Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының»"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 126 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 18 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4745 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 7 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.01.25.  N 7  (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 ақпандағы  Заңымен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы  N 49 қаулысына   (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4167 тіркелген, 2006 жылы 19 мамырда "Заң газеті" газетінде N 89-90 (896) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақтың тақырыбындағы "беру" деген сөз "беру, беруден бас тарту және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      аталған қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны қайтарып алу ережесінде:
      тақырыбындағы және кіріспеде "беру" деген сөз "беру, беруден бас тарту және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті  органның келісімін алуға ниет білдірген тұлға өтінішімен бірге бірмезгілде  уәкілетті органға Заңның  26-бабының  4-7-тармақтарымен көзделген құжаттар мен мәліметтерді береді.
      Өзі тұратын еліндегі қызметі шоғырландырыла қадағалауға жататын  Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті  органның келісімін алуға ниет білдірген жағдайда Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру ұйымы ірі қатысушы болып табылса, заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарының нотариатта куәландырған көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.
      Өтініш беруші - заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысы болып табылатын басшы қызметкері/өтініш иесі - жеке тұлға туралы қысқаша деректер осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысанда ұсынылады.
      Заңның  26-бабының  4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ұсынылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерде растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, жеке тұлға - өтініш иесіне меншік құқығында тиесілі мүлік құнынан аспайтын мөлшерде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға пайдаланылатын ақша көздері мен қаражаттардың сипаттамасын көрсетеді.
      Мінсіз іскерлік бедел туралы мәліметтер осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес мыналарды қоса беріп, ұсынылады:
      экономикалық қызмет аясындағы қылмыс немесе орта дәрежедегі қылмыс, ауыр және аса ауыр қылмыстардың алынбағандығын немесе соттылықтың болмауын растайтын құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есеп жүргізу жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган анықтама нысанында берген құжатты (аталған құжаттың берілген күні өтініш беру күнінің алдындағы үш айдан аспауы тиіс). Шетелдік азаматтар олардың елдерінің азаматтығына сәйкес тиісті мемлекеттік орган берген осыған ұқсас мазмұндағы құжатты, ал азаматтығы жоқ тұлғалар - олардың тұрақты тұратын елдерінен қосымша ұсынады;
      осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген мәліметтерді растаушы өзге де құжаттардың көшірмелерін.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауы мүмкін болған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қайта қапиталдандырудың өтініш иесі ұсынып отырған жоспарында мынадай ақпараттар болуы тиіс:
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы жай-күйіне баға беру;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қаржылық жағынан сауықтыру жөніндегі іс-шараларды жан-жақты сипаттау (шығыстарды төмендету жөніндегі шаралар, пруденциалдық нормативтер және өзге де сақталуы міндетті нормалар және лимиттер, қосымша кірістер алу жөніндегі іс-шаралар және өзге де  іс-шаралар орындалып отыратын шекке дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның меншікті капиталын қалпына келтіруге бағытталған шығыстарды төмендету, қосымша қаржылық салымдар бойынша шаралар);
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қаржылық жағынан сауықтыру жөніндегі іс-шараларды орындаудың күнтізбелік мерзімдері;
      сауықтыру іс-шараларынан күтіліп отырған экономикалық тиімділік (пруденциалдық нормативтердің өзгеру динамикасы; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті қаражатының (капиталының) мөлшерінің өзгеруі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық көрсеткіштерінің өзгеруі).
      Уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың шынайылығын тексеру қажет болған жағдайда, тиісті органдар мен ұйымдардан қосымша мәліметтер сұратады.";

      мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-2 тармақтармен толықтырылсын:
      "7-1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беруден Заңның  26-1-бабында  көрсетілген негіздемелер бойынша бас тартады. Өтініш иесіне уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру үшін белгіленген мерзімі ішінде жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
      7-2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, қайтарып алуға келісім беру туралы шешімді уәкілетті органның Басқармасы қабылдайды.";

      9-тармақта:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Құрылып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алған тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның  акцияларын мемлекеттік тіркеу күнінен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның  акцияларын сатып алғандығын куәландыратын бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінен не эмиссиялық бағалы қағаздарды номиналды ұстау жүйесінен көшірме ұсынады.";
      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Үзінді көшірмені осы тармақпен белгіленген мерзімде бермеген жағдайда уәкілетті орган берген келісім өзінің қолданылуын тоқтатады.";

      1 және 2 қосымшалар осы қаулының қосымшасына сәйкес жазылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін  қолданысқа енгізіледі.

      3. Стратегия және талдау департаментi (Бөбеев М.С.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттіктің мүдделi бөлiмшелерiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жiберсiн.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі  осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

      Төраға

                                     Қазақстан Республикасы Қаржы  
                                     нарығын және қаржы ұйымдарын  
                                     реттеу мен қадағалау агенттігі
                                     Басқармасының 2007 жылғы      
                                     30 сәуірдегі N 126 қаулысына  
                                             қосымша                

                                    "Сақтандыру (қайта сақтандыру)  
                                  ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін
                                   иеленуді беру, беруден бас тарту 
                                      және келісімді қайтарып алу   
                                         ережесіне 1-қосымша        

    Өтініш иесі -  жеке тұлға, өтініш иесінің басшы қызметкері -
                 заңды тұлға туралы қысқаша деректер

_________________________________________________________________
          (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
1. Фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2. Азаматтығы
_________________________________________________________________
3. Жеке басын куәландыратын құжат деректері
__________________________________________________________________
4. Жұмыс орны (орындары), қызмет (қызметтер)
__________________________________________________________________
5. Жұмыс орнының (орындарының) мекен-жайы (мекен-жайлары), байланыс
телефоны
__________________________________________________________________
6.   Ері (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі,
балалары) және жекжаттары (ерінің (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі,
апа-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер: 

№ 

 N 

  

Фамилиясы,
аты,
әкесінің аты
(бар болса)

Туған жылы

Туысқандық
қатынастары

Жұмыс орны және
қызметі 

1

 

            

 

 

Осы ақпарат тексерілгенін және шынайы мен толық болып табылатынын
растаймын.
Өтініш беруші - жеке тұлға
_________________________________________________________________
(фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) баспа әріптерімен, қолы)
Өтініш беруші - заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысы
_________________________________________________________________
(фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) баспа әріптерімен, қолы)

Мөр орны

Күні ___________________________________

                                    "Сақтандыру (қайта сақтандыру)
                                  ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін
                                   иеленуді беру, беруден бас тарту
                                      және келісімді қайтарып алу
                                         ережесіне 2-қосымша

 Өтініш иесі -  жеке тұлға, өтініш иесінің басшы қызметкері -
 заңды тұлғаның мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер 

1. Білімі

Оқу
орнының атауы
 

Келіп
түскен
 күні -
аяқталған
күні 

Мамандығы 

Білімі туралы
дипломның
деректемелері,
біліктілігі 

Оқу орнының
орналасқан орны 

 

 

 

 

 

2. Соңғы үш жылдағы біліктілік көтеру жөніндегі семинарлар,
біліктілік көтеру курстарынан өту туралы мәліметтер

Ұйымның атауы

Өткізу күні және орны

Сертификат
деректемелері 

 

 

 

3.Еңбек қызметі туралы мәліметтер

Жұмыс кезеңі 

Жұмыс
орны 

Қызметі 

Тәртіптік шара қолданудың болуы 

Жұмыстан шығу, қызметтен босану себептері 

 

 

 

 

 

4. Бар жарияланымдар, ғылыми әзірленімдер және басқа да
жетістіктер: ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
5. Экономикалық қызмет аясындағы қылмыс үшін немесе ауырлығы
орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе
өтелмеген соттылықтың болуы туралы мәліметтер 

Күні 

Сот органының атауы

Соттың
тұратын
орны 

Жазаның түрі 

1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республи-
касының Қылмыстық Кодексінің бабы 

Соттың процессуал-
ды шешімді қабылдаған күні 

 

 

 

 

 

 

6. Өзіне қабылдаған міндеттемелерді (өтелмеген немесе мерзімі өткен
заемдар және басқалар) орындамау фактілерінің болуы туралы
мәліметтер
___________________________________________________________________
________________________________________________________________
(аталған фактілер болған жағдайда ұйымның атауын және міндеттемелер
                         сомасын көрсету)
7. Өтініш иесі ірі қатысушы не басшы қызметкер болып табылған
жағдайдағы кезеңде заңды тұлғаның қаржылық жағдайының нашарлауының
немесе банкроттық фактісінің болуы:
____________________________________________________________________
_______________________________________________________________
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының  аффилиирлігінің болуы
(болмауы):
____________________________________________________________________
_______________________________________________________________
               (иә/жоқ, аффилиирлік белгісін көрсету)
9. Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат: __________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Осы ақпарат тексерілгенін және шынайы мен толық болып табылатынын
растаймын.
Өтініш беруші - жеке тұлға
_________________________________________________________________
(фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) баспа әріптерімен, қолы)
Өтініш беруші - заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысы
_________________________________________________________________
(фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) баспа әріптерімен, қолы)

Мөр орны

Күні ___________________________________"

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады