Жалпы білім беру мектептерінің жетім балалары, қамқорлыққа алынған балалар және аз қамтылған отбасыларының балалары санынан 2006 жылғы түлектерін әлеуметтік қолдау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 2545 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық әділет басқармасында 2006 жылғы 14 наурызда N 5-1-32 тіркелді. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № Ин-6/141 хатымен

      Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2008.02.11 № Ин-6/141 хатымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" Заңының 36 бабының 3 тармағының 10) тармақшасына және 11 тармағына сәйкес, жетім балаларды, қамқорлыққа алынған балаларды және аз қамтылған отбасыларының балаларын әлеуметтік қолдау мақсатында Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Жалпы білім беру мектептерінің жетім балалар, қамқорлыққа алынған балалар және аз қамтылған отбасыларының балалары санынан түлектеріне ары қарай оқулары үшін бір жолғы материалдық көмек көрсетілсін (бұдан әрі-Балалар).
       2. Қоса беріліп отырған балаларды ары қарай оқыту үшін бір жолғы материалдық көмек көрсету шарттары туралы Ереже бекітілсін.
      3. Өскемен қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 25 шілдедегі N 242 "Жалпы білім беру мектептерінің жетім балалары, қамқорлыққа алынған балалар және аз қамтылған отбасыларының балалары санынан 2005 жылғы түлектерін әлеуметтік қолдау туралы" (2005 жылғы 6 тамыздағы N 76-77 "Дидар", 2005 жылғы 9 тамыздағы N 121 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған, тіркеу нөмірі 5-1-3) қаулысы күшін жойды деп саналсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің орынбасары С.И. Ферхоға жүктелсін.

      Өскемен қаласының әкімі

Қала әкімдігінің
27 ақпандағы 2006 жылғы
N 2545 қаулысымен бекітілген

Балаларды ары қарай оқыту үшін бір жолғы материалдық көмек
көрсету шарттары туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ереже

      1. Бір жолғы материалдық көмек (бұдан әрі-материалдық көмек) жалпы білім беру мектептерінің оқуда ерекшеленген жетім балалар, қамқорлыққа алынған балалар және аз қамтылған отбасыларының балалары санынан түлектерін ары қарай оқыту үшін жылына бір рет көрсетіледі.
      2. Материалдық көмекті төлеу "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
      3. Материалдық көмек орта мектепті "жақсы" және "өте жақсы" аяқтаған "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынған жалпы орта білім ұйымдарын бітіретін сынып оқушылары санынан жетім балаларға, қамқорлыққа алынған балаларға және аз қамтылған отбасыларының балаларына көрсетіледі.

2. Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар

      4. Материалдық көмек алуға үміткерлер келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1) түлектердің бірыңғай ұлттық тестілеуден немесе кешенді тестілеуден өту нәтижесі 65 балдан төмен болмауы тиіс;
      2) жалпы орта білім алғаннан кейін үлгерімнің орта баллы 4,0-тен төмен болмауға тиіс;
      3) ары қарай оқу тілін білу.
      5. Үміткерлер келесі құжаттарды тапсырады:
      1) үміткердің және оның заңды өкілдерінің өтініштері, балалар үйінің басшысынан тәрбиеленушіге хабарлама-негіздеме;
      2) отбасының әлеуметтік картасы;
      3) орта білім туралы аттестат көшірмесі;
      4) бірыңғай ұлттық тестілеуді тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі;
      5) мектеп директоры қол қойған ресми бланктегі кепілдеме хат;
      6) мақтау қағаздарының, сертификаттардың, дипломдардың көшірмелері;
      7) денсаулық жағдайы туралы белгіленген түрдегі медициналық анықтама көшірмесі;
      8) Халық банктегі жеке шоттың көшірмесі.
      6. Құжаттарды тапсыру мерзімі: 1-і нен 15 тамызға дейін.

3. Төлеу мөлшері және тәртібі

      7. Материалдық көмек 6.451.000.007 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек" бағдарламасы бойынша қалалық бюджет қаржысынан төленеді.
      8. Материалдық көмек "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынған тізімдерге сәйкес бөлінген қаржы сомасынан Балалар арасында тең мөлшерде бөлінеді.
      9. Балаларға материалдық көмек төлеу жеке шот ашқанда екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылатын болады.

      Қала әкімі аппаратының басшысы
      міндетін уақытша атқарушы,
      қала әкімінің кеңесшісі

      "Өскемен қаласының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады