Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2011.08.16 N 113 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Облыстық коммуналдық меншіктегі объектілерді кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру Ережелерін бекіту туралы" облыс әкімиятының 2005 жылғы 5 мамырдағы N 415 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген облыстық коммуналдық меншіктегі объектілерді кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) мүліктік жалдауға (жалға) беру Ережесінде:
5-тармақ мынадай сөйлеммен толықтырылсын:
"Ғимараттағы үй-жайлардың бір бөлігін жалдау үшін төлемді есептеу кезінде жалпы пайдаланатын орындарға кіруді Жалдаушының осы алаңдарды үлестік пайдалануына сайма-сай ескеру қажет."
Облыс әкімінің міндетін атқарушы