Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009.11.05 № 326 қаулысымен.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағыЗаңының 27 бабына сәйкес мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері 2006 жылғы 1-сәуірге дейін жұмыс орындары жалпы санының 3% көлемінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына жұмыс берушілерге квота белгілесін және мүгедектер үшін арнайы, сондай-ақ әлеуметтік жұмыс орындарын ашатын кәсіпорындар тізбесін айқындасын.
2. "Ақтөбе облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп департаментi" ММ (Р.К.Кемалова) шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған жеделдетілген шаралардың Аймақтық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын ашу жөнінде іс-шаралар енгізсін.
3. "Ақтөбе облысы бойынша салық комитеті" ММ (К.К.Мейрамбеков) тұрғындардың қорғалмаған топтарын қызмет саласына тарту мақсатында шағын және орта бизнес субъектілері үшін жеңілдік пен преференциялар беру мүмкіншіліктерін қарастыру ұсынылсын
4. "Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" ММ (Қ.Елеусіз) жыл сайын мүгедектердің кәсіби оқытуды ұйымдастыру үшін қаржы қажеттілігіне талдау жүргізуді жүзеге асырсын және алдағы жылға арналған облыс бюджетін қалыптастыру үшін тиісті ұсыныстар енгізсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары О.С.Уразалинге жүктелсін.
Облыс әкімі