Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесін бекіту туралы"»2004 жылғы 7 желтоқсандағы N 286-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 3 шілдедегі N 157-Ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 25 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 4310. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі N 132-ө Бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011.04.18 N 132-ө Бұйрығымен.

      Мүгедектерді оңалтуды жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің»"Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 7 желтоқсандағы N 286-ө бұйрығына(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3317 тіркелген, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 3 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4075 тіркелген, 2006 жылғы 10 наурыздағы N 42-43 (1022-1023) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесінде (бұдан әрі - Ереже):

      1-тармақта:
      "2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздер ", Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. ОЖБ халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) медициналық ұйымдардың, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің, және оңалту іс-шараларын жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлерін тарта отырып (қажет болған жағдайда) мүгедек куәландырылған күннен бастап бір айдың ішінде әзірлейді.
      Мүгедектік қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленген жағдайларда ОЖБ мынадай құжаттардың негізінде әзірленеді:
      оңалтудың медициналық, кәсіптік бөліктерін, санаторлық-курорттық емдеуді, жеке басының негізгі әлеуметтік дағдыларына, өзіне өзі қызмет көрсетуге, жүріп-тұруға, қарым-қатынасқа үйретуді жүргізу үшін медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы, мүгедектігін растайтын анықтамасы, жеке басын куәландыратын құжаты немесе оның көшірмесі;
      үйде, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсету үшін ресімделген күнінен бастап бір айдан кешіктірмей берілген медициналық картасы, мүгедектігін растайтын анықтамасы, жеке басын куәландыратын құжаты немесе оның көшірмесі;
      протездік-ортопедиялық көмек, ымдау тілі маманының қызметтерін көрсету үшін, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету үшін мүгедектігін растайтын анықтамасы немесе медициналық-әлеуметтік сараптама актісі, жеке басын куәландыратын құжаты немесе оның көшірмесі;
      ОЖБ мүгедектік белгіленген мерзімге әзірленеді.";

      4-тармақта:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      2) оңалту іс-шараларының түрлерін, шарттарын, көлемі мен орындау мерзімдерін айқындау.";

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      Клиникалық болжам - клиникалық-функционалдық деректер талдауына, аурудың этиология, патогенез және ағымының ерекшеліктеріне, тіршілік-тынысының шектелуіне әкеп соқтырған жарақаттар мен кемістіктер салдарына, тиімді емдеу мүмкіндіктеріне негізделген аурудың, жарақаттар мен кемістіктердің даму және аяқталу болжамы.";

      жетінші абзацтағы "аурудың, жарақаттың немесе мертігудің салдарынан" деген сөздер алынып тасталсын;

      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) біршама қолайлы - аурудың, жарақаттың немесе кемістіктің қалған белгілері бар толық емделмеу, ағзаның бұзылған функцияларының және тіршілік әрекеті шектелуінің бәсеңдеуі, тұрақтануы немесе ішінара орны толтырылуы;";

      тоғызыншы абзацтағы "аурудың, жарақаттың немесе мертігудің салдарынан" деген сөздер алынып тасталсын;

      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) күмәнді - аурудың, жарақаттану немесе кемістік салдарларының түсініксіз ағымы.";

      он төртінші абзацтағы "ағза функцияларының шамалы білініп бұзылуымен толығымен сауықпау" деген сөздер "шамалы білініп бұзылуы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      он бесінші абзацтағы "созылмалы аурудың баяу дамуы" деген сөздер алынып тасталсын;

      он алтыншы абзацтағы "ауру ағымының үдеуі" деген сөздер алынып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. ОЖБ:
      ОЖБ картасынан (1-қосымша);
      ОЖБ картасынан үзінді көшірмесінен (2-қосымша);
      оңалтудың медициналық бөлігінен (3-қосымша);
      оңалтудың әлеуметтік бөлігінен (4-қосымша);
      оңалтудың кәсіптік бөлігінен (5-қосымша) тұрады.
      Оңалтудың медициналық және/немесе әлеуметтік және/немесе кәсіптік бөліктері жүргізілген оңалту-сараптамалық диагностиканың нәтижелеріне және мүгедектік белгілеуге әкеп соқтырған, организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығының бұзылуы салдарынан туындаған мүгедектің тыныс-тіршілігі шектелуінің толық немесе ішінара орнын толтыруға бағытталған оңалту іс-шараларының нақты түрлерін тағайындауға деген сұранымына қарай әзірленеді.";

      6-тармақ алынып тасталсын;

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Оңалтудың медициналық, әлеуметтік, кәсіптік бөлігінің тіркеу нөмірлері ОЖБ картасының тіркеу нөміріне сәйкес болуға тиіс.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. "Оңалтудың медициналық бөлігі медициналық ұйымдардың медициналық-әлеуметтік сараптамаға N 088у нысаны бойынша жолдамасында көрсетілген оңалту іс-шаралары жоспарының негізінде, ал мүгедектігі қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленген адамдарға медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысында көрсетілген ұйғарымдардың негізінде әзірленеді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Оңалтудың әлеуметтік бөлігі жүргізілген оңалту-сараптама диагностикасы нәтижелерінің, мүгедектің әлеуметтік-тұрмыстық өмір сүру жағдайларын зерттеу негізінде әзірленеді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Оңалтудың кәсіптік бөлігі жүргізілген оңалту-сараптама диагностикасы нәтижелерінің негізінде әзірленеді. Мүгедек балалар үшін олардың психикалық жай-күйі, интеллектуалдық даму ерекшеліктерін, ойын әрекетіне, білім алуға, қарым-қатынасқа, еңбек қызметі дағдыларын игеруге және орындауға ықтимал мүмкіндіктерін ескере отырып әзірленеді.";

      11-тармақтағы "мүгедек (немесе оның заңды өкілі) қол қойып," деген сөздер алынып тасталсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "ОЖБ үзінді көшірме мүгедекке (немесе оның заңды өкіліне) беріледі.";

      13-тармақтағы "мүгедектің ОЖБ" деген сөз "оңалту" деген сөзбен ауыстырылсын;

      14-тармақ алынып тасталсын;

      16, 17, 18, 19, 20, 21, 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "16. Оңалтудың медициналық бөлігін денсаулық сақтау ұйымдары мен меншік нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.
      17. Оңалтудың әлеуметтік бөлігін халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары, арнаулы білім беру ұйымдары (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері) мен меншік нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.
      18. Оңалтудың кәсіптік бөлігін халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары, сондай-ақ білім беру қызметімен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен алған лицензия негізінде айналысатын ұйымдар жүргізеді.
      19. Оңалтудың жүргізілген медициналық, әлеуметтік және кәсіптік бөліктерінің тиімділігін бағалауды аумақтық бөлімше мүгедекті кезекті қайта куәландыру кезінде немесе оны динамикалық қадағалау тәртібімен жүзеге асырады.
      20. ОЖБ уақытында түзету үшін және одан арғы оңалту шараларын әзірлеу аумақтық бөлімше динамикалық қадағалауды ұйымдастырады, ол үшін мүгедектің аумақтық бөлімшеде болуының бақылау мерзімдерін айқындайды.
      ОЖБ іске асырылуын динамикалық қадағалау мерзімдері тағайындалған оңалту іс-шараларының аяқталу күнімен айқындалады.
      21. Кез келген оңалту іс-шараларының орындалмау себебіне қарай, айғақтамалар болған кезде, аумақтық бөлімше оңалтудың медициналық және/немесе әлеуметтік және/немесе кәсіптік бөлігі бойынша қосымша іс-шараларды әзірлейді немесе оңалту іс-шараларын одан әрі жүргізудің қажеттігі мен тиімділігі туралы мәселені шешеді.
      22. Жүргізілген оңалту іс-шараларының аяқталуына орай оңалтудың медициналық, әлеуметтік және кәсіптік бөліктерін ОЖБ орындалуына жауапты ұйымның, кәсіпорынның, мекеменің басшысы қолын қояды, мөртаңбалармен расталады және көрсетілген іске асыру мерзіміне дейін бір айдан кешіктірмей аумақтық бөлімшеге қайтарылады.";

      мынадай мазмұндағы 23, 24-тармақтармен толықтырылсын:
      "23. ОЖБ іске асыру жөніндегі қорытындыны аумақтық бөлімше кезекті куәландыру кезіндегі алқалық талқылаудан кейін, оңалтудың медициналық, әлеуметтік және кәсіптік бөліктерін іске асыру тиімділігін бағалау негізінде шығарады, оны аумақтық бөлімшенің бастығы бекітеді, куәландыруға арналған мөртабанмен расталады.
      24. ОЖБ іске асырылуын бақылауды аумақтық бөлімше жүзеге асырады.";

      Ережеге 1, 2, 3, 4, 5-қосымшалар осы бұйрыққа қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Әлеуметтік нормативтер және мүгедектерді оңалту департаментінің директоры Қ.А.Манабаева осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Т.Б.Дүйсеноваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі
      7 шілде 2006 ж.

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      8 шілде 2006 ж.

                                          Қазақстан Республикасы
                                       Еңбек және халықты әлеуметтік
                                            қорғау министрінің
                                          2006 жылғы 3 шілдедегі
                                              N 157-Ө бұйрығына
                                                  1-қосымша

                                           Мүгедекті оңалтудың жеке
                                            бағдарламасын әзірлеу
                                             ережесіне 1-қосымша

     Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының картасы (ОЖБ)
             (аумақтық бөлімше маманы толтырады)

      200 _ жылғы " ___" ___________ N ______ медициналық-әлеуметтік
                    сараптама актісіне N ____
1. Т.А.Ә. __________________________________________________________
2. Туған жылы, айы, күні____________________________________________
3. ОЖБ бірінші рет, қайта жасалды (астын сызу)
4. ОЖБ әзірлеу күні ________________________________________________
5. Клиникалық болжам: қолайлы, біршама қолайлы, күдікті (астын сызу)
6. Оңалту әлеуеті: жоғары, қанағаттанарлық, төмен (астын сызу)
7. Оңалту болжамы: қолайлы, біршама қолайлы, күдікті (астын сызу)
8. Оңалту-сараптама қорытындысы (оңалту іс-шараларын жүргізуге
мүгедектің мұқтаждығы туралы)
____________________________________________________________________
9. Іске асыру мерзімдері: медициналық оңалту __________, әлеуметтік
оңалту _________, кәсіби оңалту ___________


Болатын  күні

Болғандығы туралы белгі

Болатын күні

Болғандығы туралы белгі

Болатын күні

Болғандығы туралы белгі

аумақ-тық бөлім-ше







     Динамикалық бақылау процесінде ОЖБ орындалуы туралы
                      қорытынды  

р/с

Қабілеттің шектелуі (функционалдық класс бойынша)

күні

күні

Күні

1

2

3

4

5

6

7

8



Оңалтуға дейін 

Оңалтудан кейін

Оңалтуға дейін 

Оңалтудан кейін

Оңалтуға дейін 

Оңалтудан кейін

1.

өзін-өзі күтуге







2.

өздігінен жүріп-тұруға







3.

қарым-қатынасқа







4.

бағдарға







5.

өзінің мінез-құлқын бақылау







6

оқуға







7.

еңбек қызметіне 







8.

ойын қызметіне







  10. Тұжырымдары:
      1) оңалту әлеуетінің жеткен нәтижесіне сәйкестілік дәрежесі бойынша (астын сызу): толық іске асырылды, жартылай, іске асырылмады;
      2) мүгедектік динамикасы бойынша (астын сызу): толық, жартылай оңалту, тұрақты мүгедектік, мүгедектіктің ауырлауы.
11. ОЖБ іске асыру күні_______________

Аумақтық бөлімше
бас маманының (реабилитолог)
Т.А.Ә._______________   ______________
                           (қолы)

Аумақтық бөлімше бастығы
Т.А.Ә._______________  _______________
                           (қолы)

Куәландыру үшін мөртаңба

                                           Қазақстан Республикасы
                                       Еңбек және халықты әлеуметтік
                                             қорғау министрінің
                                          2006 жылғы 3 шілдедегі
                                             N 157-Ө бұйрығына
                                                 2-қосымша

                                          Мүгедекті оңалтудың жеке
                                            бағдарламасын әзірлеу
                                             ережесіне 2-қосымша

       N___ мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының картасынан
                            ҮЗІНДІ КӨШІРМЕ
                    (аумақтық бөлімше маманы толтырады)
Мүгедектің Т.А.Ә.___________________________________________________
Тұрақты тұратын мекен-жайы__________________________________________
Куәландыру күні_____________________________________________________
Мүгедектік санаты___________________________________________________
Мүгедектік _____________________________________ мерзімге белгіленді
Қайта куәландыру күні_______________________________________________
Оңалтудың медициналық бөлігінің іске асыру мерзімі__________________
Оңалтудың әлеуметтік бөлігінің іске асыру мерзімі___________________
Оңалтудың кәсіби бөлігінің іске асыру мерзімі_______________________


Болатын күні

Болғандығы туралы белгі

Болатын күні

Болғандығы туралы белгі

Болатын күні

Болғандығы туралы белгі

Аумақтық бөлімше







  Тұжырымдары:
      1) оңалту әлеуетінің жеткен нәтижесіне сәйкестілік дәрежесі бойынша (астын сызу): толық іске асырылды, жартылай, іске асырылмады;
      2) мүгедектік динамикасы бойынша (астын сызу): толық, жартылай оңалту, тұрақты мүгедектік, мүгедектіктің ауырлауы.

Аумақтық бөлімше
бас маманының (реабилитолог)
Т.А.Ә._______________   ______________
                           (қолы)
Аумақтық бөлімше бастығы
Т.А.Ә._______________  _______________
                           (қолы)
Куәландыру үшін мөртаңба

                                          Қазақстан Республикасы
                                       Еңбек және халықты әлеуметтік
                                             қорғау министрінің
                                          2006 жылғы 3 шілдедегі
                                             N 157-Ө бұйрығына
                                                 3-қосымша

                                          Мүгедекті оңалтудың жеке
                                            бағдарламасын әзірлеу
                                             ережесіне 3-қосымша

                Оңалтудың медициналық бөлігі
          200 _ жылғы" ___" _____________ N ______
       медициналық-әлеуметтік сараптама актісіне N ____

1. ТАӘ (мүгедек)____________________________________________________
2. Туған жылы, айы, күні ___________________________________________
3. Оңалтудың медициналық бөлігін әзірлеу күні_______________________
4. Мекен-жайы_______________________________________________________
5. Мүгедектік санаты________________________________________________
6. Мүгедектік себебі________________________________________________
7. Клиникалық-сараптама диагнозы: (негізгі және ілеспелі)___________
____________________________________________________________________

р/с

Оңалту іс-шаралары

Аумақтық бөлімшенің ұсынымдары

орындалуы

Орындалу орны (емхана,
үйде, стационар, оңалту орталығы, сана
торий)

орындалмады, себебі

Курстар-дың ұзақтығы және еселігі

Орындалу мерзім-
дері

Курстар-
дың ұзақтығы және еселігі

Орында-лу мерзімі

(аумақтық бөлімше маманы толтырады)

(ОЖБ орындалуына жауапты маман толтырады)

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Қалыпқа келтіру терапиясы(енгізіп жазу)







2.

Реконструкциялық хирургия  (енгізіп жазу)







3.

Санаторлық емдеу (денсаулық сақтау ұйымының желісі бойынша өткізіледі) (бейінді көрсету)







  8. Оңалтудың медициналық бөлігі бойынша іске асырудың нәтижесін бағалау (астын сызу): бұзылған функцияларды қалпына келтіру (толық немесе ішінара), бұзылған функцияларды өтеу (толық немесе ішінара), жағымды нәтижелердің болмауы (ОЖБ орындалуына жауапты маман толтырады).
9. Оңалтудың медициналық бөлігін әзірлеу күні ______________________
(аумақтық бөлімше маманы толтырады)
10. Оңалтудың медициналық бөлігін іске асыру мерзімі _______________
(ОЖБ орындалуына жауапты маман толтырады)

Аумақтық бөлімше
бас маманының (реабилитолог)
Т.А.Ә._______________   ______________
                           (қолы)
Аумақтық бөлімше бастығы
Т.А.Ә._______________  _______________
                           (қолы)
Куәландыру үшін мөртаңба
ОЖБ іске асыруға жауапты ұйым, кәсіпорын, мекеме басшысының
Т.А.Ә.   
                                                            (қолы)
М.О.

                                           Қазақстан Республикасы
                                       Еңбек және халықты әлеуметтік
                                             қорғау министрінің
                                          2006 жылғы 3 шілдедегі
                                             N 157-Ө бұйрығына
                                                 4-қосымша

                                          Мүгедекті оңалтудың жеке
                                            бағдарламасын әзірлеу
                                             ережесіне 4-қосымша

                  Оңалтудың әлеуметтік бөлігі
          200 _ жылғы" ___" _____________ N ______
       медициналық-әлеуметтік сараптама актісіне N ____

1. ТАӘ (мүгедектің)_________________________________________________
2. Туған жылы, айы, күні____________________________________________
3. Оңалтудың әлеуметтік бөлігін әзірлеу күні _______________________
4. Мекен-жайы ______________________________________________________
5. Мүгедектік санаты _______________________________________________
6. Мүгедектік себебі _______________________________________________
7. Клиникалық-сараптама диагнозы: (негізгі және ілеспелі)___________
____________________________________________________________________

р/с

Оңалту іс-шаралары

Аумақтық бөлімшенің ұсынымдары

Орындаушы (орындалуына жауапты маман толтырады)

Орындалу күні

Орындалмады, себебі

орындалу мерзімдері (аумақтық бөлімше маманы толтырады)

(ОЖБ орындалуына жауапты маман толтырады)

1

2

3

4

5

6

1.

Протездік-ортопедиялық көмек көрсету (енгізіп жазу)





2.

Техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету (енгізіп жазу)





3.

Жүріп-тұру кезінде пайдаланылатын бұйымдармен қамтамасыз ету (енгізіп жазу)





4.

Жеке гигиена, өзін-өзі күту, жүріп-тұру негізгі әлеуметтік дағдыларды үйрету (астын сызу)





5.

Әлеуметтік қызметтер ұсыну (астын сызу): жеке көмекші, ымдау тілінің маманы





6.

Әлеуметтік қызмет көрсету (енгізіп жазу)





7.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары өткізетін санаторлық емдеу (бейінді көрсету)





8.

Басқалары(енгізіп жазу)





  8. Оңалтудың медициналық бөлігі бойынша іске асырудың нәтижесін бағалау (астын сызу): өзін-өзі күту, дербес тұру, жүріп-тұру дағдыларын, бағдарын, әлеуметтік-психологиялық мәртебесін толық немесе ішінара қалпына келтіру (ОЖБ орындалуына жауапты маман толтырады).
9. Оңалтудың әлеуметтік бөлігін іске асыру мерзімі _________________
      (аумақтық бөлімше маманы толтырады)
10. Оңалтудың әлеуметтік бөлігін іске асыру күні____________________
      (ОЖБ орындалуына жауапты маман толтырады)
Аумақтық бөлімше бас маманының (реабилитолог)
Т.А.Ә.____________________________________        __________________                                                         (қолы)
Аумақтық бөлімше бастығы
Т.А.Ә.____________________________________        __________________                                                         (қолы)
Куәландыру үшін мөртабан
 
  Оңалту іс шараларын іске асыруға жауапты ұйым, кәсіпорын, мекеме басшысының
Т.А.Ә. ___________________________________        __________________
                                                        (қолы)
М.О.

                                          Қазақстан Республикасы
                                       Еңбек және халықты әлеуметтік
                                             қорғау министрінің
                                          2006 жылғы 3 шілдедегі
                                             N 157-Ө бұйрығына
                                                 5-қосымша

                                          Мүгедекті оңалтудың жеке
                                            бағдарламасын әзірлеу
                                             ережесіне 5-қосымша

                    Оңалтудың кәсіби бөлігі
           200 _ жылғы" ___" _____________ N ______
        медициналық-әлеуметтік сараптама актісіне N ____

1. ТАӘ (мүгедектің)_________________________________________________
2. Туған жылы, айы, күні____________________________________________
3. Оңалтудың кәсіби бөлігін әзірлеу күні____________________________
4. Мекен-жайы ______________________________________________________
5. Мүгедектік санаты _______________________________________________
6. Мүгедектік себебі _______________________________________________
7. Клиникалық-сараптама диагнозы: (негізгі және ілеспелі) __________
____________________________________________________________________

р/с

Оңалту іс-шаралары

Аумақтық бөлімшенің ұсынымдары

Орындаушы 

Орындалу күні

Орындалмады, себебі

орындалу мерзімдері (аумақтық бөлімше маманы толтырады)

(ОЖБ орындалуына жауапты маман толтырады)

1

2

3

4

5

6

1.

Психологиялық-
педагогикалық коррекциялық жұмыс, мектепке дейінгі білім беру, бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру (астын сызу)





2.

Кәсіптік білім: бастауыш, орта, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары арқылы (астын сызу)





3.

Оқу шарты: үйде, мамандандырылған мекемелерде, жұмыс орны бойынша және басқалары (енгізіп жазу)





4.

Жұмыс орны, квота бойынша, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары және басқалары арқылы жұмысқа орналастыру (енгізіп жазу)





5.

Жұмысқа орналастыру шарты  





5.1. жұмыс режимін ұйымдастыру: толық немесе қысқартылған жұмыс күні және басқа (енгізіп жазу)





5.2. жағымсыз өндірістік факторлардың әсерін қоспағанда





5.3. жұмыс орнын арнаулы құралдармен жабдықтау





6. 

Басқалары (енгізіп жазу)





  8. Оңалтудың кәсіби бөлігі бойынша іске асырудың нәтижесін бағалау: оқытылды, қайта оқытылды, кәсіпті иегерді, жұмыс орны құрылды, жұмысқа орналастырылды, жағымды нәтиженің болмауы (ОЖБ орындалуына жауапты маман толтырады).
9. Оңалтудың кәсіби бөлігін әзірлеу күні ___________________________
(аумақтық бөлімше маманы толтырады)
10. Оңалтудың кәсіби бөлігін орындау күні___________________________
(ОЖБ орындалуына жауапты маман толтырады)
Аумақтық бөлімше бас маманының (реабилитолог)
Т.А.Ә.____________________________________        __________________                                                         (қолы)
Аумақтық бөлімше бастығы
Т.А.Ә.____________________________________        __________________                                                         (қолы)
Куәландыру үшін мөртабан
 
  Оңалту іс шараларын іске асыруға жауапты ұйым, кәсіпорын, мекеме басшысының
Т.А.Ә. ___________________________________        __________________
                                                        (қолы)
М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады