Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2007.12.12 N 33 Шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
"Қызылорда облысы бойынша 2005-2007 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту аймақтық бағдарламасын бекіту туралы" облыстық Мәслихаттың 2005 жылғы 19 наурыздағы ХІV сессиясының N 157 шешіміне нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4119 санды болып тіркелген, 2005 жылғы 30 сәуірде "Сыр бойы" облыстық газетінде жарияланған мынадай толықтырулар енгізілсін:
"6. Қызылорда облысы бойынша 2005-2007 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" мынадай мазмұндағы 11-1 тармақшамен толықтырылсын:
11-1 |
Жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу |
Облыс әкімдігіне ақпарат |
Аудандар мен |
Тоқсан сайын |
Қажеті жоқ |
Облыстық Мәслихаттың
ХХІV сессиясының төрағасы