Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасауға арналған сақтанушы өтінішінің мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 178 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 28 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4835 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы N 24 Қаулысымен

       Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.01 N 24 Қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз.

      "Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң)  10 бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Көлік құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру шартын жасау жөніндегі өтініш мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1) сақтандыру шартының түрі Заңның 4 тармағының 10 бабына сәйкес;
      2) өтініш иесі туралы мәліметтер:
      фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты, тұрғылықты орны, туған жылы жүргізушінің куәлігінің сериясы, нөмірі, берілген күні, жүргізу өтілі;
      атауы, тұрғылықты орны (заңды тұлға үшін);
      телефон нөмірі;
      салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе жеке бірегейлендіру нөмірі (жеке тұлға үшін) не бизнес-бірегейлендіру нөмірі (заңды тұлға үшін) (бар болса);
      экономика секторының коды;
      резиденттік белгісі (Қазақстан Республикасының резиденті/резиденті емес);
      3) автомобиль көлігі туралы мәліметтер (кешенді шартты жасағанда әрбір көліктік құрал туралы мәліметтер көрсетіледі);
      тіркеу орны;
      көліктік құралды тіркеу куәлігінің нөмірі және беру күні (Қазақстан Республикасының резиденттері үшін) немесе көліктік құралдың тіркелуін растайтын өзге құжат (Қазақстан Республикасының резиденттер емес үшін);
      көліктік құралдың пайдалану мақсаты;
      километраж (өтініш жасалған күнгі одометр көрсетуі);
      көлік құралының типі Заңмен сәйкес;
      маркасы;
      моделі;
      шыққан жылы;
      двигатель көлемі;
      двигатель қуаты;
      рульмен басқарудың орналасуы;
      двигатель нөмірі;
      шанақ нөмірі;
      шанақ түсі (кабинасы);
      4) сақтандыру мерзімі туралы мәліметтер;
      5) сақтанушыға берілген жеңілдіктер туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін):
      Ұлы Отан соғысына қатысушының немесе Ұлы Отан соғысына қатысушысына теңестірілген тұлға куәліктің нөмірі және берілген күні;
      I, II топтағы мүгедек куәлігінің нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі;
      зейнеткерлік куәліктің нөмірі және берілген күні;
      6) отбасылық жағдайы туралы мәліметтер;
      7) сақтандырылғаны (сақтандырылғандар) туралы мәліметтер:
      фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты;
      туылған күні;
      салық төлеушінің тіркеу нөмірі, жеке бірегейлендіру нөмірі (бар болса);
      тұрғылықты орны;
      отбасылық жағдайы;
      жүргізу өтілі;
      жүргізуші куәлігінің нөмірі, берілген күні;
      8) қосарлы сақтандыру туралы, көлік құралдарын маусым кезінде пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіру туралы мәліметтер;
      9) міндетті түрде өтініште көрсетілген деректерге өзгеріс енгізілуі жөнінде сақтандыру ұйымын хабарлау туралы мәліметтер;
      10) өтінішке қол қою күні және өтініш иесінің қолы;
      11) фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты, қызмет орны, өтінішті қабылдаған сақтандыру ұйымының қызметкерінің телефон нөмірі, өтінішті жасаған күні.
      2) тармақшаның екінші, үшінші, бесінші, жетінші абзацтарында, 3) тармақшаның екінші, үшінші, алтыншыдан он бесінші аралығындағы абзацтарында, 5) тармақшада, 7) тармақшаның екіншіден бесінші аралығындағы, жетінші, сегізінші абзацтарында, 8) тармақшада көзделген Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіру туралы мәліметтерді растау бөлігіндегі мәліметтер бойынша сақтанушы растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса береді.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.03.28  N 41 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз), 2009.09.26 N 217 Қаулыларымен.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Қарақұлова Д.Ш.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      4. Агенттіктің Төраға Қызметі (Заборцева Е.Н.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөніндегі шараларды қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады