2007 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2006 жылғы 20 қарашадағы XXVІ сессиясының N 296 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2006 жылғы 6 желтоқсанда N 721 тіркелді. Қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2008 жылғы 16 мамырдағы N 433 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2008 жылғы 16 мамырдағы N 433 хатымен

      Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 38 бабына және Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)"  Кодексінің  454 бабының 1 тармағына сәйкес ІІІ-ші сайланған Алматы қаласының мәслихаты  ШЕШІМ ЕТТІ: 
      1. Алматы қаласы бойынша 2007 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау экология және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Біртанов А.Б.) және Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.Ш.Мұқашевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

       ІІІ-сайланған Алматы
      қаласының мәслихатының
      ХХVІ-сессиясының төрағасы       Қ. Ноерманова

ІІІ сайланған Алматы қаласы  
мәслихатының ХХVІ сессиясының 
2006 жылғы 20 қазандағы    
N 296 шешіміне қосымша     

Алматы қаласы бойынша 2007 жылға арналған
жер үсті көздеріндегі су ресурстарын
 пайдалану үшін төлемақы ставкалары

N
п/п

Арнайы су пайдалану түрі

Өлшем бірлігі

Төлемақы ставкалары

1

Тұрғын үй, пайдалану және коммуналдық қызмет

тиын/текше метр

3,94

2

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қосқанда

тиын/текше метр

10,86

3

Ауыл шаруашылығы

тиын/текше метр

3,12

4

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған су шаруашылықтары

тиын/текше метр 

2,96

5

Балық шаруашылығы, су көздерінен балық аулайтын тұтынушылар

теңге/тонна

77,55

6

Гидроэнергетика

тиын/киловатт
сағат

1,15

7

Cу көлігі 

тиын/тонна 
шақырым

0,33

       ІІІ сайланған Алматы
      қаласы мәслихаты
      ХХVІ сессиясының төрағасы     Қ. Ноерманова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады