Жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2006 жылғы 7 ақпандағы N 25/224-3с шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Әділет басқармасында 2006 жылғы 7 наурызда N 14-1-23 тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қалалық мәслихатының 2007 жылғы 29 наурыздағы № 37/372-4с Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шымкент қалалық мәслихатының 2007.03.29 № 37/372-4с Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 7 маусымдағы "Білім туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 3 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 6 бабы 4 тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса тіркелген Шымкент қаласының білім беру ұйымдарының көмекке мұқтаж күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы
      Қалалық мәслихат хатшысы

Шымкент қалалық мәслихатының
2006 жылдың 7 ақпан
25/224-3с шешімімен бекітілген

      Шымкент қаласының білім беру ұйымдарының көмекке
мұқтаж күндізгі оқу нысанында оқитындар мен
тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын өтемақы төлеу
арқылы жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету
ҚАҒИДАСЫ

      1. Жалпы қағидалар

      1. Осы қағидалар Шымкент қаласының білім беру ұйымдарының көмекке мұқтаж күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын өтемақы төлеу арқылы жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету тәртібі мен шарттарын белгілейді.
      2. Өтемақы алуға, Шымкент қаласы білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілері болып табылатын Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі азаматтары құқылы.
      3. Осы Қағидаларда мына мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) бағдарлама әкімшісі - Шымкент қаласының білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органы;
      2) жол жүруге өтемақы алуға құқықтарды анықтайтын комиссия (бұдан әрі - комиссия) - міндетті түрде оның құрамына Шымкент қалалық мәслихатының депутаттарын және Шымкент қаласының білім беру және спорт бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жастар қоғамдық ұйымдары және Шымкент қаласы оқу орындарының өкілдерін енгізілуімен, Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі (бұдан әрі - бөлім) меңгерушісі орынбасарының төрағалық етуімен бөліммен құрылатын комиссия;
      3) жол жүруге өтемақы - жылына екі рет ақпан және қазан айларында төленетін Шымкент қаласының білім беру ұйымдарының көмекке мұқтаж күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттары үшін қалалық қоғамдық көлігінде (таксиден басқа ) жол жүру құнының бөлігін өтеуге арналған ақшалай төлем;
      4) алушы-комиссия өтемақы төлеуді тағайындаған Шымкент қаласының білім беру ұйымдарының көмекке мұқтаж күндізгі оқу нысанындағы оқушысы мен тәрбиеленушілері.

      2. Жол жүруге өтемақы тағайындау шарттары мен тәртібі

      4. Жол жүруге өтемақыны алу үшін, оқушылар (тәрбиеленушілер) өздері оқып жатқан оқу орындарына мынадай құжаттар ұсыналары керек:
      1) өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын, нотариалды бекітілген құжаттың көшірмесі;
      3) ұсынушының осы қағидалардың 5 тармағында көрсетілген санаттарға жататынын растайтын құжаттар;
      4) ұсынушының Шымкент қаласының жалпы орта, бастауыш және орта білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанындағы оқушысы (тәрбиеленушісі) екенін растайтын құжат.
      Оқу орындары іс қағаздарын жинап, тізімдермен бірге оларды бөлімге өткізеді.
      5. Жол жүруге өтемақыны алу үшін қажетті құжаттар тиісті оқу жылының қыркүйек айының 1 мен 30 жұлдыздары және желтоқсан айының 1 мен 31 жұлдыздары аралығында тапсырылады. Бөлім оларды, тиісті оқу жылының қазан және қаңтар айларының он күн ішінде отырысын өткізетін комиссия қарауына жібереді. Комиссияға қарау барысында: жетімдер, і, іі немесе ііі топ мүгедектері, ата-аналарының біреуі немесе екеуі де і, іі топ мүгедектері болып табылатын отбасы мүшелері, жарты жанды отбасы мүшелері, көп балалы отбасы мүшелері болып табылатын оқушылар (тәрбиеленушілер) санаттарын ескеру ұсынылсын.
      Қарау нәтижелері бойынша комиссия, жол жүруге өтемақы тағайындау туралы және өтемақы көлемін анықтайды немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      6. Жол жүруге өтемақыны тағайындау, осы мақсатқа тиісті жылдың қала бюджетінде алдын ала қарастырылып бөлінген қаражат шегінде жүзеге асырылады және бір оқушыға (тәрбиеленушіге) жарты жылға 3000 (үш мың) теңгеден аспайтын соммада беріледі.
      7. Оң шешім шығарылған жағдайда, бөлім тарапынан хабардар болған алушылар, немесе егер алушы он алты жасқа толмаған жағдайда ата-анасы, қамқоршысы банкте жеке шоттар ашады.
      Тағайындаудан бас тартқан жағдайда, бас тарту себептері көрсетіліп бөлім өтініш беруші оқитын оқу орнына құжаттарын қайтарады.

      3. Қаржыландырылу механизмі

      8. Оқушыларға (тәрбиеленушілерге) жол жүруге өтемақыны бағдарлама әкімшісімен «Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанының оқушылары мен тәрбиеленушілерін әлеуметтік қорғау» 464008 бағдарламасымен қарастырылған қаражат есебінен алушылардың жеке шоттарына аудару арқылы жүзеге асырады.
      9. Шымкент қаласының қаржы бөлімі тиісті жылға қала бюджетінде қарастырылған қаржы шегінде бағдарламаны қаржыландыруды жүзеге асырады.

      4. Өтпелі қағидалар

      10. 2006 жылдың бірінші жарты жылдығында жол жүруге өтемақыны алу үшін осы ережелердің 4 тармағында көрсетілген құжаттар 2006 жылдың наурыз айының 1 мен 25 жұлдыздары аралығында тапсырылады. Комиссия отырысы 2006 жылдың наурыз айының 26 жұлдызынан сәуір айының 8 жұлдызы аралығында өтеді. 2006 жылдың бірінші жарты жылдың жол жүруге өтемақысын төлеу 2006 жылдың сәуір айында жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады