Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облыстық мәслихатының 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 34-257 шешімі. Алматы облыстық Әділет департаментінде 2007 жылғы 15 қаңтарда N 1979 тіркелген. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 16-105 шешімімен

       Ескерту. Шешімнің күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 16-105 шешімімен.

         Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексі) 394-бабына сәйкес, Алматы облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :

      1. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне тіркелген жиынтық салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылдың 9 қаңтарда 1435 нөмірімен тіркелген Алматы облыстық мәслихатының 2003 жылғы 25 желтоқсандағы "Арнайы салық режимі бойынша төлемдер ставкасын бекіту туралы" N 3-15 шешімінің (2004 жылғы 20 қаңтардағы N 8 "Жетісу" және "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған), нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 5 маусымда 1964 нөмірімен тіркелген Алматы облыстық мәслихатының 2006 жылғы 25 сәуірдегі "Алматы облыстық мәслихатының 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 3-15 "Арнайы салық режимі бойынша төлемдер ставкасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 27-195 шешімдерінің N 3 қосымшасы алынып тасталсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихат хатшысы

Алматы облыстық мәслихатының
"Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген
түрлеріне тіркелген жиынтық
салық ставкаларын белгілеу туралы"
2006 жылғы "12" желтоқсандағы
N 34-257 шешіміне
қосымша

Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері бойынша жылға арналған салықтардың белгіленген сомасының құны

(АЕК-те)

р/с N

Кәсіпкерлік қызмет түрлері

Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері бойынша салықтың белгіленген сомасы

1 топ

2 топ

3 топ

1

Ойын үстелі (казино)

3000

2500

2200

2

Бір ойыншы
қатысуымен ойынға арналған ақшалай ұтысты ойын автоматы

80

70

60

3

Бірнеше ойыншылар
қатысуымен ойынға арналған ақшалай ұтысты ойын автоматы (электронды рулетканы
қоспағанда)

110

100

90

4

Электронды рулетка

130

110

100

5.

Тотализатор кассасы

230

210

200

6

Букмекерлік кеңсе кассасы 

115

105

100

7

Бір ойыншы
қатысуымен ойынға арналған ақшалай ұтыссыз ойын автоматы

20

15

10

8

Бірнеше ойыншылар
қатысуымен ойынға арналған ақшалай ұтыссыз ойын автоматы

30

25

20

9

Дербес компьютерді ойын өткізу үшін
қолданылу 

25

15

10

10

Ойын жолы (боулинг)

120

90

70

11

Карт

40

30

25

12

Бильярд үстелі

90

70

60

13

Лото ұйымдастырушы

110

90

80

      Жылдық тіркелген жиынтық салық ставкалары бір салық объектісіне белгіленген.

      Ескерту: Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері бойынша жылға арналған салықтардың белгіленген сомасының құнын дұрыс анықтау мақсатында, жекелеген аудандардың экономикалық дамуы мен жергілікті жағдайларды ескере отырып, аудан халықтарының ірі қалалар мен автомагистральдардан және сауда орындарынан шалғайда орналасуын ескере отырып, облыстың аудандары мен қалаларды 3 топқа бөлінді:

      1 топ: Іле, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары және Талдықорған қаласы;

      2 топ: Жамбыл, Панфилов аудандары және Қапшағай қаласы;

      3 топ: Ақсу, Алакөл, Балқаш, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Райымбек, Сарқан, Ескелді, Ұйғұр аудандары және Текелі қаласы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады