"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"»Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"»Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 11-баптарына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихатының 2005 жылғы 3 маусымындағы N 13-9 және әкімдігінің 2005 жылғы 22 ақпандағы N 1198 бірлескен шешімі мен қаулысы, Үржар аудандық мәслихатының 2005 жылғы 18 тамыздағы N 15-122-ІІІ, N 15-123-ІІІ және әкімдігінің 2005 жылғы 17 тамыздағы N 117, N 118 бірлескен шешімдері мен қаулылары негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тұрғындардың көшіп кетуіне байланысты мынадай елді мекендер таратылсын және есепке алу мәліметтерінен шығарылсын:
1) Бородулиха ауданы бойынша Бакин ауылдық округінің Қазбек ауылы, Ленин ауылдық округінің II Бөлімше ауылы мен Раево ауылы, Новошульба ауылдық округінің Сизиково ауылы, Новодворовка ауылдық округінің Матвеевка ауылы;