Ақмола облысының Целиноград, Зеренді, Астрахан аудандары бойынша кейбір елді мекендерінің атауларын қайта атау туралы

Жаңартылған

Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихатының 2006 жылғы 29 қыркүйектегі N ЗС-22-14 бірлескен шешімі. Ақмола облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 10 қарашада N 3200 тіркелді.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «селосы», «селолық» деген сөздер «ауылы», «ауылдық» деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.02.2015 № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының  11 бабына  сәйкес, Целиноград, Зеренді, Астрахан аудандарының әкімдіктері мен мәслихаттарының бірлескен шешімдері негізінде және Ақмола облысының әкімдігі жанындағы тіл саясаты мен ономастика жөніндегі облыстық комиссияның 2006 жылғы 27 шілдедегі шешіміне байланысты Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысының кейбір елді мекендерінің атаулары қайта аталсын:
      1) Целиноград ауданы бойынша:
      Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округінің Павлоградка ауылы Сарыкөл ауылына;
      Қараөткел ауылдық округінің Ильинка ауылы Қараөткел ауылына.
      2) Зеренді ауданы бойынша:
      Чаглинка ауылдық округінің Водопьяновка ауылы Ақадыр ауылына;
      Подлесный ауылдық округінің Подлесное ауылы және Подлесный ауылдық округі сәйкес Бәйтерек ауылына және Бәйтерек ауылдық округіне.
      3) Астрахан ауданы бойынша:
      Острогорское ауылдық округінің Вишневка ауылы Қаракөл ауылына.
      2. Осы шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Шешім облыстық газеттерде ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілсін.

      Ақмола облыстық мәслихаты           Ақмола облысының әкімі
      сессиясының төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады