Алматы облыстық мәслихатының 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 3-15 "Арнайы салық режимі бойынша төлемдер ставкасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облыстық мәслихатының 2006 жылғы 25 сәуірдегі N 27-195 шешімі. Алматы облыстық Әділет департаментінде 2006 жылғы 5 маусымда N 1964 тіркелген. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2014 жылғы 20 тамыздағы N 35-211 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 20.08.2014 N 35-211 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 373 бабының 2 тармағына және 2005 жылдың 20 желтоқсанында нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3977 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2005 жылғы 29 қарашадағы N 534 "Бір жолғы талондары беру Ережелерін бекіту туралы" Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001 жылғы 30 қазандағы N 1469 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығына сәйкес, Алматы облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 1435 нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2004 жылғы 20 қаңтардағы "Жетісу", "Огни Алатау" газеттерінің 8 нөмірінде жарияланған Алматы облыстық мәслихатының 2003 жылғы 25 желтоқсандағы "Арнайы салық режимі бойынша төлемдер ставкасын бекіту туралы" N 3-15 шешіміне мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1 қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
       2. Осы шешім алғаш рет жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясын төрағасы                         А. Мәмбетәлиев

      Облыстық мәслихат
      хатшысы                                    А. Сыдық

Алматы облыстық мәслихатының
2006 жылғы 25 сәуірдегі
"Алматы облыстық мәслихатының
2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 3-15
"Арнайы салық режимі бойынша
төлемдер ставкасын бекіту туралы"
шешіміне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы"
N 27-195 шешіміне
қосымша

"Алматы облыстық мәслихатының
2003 жылғы 25 желтоқсандағы
N 3-15 "Арнайы салық режимі
бойынша төлемдер ставкасын
бекіту туралы" шешіміне
1 қосымша

Қызметті бір күн ішінде жүзеге асыру үшін дүркін-дүркіндік сипаттағы кәсіпкерлік қызмет түрлері бойынша біржолғы талондар ставкасының құны (автомобиль көлігін айдап келу бойынша қызмет көрсетуден басқа)

(теңгемен)

Кәсіпкерлік қызмет
түрлері
Біржолғы талонның күндік құны
1 топ 2 топ 3 топ
1 Өткізу (тұрақты орынжайларда жүзеге асырылған қызметті қоспағанда)

1) Газеттер мен журналдарды өткізу

80

50

30

2) Тұқымдарды, сондай-ақ отырғызу материалдарын (ағаш көшеттері, көкөніс көшеттері) өткізу

120

80

50

3) Бақша дақылдарын өткізу

200

150

100

4) Саяжай мен үй жанындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді өткізу

110

100

60

5) Қосалқы ауыл шаруашылық (омарташылық), бағбандық, бақшалық және саяжайлық учаскелерден алынған өнімдерді өткізу

қосалқы ауыл шаруашылық (омарташылық), бағбандық, бақшалық,

120

90

60

саяжай учаскелерінен

90

70

50

6) Жануарлар мен құстарға арналған дайын  жемшөпті өткізу

70

60

50

7) Сыпырғылар, сыпыртқылар, орман жидектерін, бал, саңырауқұлақтар және ба-лықтарды өткізу

70

60

50

2

Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді алып өткізу (бір автокөлік үшін)

Таяу шет елдерден

1500

1300

1000

Қиыр шет елдерден

3000

2500

2000

3

Жер учаскелерін өңдейтін жеке тракторлардың (комбайндар, пішен шабатын машина) иелері көрсететін қызметтер (комбайндар, пішен шабатын машина)

220

220

220

4

Жеке жеңіл және жүк автокөлік иелері көрсететін жолаушылар мен жүк (лицензияларды қоспағанда) тасымалдау қызметі

қалааралық

300

250

200

аудандық

150

120

80

қала ішінде

200

150

100

жүк тасымалдау (көмір, ағаш)

300

250

200

5

Үй жануарларын бағу қызметі үшін


ірі қара мал (бір табын үшін)

100

80

60

қойлар, ешкілер (бір отар үшін)

40

30

25

      1 топ: Іле, қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары және Талдықорған қаласы;
      2 топ: Жамбыл, Панфилов аудандары және Қапшағай қаласы;
      3 топ:  Ақсу, Алакөл, Балхаш, Қаратал, Көксу, Кербұлақ, Райымбек, Сарқанд, Ескелді, Ұйғыр аудандары және Текелі қаласы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады