Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді тағайындау және төлеу Ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 16 ақпандағы № 1539 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық Әділет басқармасында 2006 жылғы 16 наурызда № 5-9-32 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2024 жылғы 26 тамыздағы № 389 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 26.08.2024 № 389 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2005 жылғы 13 сәуірдегі №39-/// "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29 бабының 6 тармағын, 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-// "Мүмкіндіктері шектелген балаларды әлеуметтік дәрігерлі-оқытулы түзетулік қолдау туралы" Қазақстан Реслубликасы Заңының 11 бабы 1 тармағын іске асыру мақсатында және 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 48-// "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасына сәйкес, мүгедек балалы ата-аналарға оқытуға және тәрбиелеуге көмек көрсетуге Глубокое аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтуды тағайындау және төлеудің қосымша ұсынылған Ережелері бекітілсін (ары қарай - Ереже).

      2. 2006 жылғы 1 қаңтарынан материалдық қамту ай сайын 7581 теңге мөлшерінде белгіленсін.

      3. Бекітілген Ережелерге сәйкес "Глубокое аудандық жұмыспен қамту жәнө әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ басшысы М.Пономареваға үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтуға тағайындауды және төлеуді қамтамасыз ету.

      4. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Я.Пекурге жүктелсін.

      Глубокое ауданыңың әкімі С. Плотников

  Глубокое аудандық әкімдігінің
2006 жылғы "16" ақпандағы № 1539
қаулысымен бекітілген

Үйде оқитын және тербиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етүді тағайындау және төлеу Ережелері

1. Жалпы ережелер

      Осьі Ережелер 2005 жылғы 13 сөуірдегі № 39-/// "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29 бабының 6 тармағын, 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-// "Мүмкіндіктері шектелген балаларды әлеуметтік дәрігерлі-оқытулы түзетулік қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабы 1 тармағын іске асыру мақсатында жөне 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 48-// "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасына сөйкес жасалған.

2. Тағайындау тәртібі.

      Материалдық қамту тағайындауы баланың тұрғылықты жерінде ата-анасының біреуі немесе оны алмастыратың тұлға өтініші бойынша өкілдік органымен (аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) жасалады.

      Өінішке қосымша ұсынылады: мүгедек баланы үйде оқыту немесе тәрбиелеу қажеттілігі туралы облыстық білім Департаментінің мекемеаралық психологты дәрігерлік оқыту комиссиясымен берілген анықтама; өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі; СТН (өтініш берушінің) көшірмесі; мүгедек баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; дәрігерлі әлеуметтік сараптама анықтамасының көшірмесі; отбасы қүрамы туралы анықтама; мектөптен анықтама.

      Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамту көмек тағайындау туралы өтініш берілген айдан және мекемеаралық психологты дәрігерлік оқыту комиссия анықтамасында көрсетілген мерзімге тағайындалады. Материалдық қамтуға тағайындаудың және төлеудің қайта басталу немесе тоқтату жағдайлар болған кезде (баланың қайтыс болуы, интернат үйіне орналастыру, басқа түрғылықты жерге көшіп кету, төлем мерзімі аяқталуы ж.б.) сәйкестік жағдайлар болған айдың келесі айынан қамтуға тағайындау және төлеу тоқтатылады немесе қайта басталады.

      Материалдық қамтуды алушылар көмек алу қүқығына әсер өтетін барлық өзгерістер туралы тиісті өкілдік органына хабарлауға міндетті.

      Болған өзгерістер туралы мәлімдеме бермеген жағдайда заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша артық алынған сомалар қайтаруға тиісті.

      Материалдық қамтуға тағайындау туралы өтініш барлық қажетті қужаттармен бірге келіп түскен күннен 10 күн мерзімінде тиісті өкілдік орпанымен қаралады.

      Материалдық қамтудан бас тартқан кезде тиісті өкілдік орган шешім шығарғаннан кейін бас тарту себептерін және шағым беру тәртібін көрсетіп өтініш берушіге барлық қужаттарын қайтарады.

      Өкілдік органның шешімі іс жүзіндегі заңнамаға сәйкес қайта қаралуға мүмкін.

      Материалдық қамту туралы өтініш барлық қажетті қужаттармен және өкілдік органның мүгедек балаларға материалдық қамтуды тағайындау туралы шешім алушының жеке ісінде сақталады.

З. Қаржыландыру және төлеу тәртібі.

      Өкілдік орган (аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) ағымды айдың 25 дейін аудандық қаржы бөліміне қажеттілік тапсырыс береді.

      Бюджеттік есепке қаржыландыру түскеннен кейін ақша қаражаттарын аудару өкілдік органының тапсырысына сәйкес және "Қазпошта" АҚ Глубокое бөлімшесінің аудандық пошта байланыс желісімен Агенттік келісім негізінде жасалады.

      "Глубокое ауданының жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ басшысы М.Пономарева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады