Орал қаласында жануарларды ұстаудың ережесі туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 12 қазандағы N 37-17 шешімі. Орал қаласының әділет басқармасында 2006 жылғы 15 қарашада N 7-1-55 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 24 желтоқсандағы N 24-22 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2009.12.24 N 24-22 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3-бабының 2-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Мал дәрігерлігі туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағы 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағы 8-тармақшасына сәйкес Орал қалалық мәслихаты  ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Орал қаласында жануарларды ұстаудың қоса берілген ережесі бекітілсін.
      2. Орал қалалық мәслихатының 2006 жылғы 31 мамырдағы N 33-7 "Орал қаласында жануарларды ұстаудың ережесі туралы" шешімі жойылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Орал қалалық мәслихатының кезекті
      ХХХVІІ сессиясының төрағасы

      Орал қалалық мәслихаты
      хатшысының міндетін атқарушы 

Орал қалалық мәслихатының
2006 жылғы 12 қазандағы
N 37-17 шешімімен бекітілді

Орал қаласында жануарларды ұстаудың
Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Орал қаласында жануарларды ұстау Ережесі (әрі қарай - Ереже) адамдар мен жануарлардың бірге өмір сүруіне жағымды жағдайды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес әзірленген. 
      2. Осы Ережеде келесі ұғымдар пайдаланылады:
      1) жануарлар - ауылшаруашылық, үй, жабайы, сүтқоректілер, құстар, бал арасы, балықтар, су мен жерде өмір сүретін жануарлар, жәндіктер, және басқа да жануарлар әлемі;
      2) жабайы жануарлар - құрғақта, суда, атмосферада және топырақта табиғи еркіндік жағдайда болатын сүтқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, моллюскалар, жәндіктер және тағы басқалары;
      3) ауылшаруашылық малы - адам өсіретін, ауылшаруашылық өндірісіне тікелей қатысы бар ауылшаруашылық малы мен құсының барлық түрі (ірі қара мал, қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер, шошқалар, маралдар мен бұғылар, тауықтар, үйректер, қаздар, күрке тауықтар, бал аралары, бағалы аңдар мен үй қояндары), сондай-ақ олардың тұраралық гибридтері;
      4) жануардың иесі- жеке меншік немесе басқа да қарауында жануары бар жеке немесе заңды тұлға; 
      5) жануарларды ұстау- жануарлардың иелерінің жануарлардың өмірін, дене және психикалық саулығын сақтауға, ветеринарлық-санитарлық нормаларды сақтай отырып, толыққанды ұрпақ алу үшін, сондай-а азаматтар мен жануарлар әлемі өкілдерінің қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бағытталған іс-әрекеттері.
      3. Осы Ереже Орал қаласы, Деркөл, Зашаған, Желаев, Круглоозерное кенттік округтері аумақтарындағы жануарлардың иелеріне қолданылады.

2. Жануар иесінің құқықтары мен міндеттері

      4. Жануар иесі құқылы:
      1) осы Ережеде қарастырылған тәртіпті сақтай отырып, жануарларды алуға және иелігінен шығаруға (соның ішінде сату, сыйға тарту, ауыстыру т.б. арқылы); 
      2) жануарлар иелерінің қоғамдарынан (клубтардан), ветеринарлық ұйымдар мен ауылшаруашылық оқу орындарынан жануарларды ұстау, басын көбейту тәртібі туралы қажетті ақпаратты алуға.
      5. Жануар иесі міндетті:
      1) жануарлардың ауруларының алдын алуды және мемлекеттік ветеринарлық қадағалау бақылайтын жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ветеринария саласында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген ветеринарлық (санитарлық-гигиеналық) ережелерін сақтай отырып, ветеринарлық және әкімшілік-шаруашылық шараларды жүзеге асыруға; 
      2) жануарларға ізгілікпен қарауға;
      3) жануарлардың биологиялық ерекшелігін ескере отырып, өміріне қажетті азықпен, сумен қамтамасыз етуге;
      4) ветеринарлық қадағалау органдарға жануардың адамға шабуылы туралы хабарлау;
      5) ауылшаруашылық жануарларын ұқсастыруды қамтамасыз етуге және оларға ветеринариялық төлқұжат толтыруға; 
      6) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан келген жануарлар, алынған төл, оларды сою және сату туралы хабарлап отыруға;
      7) бірнеше жануардың кенеттен өлген, бір мезгілде ауырған жағдайлары туралы ветеринариялық мамандарға хабарлауға, ветеринариялық мамандар келгенге дейін ауру деп күдік келтірілген жануарларды оңшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға;
      8) ветеринариялық мамандардың талабы бойынша диагностикалық зерттеу мен вакцинация жүргізуге жануарларды дайындауға;
      9) өз жануарларының нәжістерін, сондай-ақ кіреберістерді, баспалдақ торларын, лифтілерді, балалар алаңдарын, жаяу жүру жолдарын қоса жинап жүру;
      10) жануарлар өліп қалған жағдайда оның өлімдігін өлген жануарлардың өлімдіктерін кәдеге жарату бойынша мамандандырылған ұйымдарға тапсыруға.

3. Жануарларды ұстау

      6. Осы Ереженің бесінші тармағында көрсетілген талаптарды сақтаған жағдайда рұқсат етіледі:
      1) жануарларды жеке иеліктегі үйде тек жақсы қоршалған аумақта қоршау жануарлардың қашып кетуін, өтіп бара жатқандарды тістеп алуын болдырмауы қажет, қауіпті немесе жыртқыш жануардың болуы туралы кіреберісте және қоршаудың сыртында көлемі 20х30 сантиметрден кем болмайтын, жануардың суреті, оның аты, мүмкін болатын қауіп туралы жазуы бар ескерту кесте жасалынуы қажет;
      2) ауылшаруашылық жануарлары мен құстарды жеке аулаларда, тұрғын ғимараттардан 50 м қашықтықта орналасқан арнайы жасақталған жабық орындарда және сауықтыру мен бала мекемелерінің, қоғамдық тамақтану мен сауда кәсіпорны, тамақ өнеркәсібі, көп қабатты үй-жай, көпшілік демалыс орындары аумағынан 100 м қашықтықта. Мал мен құсты ұстауға арналған орын қайталама түрде өшірілген әкпен ақталып, арнайы көң сақтайтын орынның болуы  және уақытында тазартылып тұруы қажет. 
      7. Жануарларды әуе, су, теміржол көліктерінде тасымалдау көліктің осы түрлеріндегі Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Орал қаласының аумағында тыйым салынады:
      1) балалар және спорт алаңдары, мектепке дейінгі балалар мекемелері, мектеп және оқу орындары аумақтарында, денсаулық сақтау нысандарында, саябақтарда, су алаңдары мен қалалық жаңа жайларда және басқа да заңнамамен анықталатын аумақтарында жануарларды серуендетуге;
      2) жануарлармен бірге дүкендерде, қоғамдық тамақтану ұйымдарында, медициналық, мәдени және білім беретін мекемелерде жүруге;
      3) жануарларды көп пәтерлі үйлердің балкондарында, лоджияларында, тұрғын үйлердің жалпыға бірдей қолданылатын орындарында (баспалдақ торларында, шатырларда, жертөлелерде, жатақхана дәліздерінде және т.б.) ұстауға;
      4) малды көшелерде, алаңдарда, саябақтарда, скверлерде және басқа да жалпыға бірдей қолданылатын орындарда жаюға;
      5) жыртқыш және улы жануарлар сияқты жануарлармен қатынас жасауға тәжірибе мен дағдының, арнайы білімнің, сондай-ақ биологиялық ерекшеліктеріне сай жануардың өмір сүруіне мүмкіндік беретін күту жағдайларының болмауы.

4. Жануарларды сату және сатып алу

      9. Жануарларды сату питомниктер, жануарлар иелерінің қоғамдары (клубтары), дүкендер  және арнайы мамандандырылған базарлар арқылы жүзеге асырылады. 
      10. Орал қаласының аумағына жануарларды шет мемлекеттер аумағынан әкелу және шығару уәкілетті мемлекеттік органдардың рұқсатымен жүзеге асырылады. 
      11. Жануарларды қаладан тысқары жерлерге тасымалдау (орнын ауыстыру) мен әкелу белгіленген нысандағы ветеринарлық куәліктің болғаны жағдайында рұқсат етіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады