Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009.11.06 N 660 бұйрығымен.
"Дәрілік заттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандарды мерзімдік аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 658 бұйрығына (Қазақстан Республикасындағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 25 қаңтардағы N 4525 тіркелген, "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетені" журналында жарияланған, N 2, 2007 жыл) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандарды мерзімдік аттестаттау ережесінде:
1-тарауда:
5-тармақта "фармацевтикалық қызмет объектілерін жоғары, орта фармацевтикалық білімі бар" деген сөздер "фармацевтикалық қызмет объектілері мен медицина ұйымдарында жоғары, орта фармацевтикалық білімі бар, сондай-ақ дәрілік заттарды өндірумен айналысатын фармацевтикалық қызмет объектілерінде химиялық-технологиялық, химиялық білімі бар" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтың 1 абзацында "заттар" деген сөздерден кейін "медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармақта "денсаулық сақтау ұйымдары" деген сөздер "фармацевтикалық қызмет объектілері мен медицина ұйымдарында, сондай-ақ дәрілік заттарды өндірумен айналысатын фармацевтикалық қызмет объектілерінде химиялық-технологиялық, химиялық білімі бар мамандар" деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақта "бір жылда" деген сөздер "жылына бір рет" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті (Машкеев Б.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Мұхамеджанов Ж.М) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т. Омаровқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр