жеткіліктілігі"
(21 жол/19 жол*0,3); К 2 >2

  

  

  

23.

Баланс бойынша активтер
сомасы

  

  

  

     Басшы            ______________________________
    (аты-жөні)                  (қолы)

     Бас бухгалтер    ______________________________
    (аты-жөні)                  (қолы)

     Мөр орны;

                                       Жинақтаушы зейнетақы
                                        қорларына арналған
                                          пруденциалдық
                                       нормативтер туралы
                                       Ереженің 2 қосымшасы

      Ескерту: Қосымшамен толықтырылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 379   қаулысымен 2005 жылғы 29 қазандағы N 385   қаулысымен , 2006 жылғы 27 мамырдағы N 122 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)  қаулысымен .  

          200__ жылғы  "___" ___________  жағдай бойынша
__________________________________________________________________
                        (қордың атауы)
         Пруденциалдық нормативтерді  есептеуге арналған
                      қосымша мәліметтер

                                                 (мың теңге)

Белгі N

Көрсеткіш атауы

Баланс бойынша сомасы

1

2

3

8001

Жеке меншіктегі немесе тұрақты жер пайдалану
құқығы бар жер

  

8002

Жеке меншіктегі үйлер және ғимараттар

  

8003

Жеке меншіктегі машиналар немесе жабдықтар

  

8004

Басқа да негізгі құрал-жабдықтар

  

8005

Қызметкерлер мен басқа тұлғалардың шарт талабы бойынша үш күн мерзімге кешіктірілген дебиторлық берешегін шегергендегі Қорға қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық берешегі (ықтимал шығындар резервін шегере отырып)

  

8006

Қызметкерлер мен басқа тұлғалардың шарт талабы бойынша тоқсан күн мерзімге кешік-
тірілген дебиторлық берешегін шегергендегі
Қорға қатысты аффилиирленген тұлғалар болып
табылмайтын ұйымдардың дебиторлық берешегі
(ықтимал шығындар резервін шегере отырып)

  

8007

Басқа дебиторлық берешек (ықтимал шығындар резервін шегере отырып)

  

8008

Тазартылған қымбат металдар

  

8009

Бағдарламалық қамтамасыз ету

  

8010

Басқа материалдық емес активтер

  

8011

Ықтимал шығындар резервін шегере отырып, қор биржасының ең жоғары санаты бойынша (қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ипотекалық облигациялардан және "Қазақстан Даму Банкі" АҚ облигацияларынан басқа) (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) ресми тізіміне енгізілген Қорға қатысы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;

  

8012

Ықтимал шығындар резервін шегере отырып, қор биржасының ең жоғары санатынан кейінгі (қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ипотека-
лық облигациялардан басқа) ресми тізіміне
енгізілген Қорға қатысы бойынша аффилиирлен-
ген тұлғалар болып табылмайтын Қазақстан
Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңдары бойынша шығарылған бағалы қағаздар) (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескеріп);

  

8013 

Ықтимал шығындар резервін шегере отырып, (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып) шетел мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған рыноктарында айналыста жүретін, "ВВ"-ден ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингтік бағасы бар немесе Қазақстан Республикасының "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "А" рейтингтік бағасы бар Қорға қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары және шетел мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған рыноктарында айналыста жүретін, "ВВ"-ден ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингтік бағасы бар немесе Қазақстан Республикасының "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "А" рейтингтік бағасы бар Қорға қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының борыштық бағалы қағаздары

  

8014

Басқа бағалы қағаздар

  

8015

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің шоттарындағы ақша 

  

8016

"А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктердің шоттарындағы ақша  

  

     Басшы            ______________________________
    (аты-жөні)                  (қолы)

     Бас бухгалтер    ______________________________
    (аты-жөні)                  (қолы)

     Мөр орны      

Қазақстан Республикасының  
Ұлттық Банкi Басқармасының 
2003 жылғы 21 сәуiрдегi   
N 127 қаулысына       
2-қосымша          

Күшi жойылды деп танылатын нормативтiк құқықтық
актiлердiң тiзбесi

     Мынадай нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп танылсын:
     1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң "Қазақстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталын қалыптастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 1997 жылғы 27 тамыздағы N 2-П бұйрығы және көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген  Нұсқаулық  (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 374 тiркелген, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк-құқықтық және нормативтiк актiлер жинағында 2001 жылы жарияланған, 4-том);
     2) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң "Қазақстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталын қалыптастыру туралы ережеге" толықтырулар енгiзу туралы" 1998 жылғы 22 мамырдағы N 68-П  бұйрығы  (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 90 тiркелген);
     3) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң 1997 жылғы 27 тамыздағы N 2-П бұйрығымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталын қалыптастыру туралы ережеге" өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң 1998 жылғы 18 желтоқсандағы N 176-П  бұйрығы  (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 674 тiркелген);
     4) "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң 1997 жылғы 27 тамыздағы N 2-П бұйрығымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталын қалыптастыру туралы ережеге" өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетiнiң 1999 жылғы 15 қазандағы N 83-П  бұйрығы  (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тізiлiмiнде N 1005 тiркелген);
     5) "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң 1997 жылғы 27 тамыздағы N 2-П бұйрығымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталын қалыптастыру туралы нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетiнiң 2000 жылғы 31 қаңтардағы N 9-П  бұйрығы  (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1067 тiркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады