Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кастодиандық үлгі шарттардың нысандарын бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 139 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 96 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 22 мамырда тіркелді. Тіркеу N 4236. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасы төрағасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 67 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банк Басқармасы төрағасының 23.04.2014 № 67 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кастодиандық үлгі шарттардың нысандарын бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 139  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2320 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақта:
      2) тармақшада "бекітілсін" деген сөз алынып тасталсын;
      "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3), 4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3) кастодиан-банк, басқарушы агент және арнайы қаржы компаниясы арасында жасалатын Кастодиандық үлгі шарттың нысаны (3-қосымша);

      4) кастодиан-банк және бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді өз бетімен инвестициялайтын арнайы қаржы компаниясы арасында жасалатын Кастодиандық үлгі шарттың нысаны (4-қосымша) бекітілсін.";

      Осы қаулының қосымшасына сай 3, 4-қосымшалармен толықтырылсын;

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, сауда-саттықты ұйымдастырушыға жіберілсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

                                          Қазақстан Республикасы
                                         Қаржы нарығын және қаржы
                                      ұйымдарын реттеу мен қадағалау
                                          агенттігі Басқармасының
                                          2006 жылғы 15 сәуірдегі
                                          N 96 қаулысына қосымша

                                          "Қазақстан Республикасы
                                         Ұлттық Банкі Басқармасының
                                           2003 жылғы 21 сәуірдегі
                                          N 139 қаулысына 3-қосымша

         Кастодиан банк, басқарушы агент және арнайы
             қаржы компаниясы арасында жасалатын
                     Кастодиандық үлгі шарт

      "____" ____________ 200___жыл _______________________________ 
                                         (елді мекеннің атауы)

      Осы Шарт мынадай тараптардың арасында жасалды:

      Арнайы қаржы компаниясы
____________________________________________________________________
     (Компанияның атауы, заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу
                     куәлігінің нөмірі және күні)

      бұдан әрі "Компания" деп аталады да, заңнамаға сәйкес
берілген жарғы немесе сенімхат негізінде іс-әрекет жасайтын
____________________________________________________________________
                    (лауазымы, фамилиясы, аты-жөні)

ақылы,______________________________________________________________

Басқарушы агент_____________________________________________________
           (Басқарушының атауы, лицензия номері және берілген күні)

      бұдан әрі "Басқарушы" деп аталады да, жарғы немесе заңнамаға
сәйкес берілген сенімхат негізінде іс-әрекет жасайтын
____________________________________________________________________
                   (лауазымы, фамилиясы, аты-жөні)
арқылы,_____________________________________________________________

Кастодиан банк______________________________________________________
               (банктің атауы, лицензия номері, берілген күні)

      бұдан әрі "Кастодиан" деп аталады да, жарғы немесе заңнамаға
сәйкес берілген сенімхат негізінде іс-әрекет жасайтын
____________________________________________________________________
                     (лауазымы, фамилиясы, аты-жөні)
арқылы.

1-тарау. Шарттың мәні

      1. Шарттың мәні Компанияның Кастодиан шоттарындағы бөлінген активтерін жауапты сақтау және есепке алу жөніндегі қызметті ұсыну болып табылады.
      2. Компания ақшалай талап етуді бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару жолымен қаржыландыруды, сондай-ақ бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түсімдерді инвестициялауды жүзеге асырады. Осы функцияларын жүзеге асыру үшін Компания Кастодианда шот ашады.
      3. Басқарушы Инвестициялық портфельді басқару шартының талаптарына сәйкес Кастодиандағы Компанияның тиісті шоттарындағы Компанияның бөлінген активтері бойынша уақытша еркін түсімдерін инвестициялауды жүзеге асырады.
      4. Компания тапсырады, ал Кастодиан Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтай отырып және осы Шартқа сәйкес Компанияның өзіне сеніп тапсырылған активтерінің сақталуын және есебін жүргізуді қамтамасыз етеді және олардың мақсатқа орай орналастырылуына бақылау жасайды.

2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      5. Кастодиан:
      1) Компанияға осы Шарттың 3-тарауында сипатталған шот режимінде теңгеде банктік инвестициялық шот ашуды және жүргізуді;
      2) Компанияға осы Шарттың 4-тарауында сипатталған шот режимінде шетел валютасында банктік инвестициялық шот ашуды және жүргізуді;
      3) Компанияға осы Шарттың 5-тарауында сипатталған шот режимінде бөлінген активтер есебінен инвестициялауға рұқсат берілген бағалы қағаздарды және басқа қаржы құралдарын есепке алу және сақтау үшін баланстан тыс шоттарды ашуды және жүргізуді (бұдан әрі - қаржы құралдарын есепке алу шоты);
      4) Компанияның бөлінген активтер бойынша түсімдерін операциялық күн ішінде банктік инвестициялық шот есебіне алуды;
      5) Басқарушыға және Компанияға операциялық күннен кейінгі күнгі сағат ___ кешіктірмей операциялар түрлері бойынша теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттағы ақша қозғалысы туралы хабарламаны ұсынуды;
     6) бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түсімдерді инвестициялау кезінде ақшаны теңгедегі банктік инвестициялық шоттан және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттан қарсы агенттердің ұлттық валютадағы және шетел валютасындағы тиісті шоттарына аудару кезінде және бағалы қағаздарды есептен шығаруға (есептеуге) және қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шоттардан (шоттарға) банктік салымдарға орналастыруды (қайтаруды) жүргізу кезінде ақша аудару бойынша Басқарушының тапсырмаларын орындауды;
     7) бөлінген активтер қамтамасыз ету болып табылатын шығарылған облигациялар жөніндегі міндеттемелерін оның іске асыруы үшін Компанияның банктік ағымдағы шотына банктік инвестициялық шоттағы ақшаны есептен шығару жөніндегі Компанияның төлем тапсырмаларын орындауды;
      8) Басқарушы, Кастодиан және Компания арасындағы үш жақты салыстыру актісі негізінде бөлінген активтер бойынша уақытша еркін келіп түсімдерді инвестициялау кезінде пайда болған Басқарушының шығыстарын өтеу үшін Компанияның немесе Басқарушының банктік ағымдағы шотына теңгедегі банктік инвестициялық шоттан ақша аудару жөніндегі Компанияның (немесе Басқарушының) төлем тапсырмаларын орындауды;
     9) Басқарушыны және Компанияны қаржы құралдарын есепке алу бойынша шоттарда (шоттардан) бағалы қағаздарды есептеу (есептен шығару) туралы бағалы қағаздарды есептеген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуді;
     10) бөлінген активтердің сақталуын қамтамасыз етуді;
     11) бөлінген активтердің қозғалысына байланысты операцияларды күн сайын есепке алуды қамтамасыз етуді;
     12) бөлінген активтер бойынша есеп беруді, сондай-ақ бөлінген активтерді есепке алу жөніндегі бастапқы құжаттарды бес жыл бойы сақтауды. Компанияның талап ету құқығын иеленуін растайтын бастапқы құжаттарды Кастодиан ол бойынша талаптарды орындаған сәттен бастап бес жыл бойы сақтауды;
     13) Басқарушыға және Компанияға бағалы қағаздар эмитенттерінен ақпаратты Кастодианға ақпарат түскен күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуды;
     14) Кастодиан, Басқарушы және Компания жүзеге асыратын бөлінген активтердің есебі мен бағалануының сәйкестігін қамтамасыз етуді;
     15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған көлемде номиналды ұстаушы ретіндегі қызметті жүзеге асыруды;
     16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктік инвестициялық шоттары және Компанияның қаржы құралдарын есепке алу шоты туралы мәліметтердің құпиялылығын сақтауды;
     17) осы Шарттың 7-тарауында көзделген тәртіппен деректерге тұрақты түрде қарсы тексеруді жүргізуді;
     18) Компанияның теңгедегі немесе шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттан ақша аудару немесе қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шоттардан бағалық қағаздарды есептен шығару туралы Басқарушының бұйрығын уәкілетті мемлекеттік органнан Компания лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы ресми хабарламасын алған сәттен бастап уәкілетті мемлекеттік органнан Компания лицензиясының қолданылуын қайтадан қалпына келтіру туралы ресми хабарламасын алған сәтке дейін орындамауды;
     19) Компаниядан кастодиандық қызметті атқаруға арналған өзінің лицензиясының тоқтатыла тұрғаны немесе Компания мен Басқарушының арасындағы инвестициялық портфельді басқарудың бұзылғаны туралы жазбаша хабарламаның жіберілгендігі туралы хабарламаны алған сәттен бастап Компанияның жазбаша ұйғарымдарына сәйкес іс-қимыл жасауды;
     20) уәкілетті органның ресми шешімін алған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей бөлінген активтерді сақтау және есебін алу жөніндегі Кастодиан құқығының өзгеруіне алып келетін басқа жағдайлар немесе кастодиандық қызметке берілген лицензияның қолданылуының уақытша тоқтатылуы (жойылуы) туралы Басқарушыны және Компанияны жазбаша хабардар етуді;
     21) Компанияның жазбаша сұрауларына ___ жұмыс күні ішінде жауап қайтаруды;
     22) қаржы құралдары бойынша кірістердің түсіміне бақылау жасауды;
     23) қаржы құралдары бойынша алынған кірісті Компанияның банктік инвестициялық шотына Кастодианның корреспонденттік шотына кіріс түскен күні есептеуді;
     24) Басқарушының тапсырмалары Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес келмеген жағдайда дереу уәкілетті органға және Компанияға хабарлай отырып, оны орындамауды міндетіне алады.
     6. Кастодианның:
     1) ай сайын осы Шарттың 20 және 21-тармақтарына сәйкес Компаниядан және Басқарушыдан өзінің көрсеткен қызметі үшін ақы алуға;
     2) осы Шарттың 10-тарауында көзделген талаптармен және тәртіпте осы Шартты бұзуға;
     3) бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түсімдермен мәмілелер бойынша қызметті және қаржы құралдарының есебі жөніндегі шоттарды жүргізетін номиналды ұстаушының функциясын жүзеге асыратын тиісті ұйымдардың қызметіне ақы төлеу бойынша Кастодианның шығыстарын өтеуге Компания мен Басқарушы арасында жасалған инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шартқа сәйкес Компанияға немесе Басқарушыға шот-фактура ұсынуға;
      4) көрсетілген шоттарда ағымдағы түсімдерді ескере отырып, мұндай төлем тапсырмаларын орындауға жеткілікті сома болмаған жағдайда, Компанияның немесе Басқарушының теңгедегі немесе шетел валютасындағы инвестициялық шоттан және зейнетақы төлемдерінің банктік шотынан соманы есептен шығару жөніндегі төлем тапсырмасын орындамауға;
      5) Компанияны және Басқарушыны бұл жөнінде ___ жұмыс күні бұрын алдын-ала жазбаша хабардар ете отырып, тарифтерді өзгертуге;
      6) Кастодианның халықаралық рыноктарда бөлінген активтермен жасалған мәмілелер бойынша Компания, Кастодиан және Басқарушы арасындағы салыстырып тексеру актісімен расталған шеккен шығыстары сомасын акцептсіз есептен шығаруға құқығы бар.
      7. Компания:
      1) Басқарушы мен Кастодиан арасындағы бөлінген активтерді есептеу мен бағалаудың сәйкестігін қамтамасыз етуді;
      2) Кастодианға Басқарушы мен Кастодиан арасында жасалған инвестициялық портфельді басқару шартының көшірмесін, сондай-ақ оған жасалған барлық өзгерістер мен толықтырулардың көшірмелерін беруге;
      3) Кастодианға заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу куәлігінің, жарғының, акциялар шығарылымы проспектісінің және акциялар шығарылымын бекіту туралы есептің (Компания акционерлік қоғам нысанында тіркелген жағдайда) проспектісінің көшірмелерін, сондай-ақ аталған құжаттарға жасалған барлық өзгерістер мен толықтыруларды ұсынуды;
      4) бөлінген активтер қамтамасыз етуі болып табылған Компания шығарған облигациялар бойынша міндеттемелерді өтеу күні шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді іске асыру үшін Компанияның банктік инвестициялық шотынан банктік ағымдағы шотына Кастодианға ақшаны есептен шығару жөніндегі тапсырманы жіберуді;
      5) Кастодианға және Басқарушыға (егер Компания мен Басқарушы арасында жасалған инвестициялық портфельді басқару шартына сәйкес Кастодианға төлем тапсырмаларын жіберу міндеті Басқарушыға жүктелген болса) теңгедегі банктік инвестициялық шоттан ақшаны Компанияның банктік ағымдағы шотына аудару жөнінде өкім жіберуге, сондай-ақ Кастодианға банктік инвестициялық шоттан ақшаны Компанияның банктік ағымдағы шотына аудару жөніндегі төлем құжаттарын жіберуді;
      6) Кастодиан берген және осы Шарттың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген шот-фактураларды шотты алған күннен бастап ___ жұмыс күнінен кешіктірмей егер осындай мүмкіндік Компания мен Басқарушы арасында жасалған инвестициялық портфельді басқару шартында көзделген болса, төлеуді;
      7) Кастодианды және Басқарушыны уәкілетті орган тарапынан салынған барлық санкциялар туралы немесе тиісті мемлекеттік органның шешімін алған күннен бастап Компанияның атқарып отырған қызметіне байланысты құқықтарына өзгерістер енгізуге алып келетін өзге де жағдайлар туралы хабардар етіп отыруды;
      8) Кастодианға осы Шарттың 5-тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетілген шоттарды ашу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттар пакетін беруді;
      9) Кастодианды барлық өзгерістер туралы (төлем құжаттарына қол қою құқығы бар басшы қызметкерлерді ауыстыру, салық төлеушінің мекен-жайларының, телефондарының, тіркеу нөмірлерінің ауысуы) өзгерістер келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Кастодиандағы тиісті құжаттарды ұсыну арқылы жазбаша хабардар етуді;
      10) Компанияның болжалданып отырған таратылуы немесе қайта ұйымдастырылуы туралы екі айдан кем емес мерзім ішінде Кастодианға және Басқарушыға жазбаша нысанда хабардар етуді;
      11) Осы Шарттың 7-тарауында көзделген тәртіппен деректерді қарсы салыстырып тексеруді тұрақты жүргізуді міндетіне алады.
      8. Компания:
      1) осы Шарттың 10-тарауымен көзделген талаппен және тәртіппен осы Шартты бұзуға;
      2) Кастодианнан және Басқарушыдан осы Шарттың 9-тарауында көзделген тәртіппен Басқарушы жүзеге асырып отырған инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет туралы ақпарат алуға құқылы.
      9. Басқарушы:
      1) Басқарушы шарт жасалған күні Кастодианға бағалы қағаздар рыногындағы брокерлік қызметі үшін шарт жасаған бағалы қағаздар рыногындағы брокерлік және дилерлік қызметті (бұдан әрі - брокер-дилер) жүзеге асырушы ұйымның (ұйымдардың) деректемелерін хабарлауды;
      2) осы Шарттың 7-тарауында көзделген тәртіппен деректерді тұрақты түрде қарама-қарсы салыстыра бақылау жүргізуді;
      3) Кастодианға және Компанияға инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыру құқығына берілген мемлекеттік лицензияның, Басқарушының атынан Кастодианның жазбаша тапсырмаларына қол қоюға уәкілетті Басқарушының басшы қызметкерлерінің қойылатын қолдарының үлгілерінің нотариатта куәландырылған карточкасының көшірмесін беруді;
      4) Кастодианға және Компанияға Басқарушыда болжалданып отырған тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы екі айдан кем емес мерзімде жазбаша нысанда хабардар етуді;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түсімдерді инвестициялауды жүзеге асыруды және Кастодианға көрсетілген деректемелер бойынша ақша аудару жөніндегі төлем құжаттарын және бағалы қағаздарды есептеу (есептен шығару) және қаржы құралдарының есебін алу жөніндегі шоттарға (шоттардан) салымдарды орналастыру (қайтару) жөніндегі бұйрықтарды жіберуді;
      6) бөлінген активтер бойынша еркін түсімдерді қатыстыра отырып мәміле жасауға брокер-дилерге бір мезгілде тапсырыстардың түпнұсқаларын жібере отырып, Кастодианға осындай бұйрықтардың көшірмелерін (төлем сенімхаты және аударым жасау өкімі) және Кастодианның операциялық күні аясында қаржы құралдарының есебін алу жөніндегі шоттарға (шоттардан) бағалы қағаздарды есептеу (есептен шығару) жөніндегі бұйрықтарды жібере отырып, осынысымен Кастодианның бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында жасалатын мәмілелерді растау жүйесіне қатысуын және мәмілелердің және бөлінген активтердің мақсатты орналастырылуына бақылауын жүзеге асыруды;
      7) Басқарушының брокер-дилер ретінде бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелеріне дербес қатысқан жағдайын хабарландыруға немесе Кастодианды сауда-саттыққа қатысу және бағалы қағаздарды сатып алу-сату жөніндегі мәмілені жасау күнгі оның нәтижесі туралы жазбаша хабардар етуді;
      8) Компанияға мәміле жасалғаннан кейінгі жұмыс күні бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түсімдермен жасалған мәмілелер туралы есеп беруді;
      9) Компанияға және Кастодианға ай сайын ағымдағы операциялық күні cағат ___ дейін мыналар туралы ақпарат беруге:
      алынған инвестициялық кіріс сомасын;
      есептелген инвестициялық кіріс сомасын;
      10) Кастодианға және Қорға екінші деңгейдегі банкпен банктік салым жөнінде жасалған шарттардың көшірмелерін олар жасалған күні беруді;
      11) Кастодианның Компанияға ұсынған шот-фактурасын осы Шарттың 6-тармағының 3) тармақшасына сәйкес шот ұсынылған күннен бастап ___ операциялық күннен кешіктірмей төлеуді;
      12) бөлінген активтерді есепке алудың және бағалаудың Компаниямен және Кастодианмен сәйкестілігін қамтамасыз етуді;
      13) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған өз лицензиясының іс-әрекетінің уақытша тоқтатылуы (тоқталуы) туралы немесе бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түсімдерді инвестициялауға Басқарушының құқықтарын өзгертуге алып келетін өзге де жағдайлар туралы уәкілетті органның шешімін алған күні Кастодианды және Компанияны хабардар етуді;
      14) барлық өзгерістер туралы (төлем құжаттарына қол қою құқығы бар басшы қызметкерлерді ауыстыру, салық төлеушінің мекен-жайларының, телефондарының, тіркеу нөмірлерінің ауысуы) өзгерістер келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Кастодианның тиісті құжаттарын ұсыну арқылы Кастодианды жазбаша хабардар етуді;
      15) Басқарушы, Компания және Кастодиан арасындағы үш жақты салыстыру актісі негізінде бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түсімдерді инвестициялау кезінде пайда болған шығыстарды өтеуді қабылдауды міндетіне алады.
      10. Басқарушы:
      1) осы Шарттың 10-тарауында көзделген талап пен тәртіппен осы Шартты бұзуға;
      2) Басқарушы мен Компания арасында жасалған инвестициялық портфельді басқару шартына сәйкес қызметіне төлем алуға құқылы.

3-тарау. Теңгедегі банктік инвестициялық шот режимі

      11. Теңгедегі банктік инвестициялық шот бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түсімдерді инвестициялау нәтижесінде пайда болған қаржы құралдары кірісін, бөлінген активтер бойынша түсімдерді, бағалы қағаздарды өтеуге, салымдарға орналастыруға және ұлттық валютада екінші деңгейдегі банктерде орналасқан салымдар бойынша қайтып келген сомаларды алуға, сондай-ақ бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түсімдер есебінен және басқа түсімдер мен шығыстар есебінен қаржы құралдарын сатуға арналып отыр.
      12. Осы Шартқа сәйкес Басқарушының, жекелеген жағдайларда - Компанияның олардың арасында инвестициялық портфельді басқаруға жасалған шартқа сәйкес шотты басқару құқығы бар.
      13. Шоттағы ақша Басқарушының немесе Компанияның кепілдігінің, кепілдік беруінің, кепілдемесінің және басқа да міндеттемелерінің объектісі бола алмайды.

4-тарау. Шетел валютасындағы банктік инвестициялық
шоттың режимі

      14. Шетел валютасындағы банктік инвестициялық шот құны шетел валютасында көрсетілген қаржы құралдары бойынша алынған кіріс түсімінен, шетел валютасын сатудан, шетел валютасымен номинирленген бағалы қағаздарды сатып алуға бағытталған бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түсімдер есебінен шетел валютасын сатып алудан, талап ету құқығын іске асыру шетел валютасымен жасалатын бөлінген активтер бойынша түсімдерді есептеуге, бағалы қағаздарды өтеуге, шетел валютасындағы екінші деңгейдегі банктерге орналастырылған салымдар бойынша қайтарылған сомаларды қабылдауға және шетел валютасындағы басқа түсімдер мен шығыстарға арналып отыр.
      15. Шотты басқару құқығы Басқарушыға жүктеледі.
      16. Шоттағы шетел валютасындағы ақша Компанияның кепілдігінің, кепілдік беруінің, кепілдемесінің және басқа да міндеттемелерінің объектісі бола алмайды.

5-тарау. Қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі
шот режимі

      17. Қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шот Компанияның бағалы қағаздарды және бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түсімдер есебінен сатып алынған басқа да қаржы құралдарын есепке алуға арналған баланстан тыс шоты болып табылады.
      18. Шотты басқару құқығы Басқарушыға тиесілі.
      19. Шоттағы қаржы құралдары Басқарушының немесе Компанияның кепілдігінің, кепілдік беруінің, кепілдемесінің және басқа да міндеттемелерінің объектісі бола алмайды.

6-тарау. Кастодиан көрсеткен қызметке ақы төлеу
мөлшері мен тәртібі

      20. Компания және Басқарушы Кастодианның шоттарын осы Шартқа және Компания және Басқарушы инвестициялық портфельді басқару үшін жасалған шартына сәйкес төлейді.
      21. Кастодианның тарифтері осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Кастодианның тарифтері өзгерген жағдайда осы өзгерістер қосымша келісім түрінде ресімделеді.

7-тарау. Есеп беру нысандары және кезеңділігі

      22. Кастодиан теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттардағы ақшаның қозғалуына қарай Басқарушыға операциялардың түрлері бойынша теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттардағы ақшаның қозғалысы туралы хабарламаны, және Компанияға - аталған хабарламаны және оның үзінді көшірмесін береді.
      23. Кастодиан қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шоттарға(дан) бағалы қағаздарды есепке алу (есептен шығару) және салымдарды орналастыру (қайтару) туралы үзінді-көшірмені, сондай-ақ "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" акционерлік қоғамының үзінді-көшірмелерін Компанияға ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
      24. Кастодиан есепті айдан кейінгі айдың үш жұмыс күні ішінде салыстырып тексеру үшін мынадай деректерді электрондық түрде қалыптастырады және Басқарушыға және Компанияға жібереді:
      1) қаржы құралдарының құрылымын;
      2) теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттардағы ақша қозғалысын;
      3) қаржы құралдарының сатып алу құнын;
      4) зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялардың ағымдағы құны;
      5) есептелген және алынған инвестициялық кіріс сомасын;
      6) Компанияның талап ету құқығын иеленгенін растайтын құжаттамаларды;
      7) Кастодианның комиссиялық сыйақы сомасын.
      25. Шарттың 24-тармағында көрсетілген деректер бойынша салыстырып тексеру есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірілмей Кастодиан, Басқарушы және Компания уәкілетті өкілдері қол қоюы тиіс үш жақты салыстырып тексеру актісімен ресімделеді.
      26. Бөлінген активтерге қатысты инвестициялық қызметті жүзеге асыруға байланысты шығындар пайда болған жағдайда Кастодиан, Басқарушы және Компания осындай шығындар бойынша салыстырып тексеру жүргізеді.

8-тарау. Тараптардың жауапкершіліктері

      27. Басқарушының немесе Компанияның осы Шарттың талаптарына сәйкес жіберген тапсырмаларын (бұйрықтарын) Кастодиан уақтылы орындамаған жағдайда Кастодиан тапсырмасы (бұйрығы) мерзімінде орындалмаған Компанияның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем жасау күніне белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің _______мөлшерінде ақы төлеу күнін қосқанда, әрбір кешіктірілген күн үшін мерзімінде орындалмаған тапсырмада көрсетілген сомаға есептелген айып төлейді.
      28. Осы Шарттың 9-тармағының 11) тармақшасында және 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген шот-фактураларды уақтылы төлемеген жағдайда Компания және/немесе Басқарушы Кастодианға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем жасау күніне белгіленген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің ___ мөлшерінде Басқарушы мен Компанияның арасында жасалған инвестициялық портфельді басқару шартына сәйкес ақы төлеу күнін қосқанда, әрбір кешіктірілген күн үшін төленбеген сомаға есептелген айып төлеуге міндетті.
      29. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамау, дұрыс немесе уақтылы орындамау нәтижесінде басқа тарапқа немесе тараптарға шығын келтірген тарап осындай жағдайлар туындағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде осы тарапқа немесе тараптарға шығынды өтеуге және оларға төлем жасау күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгіленген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің______мөлшерінде тараптың әрқайсысына жеке есептелген шығын сомасына есептелген айыптарды төлеуі міндетті.
      30. Егер айыптардың туындау негіздері осы Шарттың 9-тарауында көрсетілген дүлей күш жағдайына тікелей байланысты болса, тараптар осы Шарттың 27-29-тармақтарында көрсетілген айыптарды төлеуден босатылады.
      31. Басқарушы Қазақстан Республикасының бастапқы және қайталама бағалы қағаздар рыноктарында және халықаралық рыноктарда жүзеге асырылатын мәмілелер бойынша есептеулерге арналған төлем тапсырмаларының Кастодианға уақтылы берілуі үшін жауапкершілік алады.

9-тарау. Төтенше жағдайлар

      32. Егер осы Шарттың 33-тармағында көрсетілген Төтенше жағдайлар тараптардың біріне осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауға бөгет, кедергі жасаса немесе кідіртсе, осындай тараптың осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауы Төтенше жағдайлар созылатын тең уақытқа және жоғарыда аталған міндеттемелерді орындауға бөгет, кедергі жасау немесе кідірту дәрежесіне қарай тоқтатыла тұрады.
      33. Төтенше жағдай өртті, су тасқынын, зілзаланы, соғыстарды (жарияланған және жарияланбаған), көтерілістерді, ереуілдерді, азамат соғысын немесе тәртіпсіздіктерді, осы Шартта көрсетілген қызмет түрлеріне уәкілетті органдар тікелей немесе жанама тыйым салатын заңдар, қаулылар, шешімдер және өзге де актілерді қабылдауын қосатын, бірақ шектемейтін кез келген жағдайларды білдіреді.
      34. Төтенше жағдай туындаған күні осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауға кедергісі бар тарап басқа тараптарды Төтенше жағдайдың басталғаны туралы және Төтенше жағдайдың оған осындай міндеттемелерді орындауына әсері туралы жазбаша хабарлауы тиіс. Егер тарап осы тармақта белгіленгендей Төтенше жағдай туралы хабарламаса, сол тарап осы тарап үшін Төтенше жағдай нәтижесінде басқа тараптарға хабарлама жіберуге мүмкіндігі болмай қалған жағдайларды қоспағанда осы шарттың 35-тармағында көрсетілген құқықтарын жоғалтады.
      35. Төтенше жағдай тоқтатылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оған тартылған тарап басқа тарапқа Төтенше жағдайдың тоқтатылғаны туралы жазбаша хабарлауы тиіс және осы шарт бойынша міндеттемелерін орындауды қайта жаңартуы тиіс. Егер Төтенше жағдай басталғаннан кейін бір айдан астам уақытқа созылса, тараптардың кез келгені осы шарттың 10-тарауға сәйкес осы Шарттың қолданылуын тоқтатуға құқылы.

10-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі және
оны бұзу тәртібі

      36. Осы Шарт оған қол қойылған сәттен бастап жасалған деп саналады және мерзімсіз қолданылады.
      37. Шартты бұзу Шарт бойынша міндеттемелерді тоқтатудың жалпы негіздемелерімен бірге мынадай жағдайларда болуы мүмкін:
      1) Компанияның атқарушы органының тиісті шешімінің негізінде;
      2) Басқарушының талап етуі бойынша;
      3) Кастодианның шешімі бойынша;
      4) Кастодианға уәкілетті орган бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға берген лицензиясының қолданылу мерзімі тоқтатылған кезде.
      38. Шартты бұзу жөнінде бастама жасаушы Шартты бұзу жөніндегі белгіленген күнге дейінгі отыз күнтізбелік күн ішінде тараптарды хабарландыруы міндетті.
      39. Компанияның активтерін жаңа Компанияға уәкілетті орган белгілеген тәртіппен беру рәсімдері аяқталған соң бұзылды деп есептеледі.
      40. Шарт Кастодианның бастамасы бойынша бұзылған жағдайда ол Компания мен Басқарушының кастодиан қызметін жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясы бар басқа банкпен кастодиан шартына қол қойған сәтіне дейін осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауға міндетті.

11-тарау. Басқа да талаптар

      41. Тараптар Қазақстан Республикасының осы Шарттың мәніне қатысты және осы Шарт бойынша тараптардың қатынастарын реттейтін заңдарын сақтауға міндеттенеді.
      42. Осы Шарт әрқайсысының заң күшi бiрдей мемлекеттiк және орыс тiлдерінде үш дана етiп жасалған, әрбір тарапқа бір-бірден келеді.
      43. Осы Шарттың талаптары кез келген өзге шарттың немесе тараптар арасында жеке немесе бірге жасалған келісімнің талаптарына қайшы келген жағдайда осы Шарттың ережелері басым болып табылады және тараптар ең алдымен осы Шарттың ережелерін басшылыққа алады.
      44.  Осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың жазбаша келісуі бойынша осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісімге қол қою арқылы енгізіледі.
      45. Тараптардың осы Шарт бойынша реттелмеген дауларын Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамалары негізінде Қазақстан Республикасының соттары олардың құзыретіне сәйкес қарайды.
      46. Тараптардың ешқайсысы да осы Шарт бойынша құқықтарын немесе міндеттемелерін үшінші тұлғаға беруге немесе басқаға беруге құқылы емес.

        12-тарау. Тараптардың деректемелері және қолдары

         Компания                        Басқарушы
_________________________________   _______________________________
_________________________________   _______________________________
_________________________________   _______________________________
(Компанияның деректемелері, салық   (Кастодианның деректемелері, 
төлеушінің тіркеу нөмірі, почталық  салық төлеушінің тіркеу нөмірі, 
мекен-жайы, телефондары, банктік    почталық мекен-жайы,
бірегейлендіру коды, жеке бірегей-  телефондары, банктік
лендіру коды, бенефициар коды)      бірегейлендіру коды, жеке 
                                    бірегейлендіру коды, бенефициар
                                    коды)
__________________________________  _______________________________
(Компания өкілінің лауазымы,         (Басқарушы өкілінің лауазымы, 
қолы)                                                    қолы)

    мөрдің орны                               мөрдің орны

Кастодиан
_______________________________________
(Компанияның деректемелері, салық 
төлеушінің тіркеу нөмірі, почталық
мекен-жайы, телефондары, банктік
бірегейлендіру коды, жеке бірегей-
лендіру коды, бенефициар коды)
_______________________________________
(Басқарушы өкілінің лауазымы, қолы)
мөрдің орны

                                      Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                           Банкі Басқармасының
                                        2003 жылғы 21-сәуірдегі
                                        N 139 қаулысына 4-қосымша

      Кастодиан банк пен бөлінген активтер бойынша уақытша
    еркін түсімдерді инвестициялауды дербес жүзеге асыратын
           арнайы қаржы компаниясы арасында жасалатын
                      Кастодиандық үлгі шарт

      "____" ____________ 200___жыл _______________________________ 
                                        (елді мекеннің атауы)   

      Осы Шарт мынадай тараптардың арасында жасалды:

      Арнайы қаржы компаниясы
____________________________________________________________________
  (Компанияның атауы, мемлекеттік (қайта) тіркеу куәлігінің нөмірі
және күні)

      бұдан әрі "Компания" деп аталады да, заңнамаға сәйкес берілген
жарғы немесе сенімхат негізінде іс-әрекет жасайтын
____________________________________________________________________
                  (лауазымы, фамилиясы, аты-жөні)

      арқылы,

      Кастодиан Банк
____________________________________________________________________
         (Банктің атауы, лицензия нөмірі және берілген күні)

      бұдан әрі "Кастодиан" деп аталады да, жарғы немесе заңнамаға
сәйкес берілген сенімхат негізінде іс-әрекет жасайтын
____________________________________________________________________
                     (лауазымы, фамилиясы, аты-жөні)

      арқылы.

1-тарау. Шарттың мәні

      1. Шарттың мәні Компанияның Кастодиан шоттарындағы бөлінген активтерін жауапты сақтау және есепке алу жөніндегі қызметті ұсыну болып табылады.
      2. Компания ақшалай талап етуді бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару жолымен қаржыландыруды, сондай-ақ бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түсімдерді инвестициялауды жүзеге асырады. Осы функцияларды жүзеге асыру үшін Компания Кастодианда шот ашады.
      3. Компания тапсырады, ал Кастодиан Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтай отырып және осы Шартқа сәйкес Компанияның өзіне сеніп тапсырылған активтерінің сақталуын және есебін жүргізуді қамтамасыз етеді және олардың мақсатқа орай орналастырылуына бақылау жасайды.

2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      4. Кастодиан:
      1) Компанияда осы Шарттың 3-тарауында сипатталған шот режимінде теңгеде банктік инвестициялық шот ашуды және жүргізуді;
      2) Компанияда осы Шарттың 4-тарауында сипатталған шот режимінде шетел валютасында банктік инвестициялық шот ашуды және жүргізуді;
      3) Компанияда осы Шарттың 5-тарауында сипатталған шот режимінде (бұдан әрі - қаржы құралдарын есепке алу шоты) бөлінген активтер есебінен инвестициялауға рұқсат берілген бағалы қағаздарды және басқа қаржы құралдарын есепке алу және сақтау үшін баланстан тыс шоттарды ашуға және жүргізуге;
      4) Компанияның бөлінген активтері бойынша түсімдерін операциялық күн ішінде банктік инвестициялық шот есебіне алуды;
      5) Компанияға операциялық күннен кейінгі күнгі сағат______ кешіктірмей операциялар түрлері бойынша теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттардағы ақша қозғалысы туралы хабарламаны ұсынуды;
      6) бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түсімдерді инвестициялау кезінде ақшаны теңгедегі банктік инвестициялық шоттан және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттан қарсы агенттердің ұлттық валютадағы және шетел валютасындағы тиісті шоттарына аудару кезінде және бағалы қағаздарды есептен шығаруға (есептеуге) және қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шоттардан (шоттарға) банктік салымдарға орналастыруды (қайтаруды) жүргізу кезінде ақша аудару жөніндегі Компанияның тапсырмаларын орындауды;
      7) бөлінген активтер қамтамасыз ету болып табылатын шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерін оның іске асыруы үшін Компанияның банктік ағымдағы шотына банктік инвестициялық шоттағы ақшаны есептен шығару жөніндегі Компанияның төлем тапсырмаларын орындауды;
      8) Кастодиан және Компания арасындағы салыстырып тексеру актісі негізінде бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түсімдерді инвестициялау кезінде пайда болған Компанияның шығыстарын өтеу үшін Компанияның банктік ағымдағы шотына теңгедегі банктік инвестициялық шоттан ақша аудару жөніндегі Компанияның төлем тапсырмаларын орындауды;
      9) Компанияны қаржы құралдарын есепке алу бойынша шоттарда (шоттардан) бағалы қағаздарды есептеу (есептен шығару) туралы бағалы қағаздарды есептеген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуді;
      10) бөлінген активтердің сақталуын қамтамасыз етуді;
      11) бөлінген активтердің қозғалысына байланысты операцияларды күн сайын есепке алуды қамтамасыз етуді;
      12) бөлінген активтер бойынша есеп беруді, сондай-ақ бөлінген активтерді есепке алу жөніндегі бастапқы құжаттарды бес жыл бойы сақтауды. Компанияның талап ету құқығын иеленуін растайтын бастапқы құжаттарды Кастодиан ол бойынша талаптарды орындаған сәттен бастап бес жыл бойы сақтауды;
      13) Компанияға бағалы қағаздар эмитенттерінен түскен ақпаратты Кастодианға ақпарат түскен күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуды;
      14) Кастодиан және Компания жүзеге асыратын бөлінген активтердің есебі мен бағалануының сәйкестігін қамтамасыз етуді;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған көлемде номиналды ұстаушы ретіндегі қызметті жүзеге асыруды;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктік инвестициялық шоттар және Компанияның қаржы құралдарын есепке алу шоты туралы мәліметтердің құпиялылығын сақтауды;
      17) осы Шарттың 7-тарауында көзделген тәртіппен деректерге тұрақты түрде қарсы салыстырып тексеру жүргізуді;
      18) теңгедегі немесе шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттан ақша аудару немесе қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шоттардан бағалы қағаздарды есептен шығару туралы Компанияның бұйрығын уәкілетті мемлекеттік органнан Компания лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы ресми хабарламасын алған сәттен бастап уәкілетті мемлекеттік органнан Компания лицензиясының қолданылуын қайтадан қалпына келтіру туралы ресми хабарламасын алған сәтке дейін орындамауды;
      19) уәкілетті органның ресми шешімін алған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей бөлінген активтерді сақтау және есебін алу жөніндегі Кастодиан құқығының өзгеруіне алып келетін басқа жағдайлар немесе кастодиандық қызметке берілген лицензияның қолданылуының уақытша тоқтатылуы (жойылуы) туралы Компанияны жазбаша хабардар етуді;
      20) Компанияның жазбаша сұрауларына ___ жұмыс күні ішінде жауап қайтаруды;
      21) қаржы құралдары бойынша кірістердің түсіміне бақылау жасауды;
      22) қаржы құралдары бойынша алынған кірісті Компанияның банктік инвестициялық шотына Кастодианның корреспонденттік шотына кіріс түскен күні есептеуді;
      23) Компанияның тапсырмалары Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес келмеген жағдайда дереу уәкілетті органға хабарлай отырып, оны орындамауды міндетіне алады.
      5. Кастодианның:
      1) ай сайын осы Шарттың 14 және 15-тармақтарына сәйкес Компаниядан және Басқарушыдан өзінің көрсеткен қызметі үшін ақы алуға;
      2) осы Шарттың 10-тарауында көзделген талаптармен және тәртіпте осы Шартты бұзуға;
      3) бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түсімдермен мәмілелер бойынша қызметті және қаржы құралдарының есебі жөніндегі шоттарды жүргізетін номиналды ұстаушының функциясын жүзеге асыратын тиісті ұйымдардың қызметіне ақы төлеу бойынша Кастодианның шығыстарын өтеуге Компанияға шот-фактура ұсынуға;
      4) көрсетілген шоттарда ағымдағы түсімдерді ескере отырып, мұндай төлем тапсырмаларын орындауға жеткілікті сома болмаған жағдайда, Компанияның теңгедегі немесе шетел валютасындағы инвестициялық шотынан есептен шығару жөніндегі төлем тапсырмасын орындамауға;
      5) Компанияны бұл жөнінде ___ жұмыс күні бұрын алдын-ала жазбаша хабардар ете отырып, тарифтерді өзгертуге;
      6) халықаралық рыноктарда бөлінген активтермен жасалған мәмілелері бойынша Компания мен Кастодиан арасындағы салыстырып тексеру актісімен расталған Кастодианның шеккен шығыстары сомасын акцептсіз есептен шығаруға құқығы бар.
      6. Компания:
      1) Басқарушы мен Кастодиан арасындағы бөлінген активтерді есептеу мен бағалаудың сәйкестігін қамтамасыз етуді;
      2) Кастодианға заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу куәлігінің, жарғының, акциялар шығарылымы проспектісінің және акциялар шығарылымын бекіту туралы есептің (Компания акционерлік қоғам нысанында тіркелген жағдайда) проспектісінің көшірмелерін, сондай-ақ аталған құжаттарға жасалған барлық өзгерістер мен толықтыруларды ұсынуды;
      3) Кастодианға бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түсімдерді инвестициялау жөніндегі қызметті жүзеге асыру функционалды міндетіне кіретін бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі жұмысты орындау құқығы берілген біліктілік куәлігін иеленетін қызметкерлер туралы мәлімет беруді;
      4) бөлінген активтер қамтамасыз етуі болып табылған Компания шығарған облигациялар бойынша міндеттемелерді өтеу күні Кастодианға оның шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді іске асыру үшін Компанияның банктік инвестициялық шотынан банктік ағымдағы шотына ақшаны есептен шығару жөніндегі тапсырманы бірмезгілдегі хабарламасымен бірге жіберуді;
      5) Кастодианға теңгедегі банктік инвестициялық шоттан ақшаны Компанияның банктік ағымдағы шотына аудару жөнінде өкім жіберуге, сондай-ақ Кастодианға банктік инвестициялық шоттан ақшаны Компанияның банктік ағымдағы шотына аудару жөніндегі төлем құжаттарын жіберуді;
      6) шотты алған күннен бастап ___ жұмыс күнінен кешіктірмей осы Шарттың 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген және Кастодиан берген шот-фактураларды төлеуді;
      7) Кастодианды уәкілетті орган тарапынан салынған барлық санкциялар туралы немесе тиісті мемлекеттік органның шешімін алған күннен бастап Компанияның атқарып жатқан қызметіне байланысты құқықтарына өзгерістер енгізуге әкелетін өзге де жағдайлар туралы хабардар етіп отыруды;
      8) Кастодианға осы Шарттың 4-тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетілген шоттарды ашу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттар пакетін беруді;
      9) барлық өзгерістер туралы (төлем құжаттарына қол қою құқығы бар басшы қызметкерлерді ауыстыру, салық төлеушінің мекен-жайларының, телефондарының, тіркеу нөмірлерінің ауысуы) өзгерістер келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Кастодианның тиісті құжаттарын ұсыну арқылы Кастодианды жазбаша хабардар етуді;
      10) Компанияның болжалданып отырған таратылуы немесе қайта ұйымдастырылуы туралы екі айдан кем емес мерзім ішінде Кастодианға және Басқарушыға жазбаша нысанда хабардар етуді;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түсімдерді инвестициялауды жүзеге асыру және Кастодианға көрсетілген деректер бойынша ақша аударуға арналған төлем құжаттарын және бағалы қағаздарды есепке алу (есептен шығару) және қаржы құралдарын есепке алу бойынша салымдарды шот(тарға(дан)қа орналастыру жөніндегі бұйрықтарды жіберуді;
      12) бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түсімдерді қатыстыра отырып, мәміле жасауға брокер-дилерге бір мезгілде тапсырыстардың түпнұсқаларын жібере отырып, Кастодианға осындай тапсырыстардың көшірмелерін (төлем сенімхаты және аударым жасау өкімі) және Кастодианның операциялық күні аясында қаржы құралдарының есебін алу жөніндегі шоттарға (шоттардан) бағалы қағаздарды есептеу (есептен шығару) жөніндегі бұйрықтарды жібере отырып, осынысымен Кастодианның бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында жасалатын мәмілелерді растау жүйесіне қатысу мүмкіндігін және мәмілелердің және бөлінген активтердің мақсатты орналастырылуына бақылауын жүзеге асыруды;
      13) Компания бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелеріне дербес қатысқан жағдайында - Кастодианды хабарландыруға немесе бағалы қағаздарды сатып алу-сату жөніндегі мәмілені жасау күні жазбаша хабардар етуді;
      14) екінші деңгейдегі банктермен жасалған банк салымдары шарттарының көшірмесін олар жасалған күні Кастодианға беруді;
      15) осы Шарттың 7-тарауында көзделген тәртіппен деректерді қарсы салыстырып тексеруді тұрақты жүргізуді міндетіне алады.
      7. Компания:
      1) осы Шарттың 10-тарауымен көзделген талаппен және тәртіппен осы Шартты бұзуға;
      2) бөлінген активтердің есебін алу және сақтауға қатысты Кастодианнан ақпарат алуға құқылы.

3-тарау. Теңгедегі банктік инвестициялық шоттың режимі

      8. Теңгедегі банктік инвестициялық шот бөлінген активтер түсімін есептеуге, бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түсімдерді инвестициялау нәтижесінде пайда болған қаржы құралдары бойынша кіріске, бағалы қағаздарды өтеуге, салымдарға орналастыруға және ұлттық валютада екінші деңгейдегі банктерде орналасқан салымдар бойынша қайтып келген сомаларды алуға, сондай-ақ бөлінген активтер және басқа түсімдер мен шығыстар бойынша уақытша еркін түсімдер есебінен иеленген қаржы құралдарын сатуға арналып отыр.
      9. Шоттағы ақша Компанияның кепілдігінің, кепілдік беруінің, кепілдемесінің және басқа да міндеттемелерінің объектісі бола алмайды.

      4-тарау. Шетел валютасындағы банктік инвестициялық
шоттың режимі

      10. Шетел валютасындағы банктік инвестициялық шот құны шетел валютасында көрсетілген қаржы құралдары бойынша алынған кіріс түсімінен, шетел валютасын сатудан, шетел валютасымен номинирленген бағалы қағаздарды сатып алуға бағытталған бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түсімдер есебінен шетел валютасын сатып алудан, талап ету құқығын іске асыру шетел валютасымен жасалатын бөлінген активтер бойынша түсімдерді есептеуге, бағалы қағаздарды өтеуге, шетел валютасындағы екінші деңгейдегі банктерге орналастырылған салымдар бойынша қайтарылған сомаларды қабылдауға және шетел валютасындағы басқа түсімдер мен шығыстарға арналған.
      11. Шоттағы шетел валютасындағы ақша Компанияның кепілдігінің, кепілдік беруінің, кепілдемесінің және басқа да міндеттемелерінің объектісі бола алмайды.

      5-тарау. Қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі
шот режимі

      12. Қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шот Компанияның бағалы қағаздарды және бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түсімдер есебінен сатып алынған басқа да қаржы құралдарын есепке алуға арналған баланстан тыс шоты болып табылады.
      13. Шоттағы қаржы құралдары Компанияның кепілдігінің, кепілдік беруінің, кепілдемесінің және басқа да міндеттемелерінің объектісі бола алмайды.

6-тарау. Кастодиан көрсеткен қызметке ақы төлеу
мөлшері мен тәртібі

      14. Компания осы шартқа сәйкес Кастодианның шоттарын төлейді.
      15. Кастодианның тарифтері осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Кастодианның тарифтері өзгерген жағдайда осы өзгерістер қосымша келісім түрінде ресімделеді.

7-тарау. Есеп беру нысандары және кезеңділігі

      16. Кастодиан теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттардағы ақшаның қозғалуына қарай Компанияға операциялардың түрлері бойынша теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттардағы ақшаның қозғалысы туралы хабарламаны береді.
      17. Кастодиан қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шоттарға(дан) бағалы қағаздарды есепке алу (есептен шығару) және салымдарды орналастыру (қайтару) туралы үзінді-көшірмені, сондай-ақ "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" акционерлік қоғамының үзінді-көшірмелерін Компанияға ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
      18. Кастодиан есепті айдан кейінгі айдың үш жұмыс күні ішінде салыстырып тексеру үшін мынадай деректерді электрондық түрде қалыптастырады және Компанияға жібереді:
      1) қаржы құралдарының құрылымын;
      2) теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттардағы ақша қозғалысын;
      3) қаржы құралдарының сатып алу құнын;
      4) зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялардың ағымдағы құнын;
      5) есептелген және алынған инвестициялық кіріс сомасын;
      6) Компанияның талап ету құқығын иеленгенін растайтын құжаттамаларды;
      7) Кастодианның комиссиялық сыйақы сомасын.
      19. Шарттың 18-тармағында көрсетілген деректер бойынша салыстырып тексеру есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірілмей Кастодиан және Компания уәкілетті өкілдері қол қоюы тиіс салыстырып тексеру актісімен ресімделеді.
      20. Бөлінген активтерге қатысты инвестициялық қызметті жүзеге асыруға байланысты шығындар пайда болған жағдайда Кастодиан және Компания осындай шығындар бойынша салыстырып тексеру жүргізеді.

8-тарау. Тараптардың жауапкершіліктері

      21. Компанияның осы Шарттың талаптарына сәйкес жіберген тапсырмаларын (бұйрықтарын) Кастодиан уақтылы орындамаған жағдайда Кастодиан тапсырмасы (бұйрығы) мерзімінде орындалмаған Компанияның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем жасау күніне белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің _______мөлшерінде ақы төлеу күнін қосқанда, әрбір кешіктірілген күн үшін мерзімінде орындалмаған тапсырмада көрсетілген сомаға есептелген айып төлейді.
      22. Осы Шарттың 6-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген шот-фактураларды уақтылы төлемеген жағдайда Компания Кастодианға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем жасау күніне белгіленген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің ___ мөлшерінде ақы төлеу күнін қосқанда, әрбір кешіктірілген күн үшін төленбеген сомаға есептелген айып төлеуге міндетті.
      23. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамау, дұрыс немесе уақтылы орындамау нәтижесінде басқа тарапқа немесе тараптарға шығын келтірген тарап осындай жағдайлар туындағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде осы тарапқа немесе тараптарға шығынды өтеуге және оларға төлем жасау күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгіленген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің ___ мөлшерінде тараптың әрқайсысына жеке есептелген шығын сомасына есептелген айыптарды төлеуі міндетті.
      24. Егер айыптардың туындау негіздері осы Шарттың 9-тарауында көрсетілген дүлей күш жағдайына тікелей байланысты болса, тараптар осы Шарттың 21-23-тармақтарында көрсетілген айыптарды төлеуден босатылады.
      25. Компания Қазақстан Республикасының бастапқы және қайталама бағалы қағаздар рыноктарында және халықаралық рыноктарда жүзеге асырылатын мәмілелер бойынша есептеулерге арналған төлем тапсырмаларының Кастодианға уақтылы берілуі үшін жауапкершілік алады.

9-тарау. Төтенше жағдайлар

      26. Егер осы Шарттың 27-тармағында көрсетілген Төтенше жағдайлар тараптардың біріне осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауға бөгет, кедергі жасаса немесе кідіртсе, осындай тараптың осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауы Төтенше жағдайлар созылатын тең уақытқа және жоғарыда аталған міндеттемелерді орындауға бөгет, кедергі жасау немесе кідірту дәрежесіне қарай тоқтатыла тұрады.
      27. Төтенше жағдай өртті, су тасқынын, зілзаланы, соғыстарды (жарияланған және жарияланбаған), көтерілістерді, ереуілдерді, азамат соғысын немесе тәртіпсіздіктерді, осы Шартта көрсетілген қызмет түрлеріне уәкілетті органдар тікелей немесе жанама тыйым салатын заңдар, қаулылар, шешімдер және өзге де актілерді қабылдауын қосатын, бірақ шектемейтін кез келген жағдайларды білдіреді.
      28. Төтенше жағдай туындаған күні осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауға кедергісі бар тарап басқа тараптарды Төтенше жағдайдың басталғаны туралы және Төтенше жағдайдың оған осындай міндеттемелерді орындауына әсері туралы жазбаша хабарлауы тиіс. Егер тарап осы тармақта белгіленгендей Төтенше жағдай туралы хабарламаса, сол тарап осы тарап үшін Төтенше жағдай нәтижесінде басқа тараптарға хабарлама жіберуге мүмкіндігі болмай қалған жағдайларды қоспағанда осы шарттың 29-тармағында көрсетілген құқықтарын жоғалтады.
      29. Төтенше жағдай тоқтатылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оған тартылған тарап басқа тарапқа Төтенше жағдайдың тоқтатылғаны туралы жазбаша хабарлауы тиіс және осы шарт бойынша міндеттемелерін орындауды қайта жаңартуы тиіс. Егер Төтенше жағдай басталғаннан кейін бір айдан астам уақытқа созылса, тараптардың кез келгені 10-тарауға сәйкес осы Шарттың қолданылуын тоқтатуға құқылы.

10-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі және оны
бұзу тәртібі

      30. Осы шарт оған қол қойылған сәттен бастап жасалған деп саналады және мерзімсіз қолданылады.
      31. Шартты бұзу Шарт бойынша міндеттемелерді тоқтатудың жалпы негіздемелерімен бірге мынадай жағдайларда болуы мүмкін:
      1) Компанияның атқарушы органының тиісті шешімінің негізінде;
      2) Кастодианның шешімі бойынша;
      3) Кастодианға уәкілетті орган бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға берген лицензиясының қолданылу мерзімі тоқтатылған кезде.
      32. Шартты бұзу жөнінде бастама жасаушы Шартты бұзу жөніндегі белгіленген күнге дейінгі отыз күнтізбелік күн ішінде тараптарды хабарландыруы міндетті.
      33. Компанияның активтерін жаңа Компанияға уәкілетті орган белгілеген тәртіппен беру рәсімдері аяқталған соң бұзылды деп есептеледі.
      34. Шарт Кастодианның бастамасы бойынша бұзылған жағдайда ол Компания мен Басқарушының кастодиан қызметін жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясы бар басқа банкпен кастодиан шартына қол қойған сәтіне дейін осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауға міндетті.

11-тарау. Басқа да талаптар

      35. Тараптар Қазақстан Республикасының осы Шарттың мәніне қатысты және осы Шарт бойынша тараптардың қатынастарын реттейтін заңдарын сақтауға міндеттенеді.
      36. Осы Шарт әрқайсысының заң күшi бiрдей мемлекеттiк және орыс тiлдерінде үш дана етiп жасалған, әрбір тарапқа бір-бірден келеді.
      37. Осы Шарттың талаптары кез келген өзге шарттың немесе тараптар арасында жеке немесе бірге жасалған келісімнің талаптарына қайшы келген жағдайда осы Шарттың ережелері басым болып табылады және тараптар ең алдымен осы Шарттың ережелерін басшылыққа алады.
      38. Осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың жазбаша келісуі бойынша осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісімге қол қою арқылы енгізіледі.
      39. Тараптардың осы Шарт бойынша реттелмеген дауларын Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамалары негізінде Қазақстан Республикасының соттары олардың құзыретіне сәйкес қарайды.
      40. Тараптардың ешқайсысы да осы Шарт бойынша құқықтарын немесе міндеттемелерін үшінші тұлғаға беруге немесе басқаға беруге құқылы емес.

      12-тарау. Тараптардың деректемелері және қолдары

            Компания                        Басқарушы
_________________________________   _______________________________
_________________________________   _______________________________
_________________________________   _______________________________
(Компанияның деректемелері, салық   (Кастодианның деректемелері, 
төлеушінің тіркеу нөмірі, почталық  салық төлеушінің тіркеу нөмірі, 
мекен-жайы, телефондары, банктік    почталық мекен-жайы,
бірегейлендіру коды, жеке бірегей-  телефондары, банктік
лендіру коды, бенефициар коды)      бірегейлендіру коды, жеке 
                                    бірегейлендіру коды, бенефициар
                                    коды)
__________________________________  _______________________________
(Компания өкілінің лауазымы,         (Кастодиан өкілінің лауазымы, 
қолы)                                                    қолы)
    мөрдің орны                               мөрдің орны".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады