Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 04.07.2013 № 258 бұйрығымен (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Арнайы білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің тізбесін, арнайы білім алуға мұқтаж адамдарға арналған білім беру ұйымдарындағы қажетті орын сандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 қарашадағы N 787 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2619 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., N 37-42, 883-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің, арнайы білім алуға мұқтаж адамдарға арналған білім беру ұйымдарындағы қажетті орын саны туралы тізбеде:
2-тармақта:
2) тармақшаның жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтары алынып тасталсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
"9) жалпы білім беретін сыныптармен қатар әртүрлі санаттағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған сыныптар ашылған жалпы білім беретін мектептер мен мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған (арнайы сыныптар) арнайы (түзеу) мектептердің қызметін қоса атқаратын біріктірілген білім беру ұйымдары;
арнайы сыныптардың сыйымдылығы әртүрлі санаттағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы (түзеу) білім беру ұйымдары сыныптарының толықтырылуына сәйкес белгіленеді;
10) дені сау балалар мен мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытуға арналған инклюзивтік білім беру ұйымдары;
инклюзивтік сыныптағы мүмкіндіктері шектеулі балалардың саны 3 адамнан артық болмайды";
5-тармақтағы 2) және 3) тармақшалар "(республикалық және облыс деңгейіндегі қалаларда)" және "(аудан орталықтарында)" деген сөздерден кейін "мұғалім-дефектологтың (олигофренопедагогтың, сурдопедагогтың, тифлопедагогтың), дене шынықтыру педагогінің, мұғалім психологтың ставкасына балаларға арналған топтардың мынадай толықтыруларымен:
естімейтін (саңырау) және нашар еститіндердің саны - 10 адамнан;
көрмейтін (зағип) және нашар көретіндердің саны - 10 адамнан;
өте ауыр тіл кемістігі бар балалардың саны - 12 адамнан;
тірек-қимыл аппараты бұзылған:
кемістік деңгейі күрделі балалардың саны - 6 адамнан;
орташа және жеңіл кемістігі бар балалардың саны - 10 адамнан;
ой-өрісі дамуы бұзылған:
психикалық дамуы тежелген балалардың саны - 10 адамнан;
жеңіл және біртоға ақыл-есі кемістігі бар балалардың саны - 10 баладан;
ауыр және күрделі ақыл-есі кемістігі бар балалардың саны - 8 баладан;
күрделі кемістігі бар балалардың саны - 6 баладан аспауы керек деген сөздермен толықтырылсын";
5 тармақтағы 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) әртүрлі ауызша және жазбаша тіл кемістігі бар 25 балаға арналған мектепке дейінгі ұйымдар немесе жалпы білім беретін мектептердің жанындағы логопедтік пункт".
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (С.Б.Есбосынова) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры С.Б.Есбосыноваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр