Облыстағы ауылдық округ пен кейбір ауылдардың атауын өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Әкімдігінің 2006 жылғы 13 шілдедегі N 7-21 қаулысы. Алматы облыстық әділет басқармасында 2006 жылғы 22 тамызда N 1969 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабындағы 4-тармағына сәйкес Алматы облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ және Алматы облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Төмендегі ауылдардың атауы:
      1) Өтенай ауылдық округі аумағында орналасқан Заря ауылы Өтенай ауылы;
      2) Өтенай ауылдық округі аумағында орналасқан Заречный ауылы Мойнақ ауылы;
      3) Өтенай ауылдық округі аумағында орналасқан Өтенай учаскесі Ынтымақ учаскесі;
      4) Қаратал ауданындағы Приморец ауылы Үшкөмей ауылы;
      5) Көксу ауданындағы Октябрь ауылдық округін Жарлыөзек ауылдық округі;
      6) Көксу ауданындағы Октябрь ауылы Жарлыөзек ауылы болып өзгертілсін.
       2. Талдықорған қаласы, Қаратал, Көксу аудандарының әкімдері белгіленген тәртіппен осы шешімді орындасын.
       3. Облыстық статистика басқармасы (Б. Төлепбаев) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерін есепке алу мен тіркеуіне өзгерістер енгізсін.
       4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Мұқановқа жүктелсін.
       5. Алматы облысы әкімдігінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі N 4-6 және Алматы облыстық мәслихатының 2006 жылғы 25 сәуірдегі N 27-194 "Облыстағы ауылдық округ пен кейбір ауылдардың атауын өзгерту туралы" бірлескен шешімі жойылсын.
       6. Осы шешім алғаш рет жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының әкімі

      Алматы облыстық мәслихаты
      сессиясының төрағасы

      Алматы облыстық
      Мәслихаттың хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады