Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабына сәйкес, Исатай аудандық мәслихатының 2006 жылғы 14 сәуірдегі N 183-ІІІ және Исатай ауданы әкімінің 2006 жылғы 14 сәуірдегі N 88 бірлескен шешімінің негізінде облыстық мәслихат пен облыс әкімі шешеміз:
1. Исатай ауданының келесі елді мекендері ауыл категориясына жатқызылсын:
1) Исатай ауылдық округінің орталығы - Исатай станциясы;
2) Нарын ауылдық округінің орталығы - Нарын разъезі.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Атырау облысы әкімінің 9.10.2014 № 19 және Атырау облыстық мәслихатының 10.10.2014 № 326-V бірлескен шешімдерімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Облыс әкімі |
Облыстық мәслихаттың XXІ |