"Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының мiндетiн атқарушының 2003 жылғы 30 шiлдедегi, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2003 жылғы 12 тамызда N 2438 нөмiрмен тiркелген N 185-НҚ бұйрығына толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 14 қарашадағы N 270-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 12 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2607. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 25.04.2013 № 130-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 20 маусымдағы N 1141 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi туралы ереженiң 11-тармағының 14) тармақшасына және 20-тармағына сәйкес, бұйырамын:

      1. "Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының мiндетiн атқарушының 2003 жылғы 30 шiлдедегi, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2003 жылғы 12 тамызда N 2438 нөмiрмен тiркелген ("Ресми газетте" 2003 жылғы 6 қыркүйекте N 36 жарияланған) N 185-HҚ бұйрығына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөнiндегi ереже:

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      "7-1. Табиғи монополия субъектісіне мемлекеттік бюджет қаражатынан бөлiнетiн демеуқаржы тарифтiң шығын бөлiгін азайтуда ескерiледi.
      Сонымен бiрге, табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға тоқсан сайын демеуқаржыны пайдалану туралы есеп беруге мiндетті.".

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департаменті (С.П.Григорьева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттігiнiң Әкiмшiлiк және аумақтық жұмыстар департаментi (Б.В.Досан) осы бұйрық Қазақстан
Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн:
      1) оны заңнамада белгiленген тәртiппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн;
      2) оны Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгінiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының назарына жеткiзсiн

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының бiрiншi орынбасары Ж.Ж. Ертiлесоваға жүктелсiн.

      5. Осы бұйрық жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

      Төрағаның мiндетiн атқарушы

      Келiсiлдi

      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтiк
      қорғау министрi
      2003 жылғы 10 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады