Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 23.09.2015 № 410/57-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Астана қаласы әкімдігінің қоғамдық көлікте білім алушылардың жеңілдікпен жүруі туралы ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасын, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2007.12.12. N 39/6-IV (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді), 2009.05.28 N 226/35-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2010.06.17 N 374/49-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтанқараңыз) Шешімдерімен.
1. Қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру құқығы білім алушылардың мына санаттағы тұлғаларына:
1) жалпы білім беретін мектептерде және мектеп-интернаттарда, кәсіптік бастауыш білім беретін мектептерде оқитын көп балалы отбасыларынан шыққан балаларға, қамқорлықтағы (қорғаншылықтағы) және патронаттағы балаларға;
2) Астана қаласының мемлекеттік жоғары және орта кәсіптік білім беру оқу орындарында оқитын көп балалы отбасыларынан шыққан студенттерге берілсін.
2. Астана қалалық әкімдігіне осы шешімді жүзеге асыру бойынша қажетті шаралар қабылдау ұсынылсын.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы
КЕЛІСІЛДІ
"Астана қаласының Экономика
және бюджеттік жоспарлау
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің директоры
"Астана қаласының Қаржы
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің директоры
"Астана қаласының Білім
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің директоры