Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 27.01.2014 № 72 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 32, 43 баптарының негізінде, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабын басшылыққа ала отырып, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес, жалпы пайдаланудағы жерлерде Тараз қаласының аумағында қазақтың ұлттық сусындар (қымыз, шұбат) сату жөнінде уақытша киіз үйлердің сауда нүктелерінің орындары бекітілсін.
2. "Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Мамедов Н.М.) маусымдық сипаттағы өнімдерді сату үшін тиісті шаралар қолданып, орындар бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е. К. Астаевқа жүктелсін.
Тараз қаласының әкімі І. Тортаев
Тараз қаласы әкімдігінің
2006 жылғы 9 сәуірдегі
№ 398 қаулысына қосымша
Қымыз және шұбат сататын нүктелердің
ТІЗБЕСІ
№ |
Аудандар |
Мекен-жайы |
Саны |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Байзақ |
10 мөлтек ауданы, 11 мөл. ауд; |
3 |
2 |
Жамбыл |
"Тараз" қонақ үйінің қасында; |
3 |
3 |
Жуалы |
9 м/а. С.Сейфуллин көшесі Б.Момышұлы көшесінің бұрышы; |
3 |
4 |
Кордай |
7м/а, "Рас" кафесінің жанында; |
2 |
5 |
Мерке |
Қалалық аурухана Жамбыл данғылы "Жібек-жолы" кафесінің жанында; |
3 |
6 |
Мойынкұм |
3 м/а. қалалық сотқа қарсы. |
1 |
7 |
Т.Рыскулов |
10 м/а. Б.Момышулы көшесі; |
3 |
8 |
Сарысу |
Рысбек батыр көшесі 2, Толе би қиылысы; |
2 |
9 |
Талас |
8 м/а "Алатау" кафесінің арты; |
2 |
10 |
Шу |
3 м/а. қалалық сотқа қарама-қарсы. |
1 |
11 |
Тараз қаласы |
7 м/а. нан заутының жанында; |
5 |
Барлығы: | 28 |
---|