"Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналардың Мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 727 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі cалық комитетінің 2007 жылғы 1 маусымдағы N 367 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 7 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4710 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 635 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.12.30 N 635 Бұйрығымен.

      -------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 651-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. ...
      2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. ...
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Министр                                    Б. Жәмішев

                                         Қазақстан Республикасы
                                            Қаржы министрінің
                                       2008 жылғы 30 желтоқсандағы
                                             N 635 бұйрығына
                                                 2-қосымша

Қазақстан Республикасының күшi жойылған кейбiр
нормативтік құқықтық актілерінің тiзбесi

      1. ...
      ........
      21. "Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарының Мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 727 Бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2007 жылғы 1 маусымдағы N 367 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 4710 тiркелген, "Юридическая газета" газетінде 2007 жылғы 22 маусымдағы N 94 (1297) жарияланған).
      ........
      25. ...

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 546-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
      1. "Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалды жады бар бақылау-кассалық машиналардың Мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 727 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 2 қазанда N 1991 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінің 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 4-5 сандарында жарияланған; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 7 қаңтарда N№2108, 2109, 2110 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының сәйкесінше 2002 жылғы 25 желтоқсандағы N 895, 2002 жылғы 28 желтоқсандағы N№902, 903, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 3 сәуірде N 2226 болып тіркелген 2003 жылғы 27 наурыздағы N 143, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 6 маусымда N 2353 болып тіркелген 2003 жылғы 21 мамырдағы N 210, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 26 маусымда N 2380 болып тіркелген 2003 жылғы 2 маусымдағы N 221, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 14 қарашада N 2559 болып тіркелген 2003 жылғы 21 қазандағы N 404, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 12 шілдеде 2945 болып тіркелген 2004 жылғы 24 маусымдағы N 312, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 8 қарашада 3199 болып тіркелген 2004 жылғы 21 қазандағы N 532, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 19 қарашада N 3209 болып тіркелген 2004 жылғы 12 қарашадағы N 579, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 6 қаңтарда 3324 болып тіркелген 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 667, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 17 ақпанда 3446 болып тіркелген 2005 жылғы 2 ақпандағы N 38, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 1 тамызда 3763 болып тіркелген 2005 жылғы 29 маусымдағы N 286, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 12 желтоқсанда N 3972 болып тіркелген 2005 жылғы 30 қарашадағы N 535, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 18 қаңтарда N 4023 болып тіркелген 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 9, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 17 ақпанда N 4095 болып тіркелген 2006 жылғы 13 ақпандағы N 59, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 1 қыркүйекте N 4362 болып тіркелген 2006 жылғы 1 тамыздағы N 383, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 27 наурызда N 4589 болып тіркелген 2007 жылғы 16 наурыздағы N 145, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 16 сәуірде N 4614 болып тіркелген 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 203 бұйрықтармен енгізілген толықтырулармен) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалды жады бар бақылау-кассалық машиналардың Мемлекеттік тізілімі мынадай мазмұндағы 101, 102-тармақтармен толықтырылсын:
      "101. TranzWare (версия TWO 4.*, TWCMS 4.*)";
      "102. XpressSolutions 2.x".

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салықтық әкімшілендіру басқармасы (А.М. Қыпшақов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігі
      Салық комитетінің
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады