"Ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемесі мен олардың нормативтік мәні және олардың орындалуы туралы есеп беру нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 48 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 153 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 8 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу 4383. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 308 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 308 (01.03.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ипотекалық ұйымдардың қызметін реттеп отыратын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемесі мен олардың нормативтік мәні және олардың орындалуы туралы есеп беру нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 48 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      Аталған қаулымен бекітілген Ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемесі мен олардың нормативтік мәні және олардың орындалуы туралы есеп беру нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулық:

      Мына мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Мемлекеттік акциялар пакеті (қатысу үлесі)""Самұрық" " қазақстанның мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі холдингі" немесе""Қазына" тұрақты даму қоры" акционерлік қоғамдарының үлесінде болатын заңды тұлғалар осы Нұсқаулықтың 7-тармағының талаптарына сәйкес заемшылар тобы деп танылмайды.";

      14-тармақта:

      бірінші абзацтағы""үш айдан аспайтын" деген сөздер""үш айға дейінгі мерзімді қосқанда" деген сөздермен толықтырылсын;

      бірінші абзацтан кейін мына мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар, сондай-ақ жоғары өтімді активтер есебіне қосылмайтын, осы тармақтың 5)-7) тармақтарында көрсетілген бағалы қағаздар активтер мөлшері есебіне енгізіледі, ал егер аталған бағалы қағаздар қамтамасыз ету болып табылатын міндеттемелер болса, онда міндеттемелер мөлшері есебіне енгізіледі.";

      3) тармақшадағы""қайта сатып алу немесе кепілге беру шарты бойынша сатқандарынан басқа... бағалы қағаздар" деген сөздер алынып тасталсын;

      4) тармақшадағы ""А" деген әріп ""ВВВ-" деген әріптерімен және белгіcімен ауыстырылсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5)""А"-дан төмен емес (""Standard & Poor's" және""Fitch"" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша") немесе""А3"-ден ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша") төмен емес шетел валютасындағы тәуелсіз ұзақ мерзімді рейтингі бар елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары;";

      мына мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) Мынадай халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары:

      Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development);

      Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation);

      Азия даму банкі (the Asian Development Bank);

      Африка даму банкі (the African Development Bank);

      Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Development);

      Америкааралық даму банкі (the Inter-American Development Bank);

      Еуропа инвестициялық банкі (the European Investment Bank);

      Ислам даму банкі (the Islamic Development Bank);

      Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank);

      Еуропалық Кеңестің Даму банкі (the Council of Europe Development Bank);

      7)""А"-дан төмен емес ("Standard & Poor's" және""Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша") немесе""А3"-ден ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша") төмен емес рейтингі бар шетел эмитенттерінің облигациялары.

      Ипотекалық ұйымның бағалы қағаздарды кері сатып алу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепілге беру немесе өзге жағдаймен ауыртпашылыққа душар болу... шарты бойынша сатылған бағалы қағаздардан басқа жоғары өтімді активтер есебіне енгізілетін, осы тармақта көрсетілген бағалы қағаздар.";

      18-тармақта:

      1) тармақшадағы""15" деген сан "12,5" деген санмен ауыстырылсын;

      3) тармақшадағы""30" деген сан "25" деген санмен ауыстырылсын;

      1-қосымшада:

      Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген ипотекалық ұйым активтерінің кестесінде:

      28-жолдан кейін мынадай мазмұндағы 28-1-жолмен толықтырылсын:

"28-1

Мынадай талаптарға сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй заемдары: берілген ипотекалық тұрғын үй заемдары сомасының кепілдік берілген құнға қатысы кепіл құнының 50%-нен аспайды

25
";


      29 және 30 жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

""

29

Мынадай талаптарға сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй заемдары: берілген ипотекалық тұрғын үй заемдары сомасының кепілдік берілген құнға қатысы кепіл құнының 60%-нен аспайды

50


30

Мынадай талаптарға сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй заемдары - берілген ипотекалық тұрғын үй заемдары сомасының кепілдік берілген құнға қатысы кепіл құнының 70%-нен аспайды
Мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй заемдары:
Берілген ипотекалық тұрғын үй заемдары сомасының кепілдік берілген құнға қатысы және қамтамасыз ету құнының 70 проценттен аспайтын ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының қатысы арту мөлшерімен сақтандыру ұйымы сақтандырған кредиттік тәуекел кепіл құнының 85 %-нен аспайды;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 маусымдағы N 715 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында тұрғызылған тұрғын үй сатып алуға берілген ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының кепіл құнына қатысы және""Қазақстан ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы қамтамасыз ету құнының 70 проценттен аспайтын ипотекалық тұрғын үй заемы сомасына қатысының артуы мөлшеріндегі кепілдік берген кредиттік тәуекел не 85 проценттен аспайтын ипотекалық тұрғын үй заемы сомасына қатысының артуы мөлшеріндегі және сақтандыру ұйымы қамтамасыз ету құнының 70 проценттен аспайтын ипотекалық тұрғын үй заемы сомасына қатысының артуы мөлшерінде сақтандырған кредиттік тәуекел кепіл құнының 90%-нен аспайды

75
";


      56-жолдан кейін мына мазмұндағы 56-1-жолмен толықтырылсын:

"56-1

Басқа ипотекалық тұрғын үй заемдары

125";


      Салымдар тәуекелі дәрежесі бойынша мөлшерленген ипотекалық ұйымдардың активтер есебіне Түсіндірудің 5-тармағының 3) тармақшасының бірінші-төртінші абзацтары алып тасталсын;

      4-қосымшада:

      Пруденциалдық нормативтердің есебі үшін берілген қосымша деректерде:

      8008 және 8009 деген белгілердегі""үш айдан кем емес" деген сөздер""үш айға дейін қоса алғанда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8036 және 8037 деген белгілер мынадай редакцияда жазылсын:

"8036

Мынадай талаптарға сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй заемдары: берілген ипотекалық тұрғын үй заемдары сомасының кепілдік берілген құнға қатысы кепіл құнының 50%-нен аспайды


8037

Мынадай талаптарға сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй заемдары: берілген ипотекалық тұрғын үй заемдары сомасының кепілдік берілген құнға қатысы кепіл құнының 60%-нен аспайды

";


      8071 белгісінен кейінгі белгінің""1 жылдан кем өтеу мерзімі бар болашақ заемдар мен салымдарды ипотекалық ұйымға орналастыру жөніндегі мүмкін (шартты) міндеттемелер" атауына 8071-1 белгісі берілсін;

      тиісінше 8088 және 8089 белгілері "8078" және "8079" белгілерімен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 8080 және 8081 белгілермен толықтырылсын:

"8080

Мынадай талаптарға сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй заемдары - берілген ипотекалық тұрғын үй заемдары сомасының кепілдік берілген құнға қатысы кепіл құнының 70%-нен аспайды
Мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй заемдары:
Берілген ипотекалық тұрғын үй заемдары сомасының кепілдік берілген құнға қатысы және қамтамасыз ету құнының 70 проценттен аспайтын ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының қатысы арту мөлшерімен сақтандыру ұйымы сақтандырған кредиттік тәуекел кепіл құнының 85% аспайды;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 маусымдағы N 715 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында соғылған тұрғын үй сатып алуға берілген ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының кепіл құнына қатысы және""Қазақстан ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы қамтамасыз ету құнының 70 проценттен аспайтын ипотекалық тұрғын үй заемы сомасына қатысының артуы мөлшеріндегі кепілдік берген кредиттік тәуекел не 85 проценттен аспайтын ипотекалық тұрғын үй заемы сомасына қатысының артуы мөлшеріндегі және сақтандыру ұйымы қамтамасыз ету құнының 70 проценттен аспайтын ипотекалық тұрғын үй заемы сомасына қатысының артуы мөлшерінде сақтандырған кредиттік тәуекел кепіл құнының 90%-нен аспайды;


8081

Басқа ипотекалық тұрғын үй заемдары

";


      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаментi (Қарақұлова Д.Ш.):

      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;

      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттіктің мүдделi бөлiмшелерiне, ипотекалық ұйымдарға, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жiберсiн.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н.Өзбековке жүктелсін.

Төраға



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады