Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 5 , 6, 7, 9, 20 баптарына сәйкес және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 61 жылдығын мерекелеуге байланысты, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ :
1. Азаматтардың келесі санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсетілсін:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектеріне 3000 теңге мөлшерінде;
2) жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін қорғанысына қатысу жылдар бойы сіңірген еңбегіне есептелетін қалаларда Ұлы Отан соғысы кезінде бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне, сондай-ақ басшы және қатардағы құрамының тұлғаларына 1000 теңге мөлшерінде;
3) Ұлы Отан соғысы кезінде әрекеттегі әскер құрамына енген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Кеңес Әскерінің, Әскери-Теңіз флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалданушы құрамының тұлғаларына 1000 теңге мөлшерінде;
4) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына 1000 теңге мөлшерінде;
5) қоршаудағы кезіндегі Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға 1000 теңге мөлшерінде;
6) Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың (хабар-ошарсыз кеткен, қайтыс болған) қайтадан некеге отырмаған зайыбына (еріне) 1000 теңге мөлшерінде;
7) жалпы ауруға шалдығу, еңбек ету кезінде зақымдану нәтижесінде мүгедек деп танылған қайтыс болған соғыс мүгедектерінің, соғысқа қатысушылардың екінші рет некеге тұрмаған әйеліне (күйеуіне) 1000 теңге мөлшерінде;
8) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға 1000 теңге мөлшерінде;
9) 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында алты айдан кем емес жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға 1000 теңге мөлшерінде.
2. Уәкілетті орган "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім):
1) бөлім тізімдері бойынша жоғарыда көрсетілген санаттарға біржолғы материалдық көмек тағайындауды және есеп-шоттарға төлеуді қамтамасыз етсін, ал біржолғы материалдық көмекті алу құқығы бар, Бөлім тізімдерінде жоқ тұлғалар белгіленген тәртіп бойынша тұлғаның белгілі-бір санатқа жататындығын растайтын құжаттарға сәйкес, банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда ашылған зейнетақы немесе жәрдемақы алушының жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініш тапсырады.
2) біржолғы материалдық көмек сомасы Бөлімнің тізімдер бойынша, банктік операцияларды жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы есеп-шоттарға аударылады.
3) материалдық көмек көрсету шығындары "Жергілiктi өкілетті органдардың шешiмі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтiк көмек" 007 бағдарламасы бойынша қарастырылған қаржылар есебінен қаржыландырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін (төраймымы Оспанова Майра Мәжкенқызы).
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
ІІІ шақырылған қалалық
мәслихаттың кезекті XXXIIІ
сессиясының төрағасы
Қалалық мәслихат хатшысы