Кино көрсетуші кәсіпорындар үшін еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі ережелерді бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2006 жылғы 3 тамыздағы 188 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 21 тамызда тіркелді. Тіркеу N 4351. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2008 жылғы 30 мамырдағы N 173 бұйрығымен.

      Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2008 жылғы 30 мамырдағы N 173 бұйрығымен.

Үзінді:
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрінің 2005 жылғы 18 қазандағы N 274, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2006 жылғы 3 тамыздағы N 188 және 2006 жылғы 29 қыркүйектегі N 245 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27-бабы 1-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Күші жойылды деп танылсын:
      1) ...;
      2) "Кино көрсетуші кәсіпорындар үшін еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2006 жылғы 3 тамыздағы N 188 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4351);
      3) ....
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                   М. Құл-Мұхаммед
________________________________________________

      "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы  Заңының  7-бабы, 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1182  қаулысымен  бекітілген мемлекеттік органдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен бекіту ережелеріне сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Кино көрсетуші кәсіпорындар үшін еңбекті қорғау жөніндегі ережелер бекітілсін.
      2. Өнер департаментінің директоры В.Ә.Күзембаев:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді;
      2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.М.Әлиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр 

      КЕЛІСІЛДІ 
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрінің
      міндетін атқарушы

      2006 жылғы 3 тамыз

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау 
      министрінің міндетін атқарушы

      2006 жылғы 3 тамыз

Қазақстан Республикасы   
Мәдениет және ақпарат    
министрінің          
2006 жылғы 3 тамыздағы   
N 188 бұйрығымен бекітілген

  Кино көрсетуші кәсіпорындар үшін еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер

1. Жалпы ережелер

       1. Осы Ережелер кино көрсетуші кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау үшін (бұдан әрі - Ережелер) "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау" туралы Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес әзірленген және кино көрсетуші кәсіпорындар үшін ұйымдық құқықтық нысанына қарамастан еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі негізгі талаптарды белгілейді.

      2. Осы Ережелер жеке пайдаланудағы киноқондырғыларға және сегіз миллиметрлік кинофильмдер көрсетуге арналған киноқондырғыларға таралмайды.

      3. Осы ережелердің талаптары кино көрсетуші кәсіпорындардың (бұдан әрі - Кәсіпорын) басшылары, мамандары және жұмысшыларының орындауына міндетті болып табылады.

  2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
жөніндегі қызметті ұйымдастыру

      4. Кәсіпорын  басшылары (бұдан әрі -  жұмыс беруші) қызметкерлердің денсаулығын сақтау және нығайту, санитарлық-техникалық және қауіпсіз еңбек жағдайы жөніндегі тиісті жағдайларды қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның функцияларына мыналар:
      1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қажетті ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды өткізу және еңбекті қорғау мәселелері бойынша басшылар мен мамандардың лауазымдық міндеттерін бекіту;
      2) Кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек және демалыс тәртібін ұйымдастыру;
      3) қауіптілігі жоғары учаскелер мен объектілерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жауапты тұлғаларды тағайындау;
      4) Кәсіпорын қызметкерлерін арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету;
      5) жазатайым оқиғаларды есепке алу және тергеу материалдарының негізінде жазатайым оқиғаларды тудыратын себептердің алдын-алу бойынша шараларды уақытында қабылдау;
      6) кәсіптік және жаппай науқастанушылықтың алдын алу жөнінде санитарлық-сауықтыру шараларының уақытында орындалуын қамтамасыз ету;
      7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың нұсқамаларын уақытында орындау;
      8) қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты бекіту кіреді.

      5. Қызметкерлер саны 50-ден артық ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды сақтау үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызмет құрылады, оның функцияларына:
      1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі кіріспе нұсқаулықты жұмысқа қайта қабылданған тұрақты және уақытша қызметкерлермен, сондай-ақ жұмысты қоса атқарушы қызметкерлермен, іссапарға жіберілгендермен, өндірістік оқуға немесе іс-тәжірибеден өтуге келген оқушылармен және студенттермен жүргізу;
      2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша олардың практикада сақталуын бақылауды ұйымдастырудың стандарттарын енгізу мәселелері бойынша қызметкерлерді дайындау мен оқыту семинарларын өткізу;
      3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға, гигиеналық нормативтер жөніндегі талаптарға сәйкес келтіру мақсатында өндірістік ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйіне белгіленген тәртіппен бақылауды ұйымдастыру;
      4) өндірістік құрал-жабдықтар мен қызметкерлердің еңбек жағдайларының жай-күйіне тұрақты және тиісті түрде бақылауды жүзеге асыру;
      5) жазатайым жағдайларды тексеруді жүзеге асыру, сондай-ақ өндірістік жарақаттар бойынша есептік құжаттама жасау;
      6) көрермендер мен қызмет көрсетуші персоналдың қауіпсіздігіне қатер төнетін болса Кәсіпорынның жекелеген үй-жайларын, ғимараттарын, сондай-ақ құрал-жабдықтарды пайдалануды тоқтата тұру;
      7) кинотехнологиялық және басқа да құралдар түрлерінің монтажы кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға бақылауды жүзеге асыру кіреді.

      6. Штат бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мамандары көзделмеген кәсіпорындарда, кинотехнологиялық, электротехникалық және басқа да жабдықтарды пайдалану бөлігінде еңбекті қорғау жөніндегі шараларды іс жүзінде жүргізу, сондай-ақ осы Ережелердің талаптарын және қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау киномеханиктерге жүктеледі.

      7. Өндірістік ұйымдардың басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігі және оны қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар мерзімді үш жылда бір рет тиісті оқу орындарының немесе мекемелердің біліктілігін арттыру курстарында еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау мәселелері бойынша оқудан өтуге және білімін тексеруге міндетті.

      8. Иелігінде киноқондырғылары бар Кәсіпорынға алғаш рет жұмысқа қабылданған қызметкермен, сондай-ақ өндірістік оқу немесе тәжірибеден өтуге келген оқушылар мен студенттермен кіріспе нұсқаулық жүргізіледі, ол туралы еңбек қауіпсіздігі бойынша кіріспе нұсқаулықты тіркеу журналында  1-қосымша  сәйкес нысанда жазба жазылады.
      Саймандарды пайдалана отырып құрал-жабдықтарды жөндеу, пайдалану, қызмет көрсетумен байланысты емес тұлғаларды қоспағанда, оқушылар мен студенттермен жұмыс орнында бастапқы нұсқаулық жүргізіледі. Жұмысқа жіберу нұсқаулықты жүргізушінің қолы және жүргізілген күні көрсетіле отырып арнайы нұсқаулық журналында  2-қосымша  сәйкес нысанда тіркеледі.

      9. Саймандарды пайдалана отырып құрал-жабдықтарды жөндеу, пайдалану, қызмет көрсетумен байланысты емес тұлғаларды қоспағанда, қызметкерлер жұмыс орнында қайталама нұсқаулықты алты айдан кем емес мерзімде өтеді.

      10. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нұсқаулығы өзгерген, Кәсіпорынның кинотехнологиялық немесе электротехникалық жабдықтары ауыстырылған немесе жаңғыртылған кезде қызметкерлердің жарақат алуына, апатқа әкеліп соғуы мүмкін немесе әкеліп соққан еңбек қауіпсіздігінің талаптарын бұзылу орын алған ретте жұмыс орнында жоспардан тыс нұсқаулық жүргізіледі.

      11. Бастапқы, қайталама және жоспардан тыс нұсқаулықтарды қауіпсіздік техникасы жөніндегі немесе еңбек қауіпсіздігінің жай-күйіне жауапты тұлға жүргізеді, ол туралы нұсқаулықты тіркеу журналында тиісті жазба жазылады.

      12. Қауіптілігі жоғары жұмысты орындаудың алдында (кинотехнологиялық жабдықты орнату, үлкен өлшемді экранды ауыстыру, монтаждау және такелаж жұмысы) оған тікелей қатысатын қызметкерлермен мақсатты нұсқаулық жүргізіледі. Нұсқаулық жүргізу жұмыс жүргізуге рұқсат беру нарядында тіркеледі ( 3-қосымша ).

      13. Иелігінде киноқондырғылар бар кинотеатрдың немесе ұйымның мамандары немесе электротехникалық персоналынан жұмыс берушінің бұйрығымен электр шаруашылығына жауапты тұлға тағайындалады. 

      14. Электр шаруашылығына жауапты тұлға кәсіпорынның кинотехнологиялық және электротехникалық құралдарының сенімді және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге, электр-техникалық персоналды (штатта болған ретте), киномеханиктер мен мотористерді оқытуды, нұсқаулық жүргізуді және үнемі олардың білімдерін тексеруді қамтамасыз етеді.

      15. Электр шаруашылығына жауапты тұлға техникалық қауіпсіздік бойынша білімін тексеруден кемінде үш жылда бір рет өтеді.

      16. Киноаппаратураға, электротехникалық құралдарға және электр станцияларына дербес қызмет көрсетуге 17 жасқа толған, тиісті білімі жөнінде құжаттарға ие және қауіпсіздік техникасы бойынша тиісті нұсқаулықтан өткен тұлғалар жіберіледі.

      17. Қысыммен жұмыс істейтін жүк көтергіштер және тетіктермен жабдықталған кәсіпорындарда жұмыс берушінің шешімімен қысыммен жұмыс жасайтын жүк көтергіш механизмдерге, көтеру-түсіру жұмыстарына және котель қондырғыларына қадағалау жасауға жауапты тұлға тағайындалады.

      18. Зиянды және ауыр еңбек жағдайларында жұмыс істейтін электротехникалық персоналдың тұлғалары, киномеханиктер мен электр станцияларының мотористері мерзімді медициналық тексерулер мен тексерілуден өтуге тиіс. 127 Вольт және одан да жоғары кернеумен әрекет етіп тұрған электроқондырғымен жұмыс істейтін, олармен жедел ағыту және қосуды және электроқондырғыларда монтаждық жұмыстар және жоғарғы вольттық сынақтарды жүргізетін қызметкерлер ауысым алдында медициналық куәландырудан өтеді.

  3. Кәсіпорынның аумағына және ғимараттарына
қойылатын еңбек қауіпсіздігі талаптары

      19. Кәсіпорынның аумағы:
      1) таза ұсталуға, қоқыс тастайтын жәшіктермен жабдықталуға және күн сайын тазаланып тұруға;
      2) тәуліктің қараңғы уақытында құрылыс нормалары мен ережелердің талаптарына сәйкес (бұдан әрі - ҚНжЕ) жарықтандырылуға;
      3) ғимаратқа кіреберістер, автокөліктер тұрағымен жүк түсіруге арналған алаңдармен қамтамасыз етілуге тиіс. 

      20. Жаяу жүргіншілерге, автокөліктер өтуіне арналған жолдарда көрермендердің өтуі және автокөлік қозғалысы еркін болатындай болуы тиіс. Қысқы уақытта жолдар, түсіру-тиеу алаңдары қардан, мұздан тазаланған болуы тиіс.

      21. Аумақта жөндеу жұмыстары жүргізілген кезде Кәсіпорынның әкімшілігі, шұңқырлар, арықтар және ашық люктер қоршалған болуын және тиісті ескерту белгілері қойылуын бақылауға тиіс.
      Кәсіпорынның аумағында көрермендердің демалуы үшін абаттандырылған алаңқайлар жасау ұсынылады.

      22. 1,3 метрден жоғары орналасқан соның ішінде ілетін төбенің үстіндегі баспалдақтар, өтпелі көпіршелер, монтаж алаңдары, тұтас сатылардан тұруы, сондай-ақ биіктігі 1 метрден аз емес қоршауларының болуы, ал 5 метрден биікте орналасқандары (ілінетін төбенің болуы еденнің белгісі ретінде есептелмейді) - биіктігі 1,2 метр қоршауының болуы, биіктігі 0,15 метр брустің және қоршаудың орташа элементінің болуы.

      23. Балконның, амфитеатрды, көрермендер залындағы лоджаның барьерінің биіктігі 0,8 метрден кем болмауы тиіс. Барьердің конструкциясы заттардың биіктен құлап кетуінен қорғап тұруы тиіс.

      24. Көрермендер кешенінің 1 метр жоғары көлбеулері және де басқа да конструктивтік элементтері оған адамдардың қолдары жетпейтін 1 метрден кем емес биіктікпен қоршалған болуы тиіс.

      25. Экранды төмен түсіретін сейфтің шахтасы технология бойынша оны қоршауға жол берілмейтін жағдайлардан басқа бөлігін қоспағанда, (көрермендер залы тарапынан) барлық периметрлері бойынша қоршалуы тиіс.

      26. Жұмыс беруші әкімшілік ғимараттар мен үй-жайларды жарамды техникалық жай-күйінде ұстауы, қалыпты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды және көрермендердің, келушілердің және қызмет көрсетуші персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

      27. Жұмыс беруші ғимараттар мен құрылыстардың конструкцияларындағы зақымдануларды, тозуды, ескіруді, бұзылуларды уақытында анықтау мақсатында мынадай байқау түрлерін жүргізеді:
      1) жоспарлы - жылына екі рет, көктемде және күзде жергілікті климат жағдайларына байланысты белгіленетін уақытта жүргізіледі;
      көктемгі байқау - ғимараттар мен аулалар қар жамылғыларынан тазарып, байқауға мүмкіншілік туатын қар ерігеннен кейін жүргізіледі, бұл ретте үстіміздегі жылдың жазында ғимаратқа жүргізілетін ағымдағы жөндеу жұмыстарының, сондай-ақ жұмыстардың құнын анықтау және қаралатын ғимаратты келесі жылға арналған жөндеу жұмыстарының жоспарына енгізу мақсатындағы жұмыстардың көлемі анықталады;
      күзгі байқау - жылыту маусымы түсер алдында және қар жамылғысы пайда болмай тұрып, жазғы кезеңде жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, ғимараттың қысқы кезеңде пайдалануға дайындығын тексеру мақсатында жүргізіледі;
      2) жоспардан тыс, табиғи апаттардан кейін (жер сілкінуі, қалың нөсерлер, дауыл және күшті жел, қар көшкіні мен су тасқыны) және өндірістік апаттардан кейін жүргізіледі. Тексеру нәтижелері кинотеатр мен киноқондырғылардың ғимараттарын техникалық тексеру актісінде тіркеледі ( 4-қосымша ).

      28. Тексеру кезінде кинотеатрлар ғимараттары мен құрылыстардың немесе киноқондырғылардың құрылымдарында көрермендер мен қызмет көрсетуші персоналдар үшін қауіпті жағдай туғызатын деформациялар және өзге де ақаулар табылған жағдайда Кәсіпорын әкімшілігі олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және деформацияның одан әрі өріс алуының алдын алу бойынша шұғыл шаралар қабылдайды.

      29. Тексеру кезінде ерекше назарды ғимарат конструкцияларына, төбеге, жапсырма, қабырғаларды қаптаған материалдарға аудару керек.

      30. Қабырғаларды, төбелер мен едендерді жөндеу үшін пайдалануға рұқсат етілген, жүйелі тазарту, дымқыл және ваккумды жуып-жинау, қажетті жағдайда дезинфекциялауға болатын материалдар қолданылады. 

      31. Байқау актілерін басшылыққа ала отырып, Кәсіпорын ғимараттары мен үй-жайларын жүйелі түрде ағымдағы, жаппай немесе таңдамалы күрделі жөндеулерді жүргізеді.

      32. Кәсіпорын ғимараттары қысқы уақытта ғимараттардың шатырлары жүйелі түрде қардан, карниздер пайда болған мұздардан тазаланады. Жылына екі рет (көктемде және күзде) шатырдың су жинаушы жабындары, науашалар, суағарлар жапырақтардан, бұтақтардан, қоқыс пен шаңнан тазаланады.

      33. Кәсіпорындағы едендер тайғанақ емес, берік және жуғыш заттарды пайдалана отырып механикалық жууға мүмкіндік беретіндей ыңғайлы болуы тиіс.

      34. Кәсіпорынның ғимараты, баспалдақ торлары, дәліздері таза және ретті ұсталуы тиіс.

      35. Үй-жайларды, баспалдақтарды және дәлізді жинау күніне кемінде бір рет, көрермен залын - әр сеанс аяқталғаннан кейін жүргізілуі тиіс. Қабырғаны, төбені, терезелерді, жылыту приборларын, колонналарды тазалай отырып үй-жайларды түбегейлі жинау кем дегенде айына бір рет жүргізіледі.

      36. Аумақтарды және үй-жайды жинайтын техникалық персонал белгіленген нормаға сәйкес жинауға арналған барлық қажетті заттар мен препараттар және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.

      37. Кәсіпорынның ғимаратында көрермендердің сырт киімдерін, сондай-ақ жұмысшылардың арнайы киімдерін сақтауға арналған орын көзделген болуы тиіс.

  4. Жұмыс істейтін тұлғаларға қызмет көрсетуге
арналған ғимараттарға қойылатын талаптар

      38. Жұмысшыларға қызмет көрсететін бөлмелерді (санитарлық-тұрмыстық бөлмелерді, денсаулық сақтау нысандарын) және олардың құрамын жобалау "Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар" ҚНжЕ нормаларына сәйкес жүргізіледі.

      39. Жекелеген бөлмелердің алаңы, жабдықтар мен процедураның жиынтығы әр нақтылы жағдайда нысандардың қуаттылығын, еңбек процесінің қауіпті және зиянды өндірістік факторларының сипаттамасын ескере отырып шешіледі.

      40. Ұзақ уақыт "тұрып" жұмыс істеуге байланысты еңбекпен сипатталатын нысандарда аяқ гидромассажына арналған арнайы жабдықталған бөлмелер қарастырылуы керек. 

  5. Кинопроекциондау кешеніне қойылатын еңбек
қауіпсіздігі техникасы және еңбек қорғау талаптары

      41. Кәсіпорынның кинопроекциондау кешенінің үй-жайларының бірінде сабын және сүлгімен жабдықталған қол жуғыш орын болуы тиіс.

      42. Көрермендерге арналған негізгі дәретханалардан басқа кәсіпорында канализация жүйесі болған ретте қызмет көрсетуші персоналға арналған санитарлық тораппен жабдықталуы тиіс. Канализация жүйесі жоқ болған ретте, кинотеатр және киноқондырғы ғимараты немесе аумағы дәретханамен жабдықталған болуы тиіс. 

      43. Кинопроекциондау кешенінің түсі көзді шаршатпайтын және еңбек жағдайын жақсартуға әсер ететіндей болуы тиіс.

      44. Кинопроекция үй-жайы жұмыс жасап тұрған құралдың шуылын азайту мақсатында акустикалық өңдеуден өткен болуы тиіс.

      45. Кинопроекция үй-жайында шуылдың жол берілетін нормалары төмендегі кестеде келтірілген ( 5-қосымша ).

      46. Қызмет көрсетуші персоналға темекі шегу үшін арнайы жабдықталған орын бөлінеді. 

  6. Кинотехнологиялық, электротехникалық құралдарды және жылжымалы электр станцияларын пайдалану кезіндегі еңбек қауіпсіздігіне және еңбек қорғауға қойылатын талаптар

      47. Кинотехнологиялық құралдарды пайдалану кезінде қауіпсіздікке қойылатын талаптар:
      1) кинофильм көрсету кезінде кинопроекционда бір киномеханикке жұмыс жасауға рұқсат етіледі;
      2) кинотехнологиялық құралдарды монтаждау мен пайдалану кезінде осы құралды жасаушы зауыттың пайдалану құжаттамасында көрсетілген талаптарды сақтау қажет. Құралдар мығым бекітілген болуы тиіс. Еденге бекіту анкерлік болттардың көмегімен және фундамент қою арқылы жүзеге асырылуы тиіс;
      3) кинотехнологиялық құралдармен жұмыс кезінде электр қондырғысына қойылатын талаптарды сақтаған жөн;
      4) ксенонды жарық бергіштермен жұмыс жасау кезінде кинопроектор шамының қақпақтары жарақтандырылатын құлыптау құрылғысының жарамдылығына назар аудару қажет. Реттелмеген, сөндірулі немесе жарамсыз кинопроекторда жұмыс жасауға тыйым салынады;
      5) алдын ала кернеуді түсірмей және ксенонды шамды қораптамай кинопроектордың шамында қандай да бір реттеу жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады;
      6) ксенонды шамдарды тасымалдау және кинопроектор жарықтандырғышын орнатуды оларды қорғаныш қаптарынан шығармай жүргізу қажет;
      7) шамды қабынан шығару алдында және ашық шаммен жұмыс жасаудың барлық кезінде (ауыстыру, тексеру, шаңдарын сүрту) қолғап және бетке қорғаныш пайдалану қажет;
      8) жарықтандырғыштың қақпағын ашуға немесе ксенонды шам салқындағанға дейін оған қап кигізуге тыйым салынады, өйткені ыстық шамның, әсіресе оның қолданыс мерзімі аяқталуға жақын қалған кезде жарылу қаупі жоғар болады;
      9) шамның қорғаныш қабын алғаннан кейін кварттық бетіне ашық қолды тигізуге болмайды. Кездейсоқ тиіп кеткеннен кейін туындаған дақты таза жұмсақ қағаз сүрткішпен немесе спиртке малынған мақта тампонымен кетіру қажет;
      10) ксенонды шамның жұмысына бақылауды шамда орнатылған қорғаныш жарықсүзгілер арқылы жүзеге асырған жөн;
      11) шамдарды қосқан кезде цокольде көрсетілген ендікті сақтаған жөн. Электр контактілері жұмыс тогін оларды жандырусыз өткізуді қамтамасыз етуі тиіс. Пайдалану процесінде контактінің жай-күйін үнемі тексеріп отыру қажет;
      12) шамдарды паспортында айтылмаған тораптарда пайдалануға тыйым салынады;
      13) ксенонды жарықтандырғышы бар кинопроекторлар орнатылған кинопроекционды үй-жайларда жалпы алмастырғыш желдеткіштен басқа әрбір кинопроектордан жалпы желдеткіш арнаға сырттан шығатын желдеткіш көзделген болуы тиіс. Әрбір кинопроектордан қосымша желдеткіштің сипаттамасы осы Ережелерге арналған  6-қосымшада  келтірілген;
      14) жүккөтергіш тетікті жөндеуден өткізгеннен кейін оларды әр түрлі жұмыс режимдерінде сынақтан өткізеді, сынақ нәтижелері актпен ресімделеді және жөндеуді орындаған қызметтің, осы құралды пайдаланатын Кәсіпорын басшысының қолы қойылады;
      15) жүк көтергіш механизмдерді тексерулердің және жөндеудің нақты нәтижелері құралдың техникалық жағдайының журналына енгізіледі;
      16) жұмыс жасап тұрған жүк көтергіш механизмдер ауық-ауық техникалық куәландырудан өтіп тұруы тиіс:
      жекелеген - 12 айда бір реттен кем емес;
      толық - 3 жылда бір реттен кем емес;
      17) жүк көтергіш механизмдер 3 жылда бір рет статикалық және динамикалық сынаққа тартылуы тиіс. Сынақ нәтижелері хаттамамен ресімделеді ( 7-қосымша ). Кабиналардың сыртқы есіктерінде жүк көтергіштігі және келесі сынақ мерзімі көрсетіледі.

      48. Жүк көтергіш механизмдердің статикалық сынағы оның жүк көтергіштік салмағынан 25% артық жүкті 10 минут бойы көтеріп тұру арқылы жүргізіледі және оның мақсаты механизмнің беріктігін және оның жекелеген элементтерінің беріктігін тексеру болып табылады. 

      49. Жүк көтергіш механизмдердің динамикалық сынағы оның жүк көтергіштігінен 10% артық жүкпен жүргізіледі. Динамикалық сынау кезінде жүкті қайта-қайта көтереді және түсіреді, сондай-ақ барлық басқа элементтер мен тетік тораптарының қозғалысын тексереді.

      50. Сондай тәртіппен экранның алдындағы занавесті, люстраларды, жиналатын экрандарды, құрылғыларды көтеретін механизмдердің жұмысы осындай тәртіппен тұрақты тексеріледі.

      51. Жыл сайынғы статикалық жүктемеге көрермендер болатын жерлердің үстіне орнатылған ілгіш жарықтандырғыш аспаптар және акустикалық жүйелер де тартылады. 

  7. Электротехникалық құралды пайдалану кезіндегі еңбек қауіпсіздігіне және еңбек қорғауға қойылатын талаптар

      52. Электр желілерінің бас енгізулері техникалық персоналға ғана қол жетімді орындарда болады.

      53. Ғимаратының есіктері басқа үй-жай тарапына ашылуы тиіс немесе үй-жайдың ішкі жағынан кілтпен ашылатын өздігінен жабылатын құлыппен жарақтандырылуы тиіс.

      54. Таратқыш құрылғы және щиттер арнайы кілтпен ашылатын жабылатын құрылғылармен жабдықталған болуы тиіс, немесе щиттің қақпағын немесе таратқыш құрылғыны кернеуді алып тастамай ашуға мүмкіндік бермейтін құлыппен жабылуы тиіс.

      55. Жұмыс уақытынан тыс кезде барлық кинопроекциондық кешен, сондай-ақ кәсіпорын, кезекші жарықтандырғышты қоспағанда, тұрақтандырылуы тиіс.    

      56. Кернеуі бар электр желілерін арнаулы құрылғылармен - қорғаныш қаптары бар ағытқыш, ажыратқыштармен, контакторлармен біріктіру және ажыратуға жол беріледі. Қызмет көрсетуші персоналдарға берілетін, контактылары бар, қолмен басқарылатын рубильниктер (приводсыз) жанбайтын кожухтармен қорғалған болуы тиіс.

      57. Щиттер мен таратушы құрылғыларда жекелеген желілер мен топтардың мақсаттарын көрсететін биркалар болуы тиіс. Коммутациялық аппараттардың приводтарында "қосылды", "ажыратылды" деген көрсеткіштер айқын болуы тиіс. Щиттің ішкі жағындағы қақпақтарында электр энергиясын бөліп таратудың схемасы болуы тиіс.

      58. Уақытша қосылыстарды электр желілеріне арнайы құралдарсыз қолдануға (розетка, разъем, вилка) тыйым салынады.

      59. Электр машиналарының айналатын бөлігі, сондай-ақ приводтары қорғаныш алаңдары болуына және МЕМСТ 12.2.062 - 81 ССБТ "Өндірістік құралдар. Қорғаныш қоршаулар".

      60. Кәсіпорынның кинотехнологиялық және электротехникалық құралдарының металл бөліктері мен корпустары жерлестірілген немесе нөлдендірілген болуы тиіс. Жерлестірілуге (нөлдендірілуге) мыналар жатады:
      кинопроекциондық аппараттардың статиналары;
      бөлгіш және электр құрылғылары;
      дыбыс шығаратын құрылғылар, кино көрсетуді автоматтандыру құрылғылары;
      экран алдындағы занавестердің тетік корпустары;
      электр орағыштары;
      кинопроекторды сумен салқындату құрылғысының корпустары;
      желдеткіштердің, ауамен қамтамасыз еткіштердің, сондай-ақ басқа да құралдардың корпустары.

      61. Жерлестіру немесе нөлдендіруге жататын электр қондырғысының әр бөлігі жекелеген тармақтардың көмегімен жерлестіру немесе нөлдендіру желісіне қосылған болуы тиіс. Жерлестіру немесе нөлдендіру жіптерін электр қондырғысының жерлестірілетін немесе нөлдендірілетін бөліктеріне алма кезек қосуға жол берілмейді. 

      62. Электр техникалық жабдықты жөндеу кезінде, күш беру және жарықтандырудың аспаптарын жөндеу кезінде мынадай талаптарды сақтау қажет:
      1) коммутационды аппаратурада (автоматтар, рубильниктер, ажыратқыштар) қажетті ажыратуларды жүргізгеннен кейін, жұмыс орнында "Қоспаңыз", "Адамдар жұмыс атқару үстінде" деген плакаттар ілінуі тиіс. Автоматтары, рубильниктері немесе ажыратқыштары жоқ қосындыларда плакаттар алынған сақтағыштарда ілінеді, оларды орнату кезінде жұмыс орнына кернеу беріле алады;
      2) екіполюсті немесе бірполюсті көрсеткіштермен кернеу болмағанын тексеру қажет, оның жарамдылығы осы мақсатқа арналған арнайы аспаптар мен құралдар арқылы немесе ток жүретін бөліктеріне жанасатын, кернеуге жақын немесе көрінеу кернеуде орналасқандармен тексеріледі;
      3) егер тексерілетін кернеу көрсеткіш құласа немесе басқа да соғылуға ұшыраса, оны қайтадан тексеріп алмай тұрып қолдануға тыйым салынады;
      4) ажыратылған құралда кернеу бар не жоғын тексеру ток беретін бөліктерінің екі жағынан да жүргізіледі;
      5) егер жұмыс орнында электр жіптерінің үзілгені анықталса, кернеудің бар не жоқ екені тиісті тәртіппен тексеріледі;
      6) 1000 вольтқа дейінгі кернеуі бар, нейтральмен жерлестірілген электр қондырғыларында кернеудің екіполюсті көрсеткіштерін қолдану фазалардың арасында және жерлестірілген (нөлдендірілген) корпустар мен фазалардың арасында да жүргізіледі. Алдын ала тексерілген вольтметрді де қолдануға жол беріледі;
      7) кернеудің бар не жоқ екендігін бақылау шамдарын (патроны бар шамды) қолдана отырып тексеруге жол берілмейді, өйткені оларды қолдану жарылыс қаупін және қызмет көрсетуші персоналдың жарақат алу қаупін тудырады;
      8) ток жүретін бөлігіне жерлестіруді кернеудің жоқ екендігін тексеріп болғаннан кейін ғана жүзеге асыру қажет;
      9) жылжымалы жерлестіруді алдымен жерге қосу қажет, содан кейін кернеудің жоқтығын тексергеннен соң ток жүретін бөліктерге қолдану қажет;
      10) жылжымалы жерлестіргішті: алдымен ток жүретін бөліктерінен ажырату, сосын жерден ажыратқан жөн.

      63. Кәсіпорынның электртехникалық және жарықтандырғыш жабдықтарын күн сайынғы қадағалауды электромонтер жүзеге асырады, ал штатта электромонтер болмаған ретте - аға инженер (инженер) немесе киномеханик жүргізеді.

      64. Кәсіпорында жылжымалы электр шамдарын арнаулы қорғаныш торы бар арнайы арматураны қолдана отырып жол беріледі. Электроарматура изоляцияланған тұтқамен жабдықталып, тор ток жүретін бөліктерге тимейтіндей болуы тиіс.

      65. Кәсіпорынның электр жабдықтарын пайдаланған, техникалық қызмет көрсеткен және жөндеген кезде электр тогына соғылудан қорғанатын құралдарды қолдану қажет. Бұл үшін кинопроекцион кешенінде щиток және де арнайы шкаф болуы тиіс, оларда мына төмендегі заттар орналастырылады:
      диэлектрлі қолғап - 2 жұп (ауылдағы қондырғыларда 1-жұп);
      слесарь-монтаж құралдары (бұрауыш, тістегіш, қысқыш, пассажит және басқалар) - бір комплект;
      көрсеткіш кернеу - 2 дана;
      жылжымалы жерлестіру құрылғысы - 1 дана;
      жылжымалы плакаттар мен қауіпсіздік белгілері;
      электр шамы, қорғаныш көзілдірік.

      66. Әрбір кинопроектордың, таратқыш құрылғының, фидер щитінің, түзеткіш құрылғының жанында мөлшері 75Х75 см кем емес резеңке кілемшелер төселуі тиіс.

      67. Ауаны желдету жүйесі және тоңазытқыш құрылғылар бар кәсіпорындар қосымша түрде диэлектрлік галоштар алуы тиіс.

      68. Электрден қорғау құралдары жарамды күйде болуы тиіс, және де тек қана нысаналы мақсатына қолданылуы тиіс. Қорғаныш құралдары  сынаққа және тексеруге белгіленген мерзімде тартылады. Сынақ және тексеру қорытындылары қорғаныш құралдарын есепке алу журналына  8-қосымшаға  сәйкес нысанда жазылады.

      69. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен қорғаныш құралдарын пайдалануға қатаң тыйым салынады.

      70. 1000 вольтқа дейінгі кернеуі бар қорғаныш құралдарын сынау белгілі бір мерзімдерде осы Ережелерге арналған  9-қосымшаға  сәйкес жүргізіледі.

      71. Кәсіпорынның кинотехнологиялық және электротехникалық жабдығының жедел жүйелердің комплекті аға инженерде сақталады немесе электр шаруашылығы үшін жауапты болатын тұлғада сақталады. Сыртқы қосылыстардың негізгі схемалары кинопроекционды кешенде ілінеді. 

  8. Электр станцияларын пайдалану кезінде еңбек
қауіпсіздігіне және еңбек қорғауға қойылатын талаптар

      72. Электр станцияларын пайдалану кезінде шығарушы зауыттың пайдалану құжаттамасында көрсетілген талаптарды орындау қажет. 

      73. Электр станциялары бар көлік құралдары немесе тек электростанцияның өзі ғимараттар мен үй-жайларға 10 метр қашықтықта орналастырылуы тиіс.

      74. Электр станцияларын көрермендер өтуі мүмкін орындарда орналастыруға тыйым салынады.

      75. Электр станциясын қосқаннан бұрын жерлестірудің, таратқыш щитті және біріктіргіш муфтаның жарамдылығын тексеру қажет.

      76. Электр станциясының жұмысы кезінде мыналарға тыйым салынады:
      1) қандай да бір жөндеу жұмыстарын жүргізуге, двигательдің немесе генератордың жекелеген бөліктерінің бекітулері жөндеуге, желдеткіштің белдігін кигізуге және тартуға;
      2) жұмыс жасап тұрған электр станциясына жанар жағармай құюға және оны жұмыс істеп тұрған кезде қараусыз қалдыруға.

      77. Электр станциясының үй-жайын жарықтандыру жабық типті шамдарды қолдана отырып жарықтандырылуы тиіс. 

      78. Электр станциясын пайдаланған, техникалық қызмет көрсеткен және жөндеген кезде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы N 35  бұйрығымен  бекітілген мемлекеттік тіркеу N 4126 Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережелерін басшылыққа алу қажет.

  9. Өндірістік (технологиялық) процестерге қатысты
еңбек қауіпсіздігіне және еңбек қорғауға қойылатын
талаптар

Параграф   

  1. Жарықтандыру

      79. Кинопроекцион кешенінің үй-жайын жарықтандыру, тәуліктің жарық уақытында табиғи жарықты шектей отырып аралас болуы мүмкін, немесе - жабық типтегі кез келген шамдарды пайдалана отырып толықтай жасанды болуы мүмкін.

      80. Жұмыс орнының әрбір нүктесіндегі жарықтандыру кернеусіз және қызметкердің жұмысты көзді шаршатпайтындай жағдайда орындауға мүмкіндігі болатындай болуы тиіс.

      81. Кәсіпорынның үй-жайларында шамдарды қолданған кезде жарықтандыру мыналардан кем болмауы тиіс:
1) кинопроекциондар мен көрермен залында      75 люкс-секунд;
2) фойеде                                     100 люкс-секунд;
3) әкімшілік үй-жайларда                      100 люкс-секунд;
4) киномеханиктердің демалыс бөлмесі мен 
   радиоторапта                               150 люкс-секунд;
5) инженердің шеберханасында                  200 люкс-секунд;
6) касса үй-жайларында                        300 люкс-секунд;
7) суретшінің бөлмесінде                      300 люкс-секунд;
8) электрощит және аккумуляторда              150 люкс-секунд.

      82. Кәсіпорынның 400 орыннан асатын көрермендер залдарында шарықтың жарықтығын және көздерін біртіндеп реттеу көзделген болуы тиіс.

      83. Кез келген сыйымдылықтағы залдары бар Кәсіпорындарда екі дербес қоректендіру көзі болса авариялық жарықтандыру көзделмейді.
      Тек қана кино көрсетуге арналған 800 орыннан аз сыйымдылығы бар Кәсіпорындарда, егер екінші дербес қоректендіру көзі болмаса аккумулятор қондырғысы көзделмейді.

      84. Аккумулятор қондырғысының сыйымдылығы бір сағат ішінде үздіксіз жұмыс атқаруға есептелген болуы тиіс. Жылжымалы батареялары бар аккумулятор шкафтарды үй-жайдың кез келген жерінде орналастыруға рұқсат етіледі. Тұрақты аккумулятор батареяларын үй-жайдың арнайы көзделген орынында орналастыру қажет. Аккумулятор тұрған үй-жайды желдету үшін ауаның бір сағат ішінде бір рет алмасуын қамтамасыз ететін желдеткіш арна болуы тиіс.

      85. Авариялық жарық беру аккумулятор тұрған үй-жайда, кассада, щитте, әкімшілікте, кинопроекциондық және көрермен залында "шығу" деген белгі болады.

      86. Кәсіпорындарда көрермендер үшін кезекші жарықтандыру болады, ол осы үй-жайлардағы жарықтандырудың 15-20% мөлшерін қамтамасыз ететін болады.

      87. Кезекші жарықтандыруды басқару кинопроекционды кешеннің ғимаратында, көрермен залының кіре берісінде, билет-бақылаушысында болады. 

Параграф   

  2. Жылыту және желдету

      88. Кәсіпорындарда орталықтан жылу беру көзделуі тиіс.

      89. Жылыту үй-жайлары тұрғын үйлерге қиылыспайтын және қоғамдық үй-жайларға да, соның ішінде кинотеатрлар мен киноқондырғылар ғимараттарына да қиылыспайтындай болуы қажет, егер ғимарат пен котельныйдың арасы қабырғаның өртке қарсы төзімділігі 4 сағаттан кем болмаса жол беріледі.
      Көрсетілген қабырғада есіктер котельныйға қарай ашылуы тиіс. Котельдардың үстінде қандай да бір үй-жай орналастыруға тыйым салынады.

      90. Котельныйды суық және ыстық су құбырларының жарамсыз кезінде, судың жол берілетін шектеулі деңгейі бұзылған ретте және автоматты сақтағыш қондырғының жарамсыздығы кезінде пайдалануға тыйым салынады.

      91. Котельныйдың үй-жайында мыналарға тыйым салынады:
      котельныйды жөндеумен байланысты емес жұмыстар жүргізуге;
      котельныйды қараусыз қалдырып кетуге;
      котельныйда қандай да болмасын жанғыш материалдарды кептіруге және қыздыруға;
      котельныйдың үй-жайына бөтен адамдарды жіберуге.

      92. Орталық жылыту болмаған кезде пешпен жылытуға, термореттеушісі бар жабық типтес электр жылытқышты қолдануға жол беріледі.

      93. Көрермендер орналасқан аумақ қолданыстағы нормаларға сәйкес желдету немесе кондиционер жүйесімен қамтамасыз етілуі тиіс.

      94. Жылдың суық кезеңінде ауаның температурасы 14 o С, тұрақты  жұмыс орындары бар басқа үй-жайларда 18 o С-ден кем болмауы тиіс.
      Жылдың жылы кезеңінде адамдардың тұрақты келетін орындарында (2 сағаттан астам үздіксіз) 28 o С аспауы тиіс.

      95. Буфеттің қосалқы үй-жайларында, санитарлық тораптарда және темекі шегу орындарында механикалық желдеткіш болуы тиіс, бұл ретте санитарлық тораптардың желдеткіштері және темекі шегетін орнының желдеткіштері бір жүйеге бірігіп кетпеуі тиіс.

      96. Кинопроекционда жекелеген желдеткіштер болуы және оның жүйелері көзделуге тиіс.

                                   Кино көрсетуші кәсіпорындар үшін
                                   еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
                                           қорғау ережесіне
                                               1-қосымша 

        Еңбекті қорғау туралы кіріспе нұсқаулықты тіркеу
                       журналының нысаны

Қабы

         Еңбекті қорғау туралы кіріспе нұсқаулықты тіркеу
                           ЖУРНАЛЫ   

Сыртқы беті                                                                        ____________________________________________
                      министрлік немесе ведомство
              ____________________________________________
                    кинотеатрдың немесе иелігінде
         киноқондырғы немесе кинотеатр бар кәсіпорынның атауы

     Еңбекті қорғау туралы кіріспе нұсқаулықты тіркеу 
                        Ж У Р Н А ЛЫ

                                    Басталды___________20___ж.
                                    Аяқталды___________20___ж.  

        Еңбекті қорғау туралы кіріспе нұсқаулықты
        тіркеу журналының келесі беттерін ресімдеу 

р/с N

  

Нұсқаулық күні

  

Нұсқаулықтан өтушінің аты-жөні

  

Нұсқаулықтан өтушінің кәсібі, лауазымы

  

Нұсқаулықтан өтуші жіберілетін құрылымдық бөлімше атауы

Нұсқаулықты өткізушінің аты-жөні

Қолы

Нұсқаулықтан өтушінің

Нұсқаулықты өткізушінің

  

  

  

  

  

  

  

  

                                 Кино көрсетуші кәсіпорындар үшін
                                 еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
                                          қорғау ережесіне
                                              2-қосымша 

            Жұмыс орнында кіріспе нұсқаулықты тіркеу
                        журналының нысаны

Қабы

            Жұмыс орнында кіріспе нұсқаулықты тіркеу 
                              ЖУРНАЛЫ

Сыртқы беті

              ____________________________________________
                    министрлік немесе ведомство
              ____________________________________________
                   кинотеатрдың немесе иелігінде
         киноқондырғы немесе кинотеатр бар кәсіпорынның атауы

           Жұмыс орнында кіріспе нұсқаулықты тіркеу 
                             ЖУРНАЛЫ

                                     Басталды___________20___ж.
                                     Аяқталды___________20___ж. 

     Жұмыс орнында кіріспе нұсқаулықты тіркеу журналының 
                 келесі беттерін ресімдеу 

N
п/п

 

Күні

 

Нұсқаулықтан өту шініңаты-жөні

 

Нұсқаулықтан өтушінің аты-жөні

 

Нұсқаулықтан өтушінің кәсібі, лауазымы

 

Нұсқаулықтан өтуші жіберілетін құрылымдық бөлімше атауы

 

Нұсқаулықты өткізушінің аты-жөні

 

Нұс қаулықтан өтушінің қолы

 

Нұсқаулықты өткізушінің қолы

  

Жұмысқа жіберуді жүргізді

Аты-жөні

Қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

                                   Кино көрсетуші кәсіпорындар үшін
                                   еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
                                           қорғау ережесіне
                                              3-қосымша 

              Жұмыс жүргізуге рұқсат беру наряды

Кәсіпорын ______________________________________________

                     РҰҚСАТ БЕРУ-НАРЯДЫ

Жұмыстың жауапты жетекшісіне ______________________________
Рұқсат берушіге___________________жұмыс жүргізуге _________
Бригада мүшелерімен бірге__________________________________
тапсырылды ________________________________________________
Жұмысты бастасын: күні _____________, уақыты ______________
Жұмысты орындасын: кернеуді ағыта отырып, кернеуді ағытпай.
Наряд берілді: күні ______________, уақыты _______________,
Қолы _____________, тегі _________________________________

Рұқсат етілді.

Жұмыс орнын дайындауға         Кімнен_________________________
және жұмысқа жіберілуге алдым  Рұқсат етуші___________________
______________________________________________________________
(лауазымы, тегі)                         (қолы) 

Рұқсат беруші___________________________, жауапты
Жұмыс жетекшісі _____________________________
Жұмыс толық орындалды, бригада босатылды, бригада орнатқан
жерлестіру алынды, хабарланды (кімге)_________________________
                                         (лауазымы, тегі)
______________________________________________________________
Күні __________ Уақыты___________           Жұмысты жүргізуші 
______________________________________________________________
                      (қолы)
Жұмыстың жауапты жетекшісі____________________________________
                                      (қолы)

                                    Кино көрсетуші кәсіпорындар үшін
                                    еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
                                            қорғау ережесіне
                                                4-қосымша

            Кинотеатр немесе киноқондырғы ғимаратын
                  техникалық тексеру актісі  

"____"____________20____ж. 

Біз, төменде қол қоюшылар, мына құрамдағы комиссия 
төраға_____________________________________________________________
мүшелері___________________________________________________________
және кәсіподақ комитеті төрағасы __________________________________
кинотеатр (киноқондырғы) ғимаратының пайдалану дайындығына
ағымдағы тексеруді жүргіздік_______________________________________
Бұл ретте мыналар анықталды:
1. Аталған құрылыс_________________қабатты ________________________
                                      (қабырға материалын көрсету)
Негізгі конструктивті элементтер мен инженерлік жабдықтар мынадай жағдайда тұр:
1) кровля: ______________________________________________________
                     (материал және техникалық күй көрсетілсін)
2) шатыры мен терезелері: ________________________________________
3) су құбырларымен және оның бөліктері:___________________________
4) ғимарат фасады:________________________________________________
5) кіру есіктері мен терезе жақтаулары:___________________________
6) жертөле үй-жайы:_______________________________________________
7) орталық жылу жүйесі: __________________________________________
8) котельный үй-жайы және жабдық: _______________________________
                                   (автономды жылу жүйесінде)
9) су құбыры-канализация жүйесі: _________________________________
10) желдеткіштер: ________________________________________________
11) ауаны кондиционерлеу құралы:__________________________________
12) электр шаруашылығы:___________________________________________
13) кинопроекцион жабдығы:________________________________________
14) сахна жабдығы:________________________________________________
3. Отынмен жабдықтау:_____________________________________________
                      (автономды жылу жүйесі кезінде неше күндік
                                 қор барын көрсету)
4. Тексеру бойынша қорытындылары мен ұсыныстар: __________________
__________________________________________________________________

                              Қолдары:
                              Комиссия төрағасы: ____________     
                              Комиссия мүшелері: ____________

                                 Кино көрсетуші кәсіпорындар үшін
                                  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
                                           қорғау ережесіне
                                              5-қосымша

дБ-да октаволық сызықтарда орта геометриялық жиіліктерінің дыбыс қысымының денгейі

Дыбыс деңгейлері және дыбыстың эквиваленті деңгейлері, дБ (А шкаласы бойынша)

31,5

63

125

250

500

1000

2000

4000

8000

103    91  83   77   73    70    68     66    64       75

                                    Кино көрсетуші кәсіпорындар үшін
                                    еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
                                            қорғау ережесіне
                                                6-қосымша 

        Әрбір жарық түсіруші кинопроектор желдеткішінің
                     қосымша сипаттамасы

Өндіру

Куб. м/сағ.

1-2

200-400

3-5

500-800

7-10

1000

     Ескерту: "озонсыз" ксенонды шамдарды қолдану кезінде
жұмыс орны ауасының параметрін сақтауда жергілікті тарту
желдеткішімен жабдықталмаған жарық түсіргіштері бар жекелеген кинопроекторлар қолдануға озонның рұқсат етілген шекті
концентрациясы 0,1 мг\куб.м және жыл мезгілінің жылы кезеңіндегі
ауа температурасы 30С болғанда жол беріледі.

                              Кино көрсетушікәсіпорындар үшін
                              еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
                                      қорғау ережесіне
                                         7-қосымша

             Жүк көтергіш механизмді сынау
                       ХАТТАМАСЫ

Механизм  ________________________________________________
                    (механизмнің атауы және зауыт нөмірі
_______________________________________________________________
               дайындалған күні, дайындаған кәсіпорын
орнатылған жері________________________________________________
                         механизмнің орнатылған орны
статикалық сынақты мынадай жүкпен өтті_____________________кг,
мына уақыт аралығында_______ сағ(мин),    динамикалық сынақты
мынадай жүкпен өтті __________________кг     уақыт аралығы
_______________________________________________________________
сағ (мин) циклдері 

     Қорытындылары ____________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________

Комиссия төрағасы  ________________   _________________________
                     жеке қолы          қолының расшифровкасы
Комиссия мүшелері  _________________  _________________________
                     жеке қолы          қолының расшифровкасы 

"_____"______________20____ж.

                                 Кино көрсетуші кәсіпорындар үшін
                                 еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
                                        қорғау ережесіне
                                           8-қосымша

           Қорғаныш құралдарын есепке алу және ұстау
                         журналының нысаны 

            Қорғаныш құралдарын есепке алу және ұстау
                            ЖУРНАЛЫ

    ____________________________________________________________
                     (қорғаныш құралының атауы) 

Инвентарлық нөмірі

Сыналған күн

Келесі сынақ күні

Мерзімдік тексеру күні және нәтижелері

Келесі тексеру күні

Орны

Ескерту

  

  

  

  

  

  

  

«      "Ескерту" деген бағанда жеке қорғаныш құралының сынақтан өткені туралы хаттаманың нөмірі жазылады

                                   Кино көрсетуші кәсіпорындар үшін
                                   еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
                                            қорғау ережесіне
                                                9-қосымша

     1000 Вольтқа дейінгі кернеуге есептелген қорғаныш
            құралдарына сынақтан өткізу мерзімдері

№N

Қорғау құралдарының атауы   

Сынақ мерзімі  

 1.

Диэлектрикалық резина қолғаптар

   6 айда 1 рет

 2.

Диэлектрикалық резина галоштар немесе аяқ киімдер

   12 айда 1 рет

 3.

Басы зақымсыздандырылған аспап

   12 айда 1 рет

 4.

Кернеу көрсеткіштері

   12 айда 1 рет

     Ескерту: Диэлектрикалық резина кілемшілер кірден тазартылады және кемінде 6 айда 1 рет қаралып тұрады. Механикалық зақымданған кезде кілемшелерді жаңадан ауыстыру керек.

     Қорғауқұралдарын сынау арнайы зертханаларда өткізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады