"Табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі N 185-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополоияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 142-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 27 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3600. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 25.04.2013 № 130-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 15-1-бабының 2-тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2438 нөмірмен тіркелген, "Ресми газеттің" 2003 жылғы 6 қыркүйектегі N 36 нөмірінде жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2607 нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 14 қарашадағы N 270-НҚ  бұйрығымен өзгерістер енгізілген) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі N 185-НҚ  бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      тақырыптағы "қызметтеріне" деген сөз "реттеліп көрсетілетін қызметтеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

       1-тармақтағы "қызметтеріне" деген сөз "реттеліп көрсетілетін қызметтеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі туралы Ережеде:
      тақырыптағы "қызметтеріне" деген сөз "реттеліп көрсетілетін қызметтеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Ереженің барлық мәтіні бойынша "қызметтері (тауарлары, жұмыстары)", "қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына)", "қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын)", "қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының)" деген сөздер тиісінше "реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары)", "реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына)", "реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын)", "реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Барлық мәтін бойынша "индикативтік" деген сөз "орташа мерзімді" деген сөздермен ауыстырылсын;

       3-тармақта :
      екінші абзацтағы "тауарларды өндіруге және (немесе)" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия саласындағы және уәкілетті орган мемлекеттік реттеуге жатқызған, белгілі бір тауарды тұтынушыға қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрінде беру жағдайын қоса, табиғи монополия субъектісі ұсынатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар);";

       4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Ерекше тәртіп реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынатын табиғи монополия субъектілеріне қолданылады.";

       5-тармақта :
      "табиғи монополия саласына қатысты қызмет түрлері бойынша жеке бухгалтерлік есеп жүргізу" деген сөздер "реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрі бойынша және тұтастай өзге қызмет бойынша табыстарды, шығындар мен тартылған активтерді есепке алу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы "табиғи монополия субъектілерінің" деген сөздер алынып тасталсын;
      үшінші абзацтағы "оның осы Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес бөлігінде" деген сөздер алынып тасталсын;

       2-тараудың тақырыбындағы "табиғи монополия субъектілерінің" деген сөздер алынып тасталсын;

       7-тармақтағы "бекітілген" деген сөздің алдынан "және (немесе) материалдық ресурстардың жылдық нормаларында" деген сөздермен толықтырылсын;

       15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдарына қайта бағалау жүргізудің тәртібі мен жағдайын бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша бекітеді.
      Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісі негізгі құралдарына қайта бағалау жүргізгеннен кейін тарифті (бағаны, алым ставкасын) амортизациялық аударымдарды көбейтудің шығын бөлігіне енгізуге құқылы.";

       28-тармақта :
      он тоғызыншы абзац ", өндірістік мақсаттарға пайдаланылатын өнімдерден басқа" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Шкарупа А.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Токарева М.А.) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген тәртіппен жариялануын қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Н.Ш. Алдабергеновке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

      келісілген:

      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты әлеуметтік 
      қорғау министрі

      2005 жылғы 25 сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады