II сайланған Алматы қалалық мәслихатының 2003 жылғы 16 қыркүйектегі XXVII сессиясының "Алматы қаласында тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі туралы Ережені бекіту жөнінде" шешіміне толықтырулар енгізу туралы   

Күшін жойған

ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVІІ сессиясының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы N 318 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2007 жылғы 19 қаңтарда N 728 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 388 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХXІV сессиясының 2010.12.13 N 388 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заңының 6 бабы 1 тармағы 15 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңының 97 бабы 2 тармағына сәйкес III сайланған Алматы қаласы мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. II сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2003 жылғы 16 қыркүйектегі XXVII сессиясының "Алматы қаласында тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі туралы Ережені бекіту жөнінде", (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2003 жылы 6 қазанда N 557 тіркелген, 2003 жылғы 11 қазанда "Алматы ақшамы", "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған); өзгерістер мен толықтырулар енгізілген - 2004 жылғы 29 шілдедегі VIII сессияның N 69 шешімімен, 2004 жылғы 5 тамызда N 612 рет санымен тіркеліп, 2004 жылғы 12 тамызда - "Алматы Ақшамы" N 91, 2004 жылғы 26 тамызда - "Вечерний Алматы" N 171-172 газеттерінде жарияланған; 2005 жылғы 28 қаңтардағы кезектен тыс XII сессияның N 111 шешімімен, 2005 жылғы 1 ақпанда N 641 рет санымен тіркеліп, 2005 жылғы 3 ақпанда - "Алматы ақшамы" N 13, 2005 жылғы 5 ақпанда - "Вечерний Алматы" N 24 газеттерінде жарияланған; 2005 жылғы 27 сәуірдегі XV сессияның N 145 шешімімен, 2005 жылғы 13 мамырда N 656 рет санымен тіркеліп, 2005 жылғы 24 мамырда - "Алматы Ақшамы" N 57, 2005 жылғы 9 маусымда - "Вечерний Алматы" N 118 газеттерінде жарияланған; 2005 жылғы 29 шілдедегі XVII сессиясының N 172 шешімімен, 2005 жылғы 10 тамызда N 668 рет санымен тіркеліп, 2005 жылғы 20 тамыздағы - "Алматы Ақшамы" N 95, 2005 жылғы 27 тамызда - "Вечерний Алматы" N 173 газеттерінде жарияланған; 2006 жылғы 15 мамырдағы XXIII сессиясының N 249 шешімімен, 2006 жылғы 19 маусымда N 704 рет санымен тіркеліп, 2006 жылғы 24 маусымдағы - "Алматы Ақшамы" N 74, 2006 жылғы 29 маусымда - "Вечерний Алматы" N 122-124 газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Алматы қаласында тұрғын үй көмегінің көлемі мен көрсету тәртібі туралы Ережеге:
      2 тармақтың бірінші абзацында "жұбайлары)" сөзінен кейін ", Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайта некеге отырмаған жесірлері, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылары (ақталғандар)" деген сөздермен толықтырылсын;
      2 тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: "Тұрғын үй көмегі 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушыларға (ақталғандар) "Желтоқсан" Республикалық халықтық-отаншылдық қозғалысы берген тізім бойынша көрсетіледі.";
      3 тармақтың "жұбайлары)" сөзінен кейін ", Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайта некеге отырмаған жесірлері, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылары (ақталғандар)" деген сөздермен толықтырылсын;
      12 тармақтың екінші абзацында "қатысушыларының" сөзінен кейін ", Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайта некеге отырмаған жесірлерінің" деген сөздермен толықтырылсын;
      16,17 тармақтардың "жұбайлары)" сөзінен кейін ", Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайта некеге отырмаған жесірлеріне, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушыларға (ақталғандар)" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы шешім Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссияға (Е.Б.Тәжиев), Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.А.Бүкеновке жүктелсін.

      ІІІ сайланған Алматы қаласы
      мәслихаты ХХVII сессиясының
      төрағасы, хатшысы                          Т. Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады