Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 25.04.2013 № 130-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының мiндетiн атқарушының 2003 жылғы 30 шiлдедегi N 185-НҚ бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2438 нөмiрмен тiркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 6 қыркүйекте N 36 нөмiрiнде жарияланған, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 14 қарашадағы N 270-НҚ бұйрығымен , Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2005 жылғы 21 сәуiрдегi N 142-НҚ бұйрығымен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
атауында "Табиғи монополия" деген сөздер "Табиғи монополиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта "Табиғи монополия" деген сөздер "Табиғи монополиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөнiндегi ережеде:
атауында "Табиғи монополия" деген сөздер "Табиғи монополиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
барлық мәтiн бойынша "тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту", "тарифтерiн (бағаларын, алым ставкаларын) қалыптастырған және бекiткен", "тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекiту", "тарифiн (бағасын, алым ставкасын) бекiту", "тарифтi (бағаны, алым ставкасын), жалпы шаруашылық және әкiмшiлiк мақсаттағы шығыстарды бекiткен" деген сөздер тиiсiнше "тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) және тарифтiк сметалар бекiту", "тарифтерiн (бағаларын, алым ставкаларын) және тарифтiк сметаларын қалыптастырған және бекiткен", "тарифтi (бағаны, алым ставкасын) және тарифтiк сметалар бекiту", "тарифiн (бағасын, алым ставкасын) және тарифтiк сметасын бекiту", "тарифтi (бағаны, алым ставкасын) және тарифтiк сметаны, жалпы шаруашылық және әкiмшiлiк мақсаттағы шығыстарды бекiткен" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта "Табиғи монополия" деген сөздер "Табиғи монополиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 2) тармақшасында "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiлген нормативтер" деген сөздер "Салалық техникалық және технологиялық нормалар, сондай-ақ нормативтiк техникалық ысыраптар" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
төртiншi абзацтағы "белгiленген және (немесе) бекiтiлген нормалардың, нормативтердiң, стандарттар" деген сөздер "салалық техникалық және технологиялық нормалардың, сондай-ақ нормативтiк техникалық ысыраптар" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"құзыреттi орган - салалық министрлiк және (немесе) ведомство, ал су шаруашылығы және (немесе) кәрiз жүйелерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн - жергiлiктi атқарушы органдар;";
сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"уәкiлеттi орган - белгiленген құзыретi шегiнде табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган немесе облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы орган.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлiгiне енгiзiлетiн материалдық шығыстар өнiмнiң (қызметтердiң, тауарлардың, жұмыстардың) бiрлiгiн шығаруға арналған салалық техникалық және технологиялық нормаларға (бұдан әрi - материалдық ресурстар) және (немесе) құзыреттi және уәкiлеттi органда бекiтiлген және сараптамалық бағалаудан өткен материалдық ресурстардың нормаларына және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тендерлiк (конкурстық) сатып алулардың нәтижелерi бойынша анықталған материалдық ресурстардың бағаларына сүйене отырып айқындалады.";
9-тармақ алынып тасталсын;
11-тармақ "және уәкiлеттi органда сараптамадан өтедi." деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақтағы "Субъектiнiң" деген сөз "Табиғи монополия субъектiсiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтың бiрiншi абзацындағы "еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау органдарымен" деген сөздер "жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар органдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Коммуналдық қызметтердiң жалпы үйге арналған және (немесе) жеке есептеу құралдарын сатып алуды және орнатуды табиғи монополия субъектiсi өзiнiң және (немесе) қарыз қаражат есебiнен жүзеге асырады.";
үшiншi абзацта "Егер" деген сөзден кейiн "жеке" деген сөзбен толықтырылсын;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Табиғи монополиялар субъектiлерi тарифiнiң (бағасының, алым ставкасының) есебiне қолданысқа енгiзiлген активтердiң реттелетiн базасының шамасына пайда ставкасының туындысы ретiнде анықталатын пайданың (таза табыстың) деңгейi енгiзiледi. Пайда ставкасы және қолданысқа енгiзiлген активтердiң реттелетiн базасы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен айқындалады.".
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Труба құбырлары және су кәрiздерi жүйелерi саласындағы реттеу мен бақылау департаментi (А.Г.Асқарова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы және талдау департаментi (Е.О.Есiркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн:
1) оны белгiленген тәртiппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының назарына жеткiзсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының орынбасары А.П.Нефедовқа жүктелсiн.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Төраға
Келiсiлген:
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрі
2006 жылғы 30 наурыз