Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43 бабына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 10 наурыздағы ХVI сессиясының "Қарағанды қаласында иттерді және мысықтарды күтіп ұстау Қағидасын бекіту туралы" N 4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі N 8-1-1, "Взгляд на события" газетінде 2005 жылғы 18 мамырда N 19 (084) жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
1) 7 тармақта "Тыйым салынады" сөздері "Жол берілмейді" сөздерімен ауыстырылсын;
2) 7 тармақтың 9 тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау құрылыс, экология, көлік, байланыс, халыққа коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету мәселелері бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін (төрағасы Әбдіров Қадырбек Сағашұлы).
III шақырылған
қалалық мәслихаттың кезектен тыс
ХХIХ сессиясының төрағасы,
қалалық мәслихат хатшысы Қ. Бексұлтанов
Келісілді:
Қарағанды қаласының
Қазыбек би атындағы
ауданның әкімі М. Кәрібеков
Қарағанды қаласының
Октябрь ауданының әкімі А. Ессе
Қарағанды қаласының
Қазыбек би атындағы
ауданның ішкі істер
басқармасының бастығы С. Әбубәкіров
Қарағанды қаласының
Октябрь ауданының ішкі істер
басқармасының бастығы Т. Нұрғалиев
Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
департаментінің Қарағанды қаласы
бойынша филиалының бастығы С. Сәтеков