Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы рыногының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 324 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 20 шілдедегі N 85 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 27 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4896 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының 2008 жылғы 22 қыркүйектегі N 79 Қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Ұлттық банкі төрағасының 2008.09.22  N 79 Қаулысымен.

      ----------------Бұйрықтан үзінді-------------------

      "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабы   6-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспары бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      4. ...
      5. ...
      6. ...

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                    Ә.Сәйденов

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2008 жылғы 22 қыркүйектегі
N 79 қаулысына      
қосымша          

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының күші жойылды деп танылатын қаулыларының
ТІЗБЕСІ

      1. ...
      2. ...
      3. ...
       4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы рыногының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 324 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 20 шілдедегі N 85 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 27 тамызда N 4896 тіркелген).

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының» "Қазақстан Республикасы қаржы рыногының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 324 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2509 тіркелген; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4109 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы рыногының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 324 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 27 қаңтардағы N 3, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4461 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасы қаржы рыногының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 324 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 109 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы рыногының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:

      1-тараудың 4-тармағының 2-абзацында "кірістер және шығыстар туралы" деген сөздер "пайда және зиян туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тарауда:
      1-класс 145 шотынан кейін мынадай мазмұндағы шоттар тобымен және шоттармен толықтырылсын:
      "15 Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер
      151 01     Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер
      16         Инвестициялық жылжымайтын мүлік
      161 01     Инвестициялық жылжымайтын мүлік
      161 02     Инвестициялық жылжымайтын мүліктің тозуы";

      3-класта:
      301 44     "Сақтандыру төлемі бойынша қайта сақтандырушылардан
                 алуға сомалар" деген шот алынып тасталсын;
      301 47     "Қайта сақтандырушыларға талаптар" деген шоттан
                 кейін мынадай мазмұндағы шоттармен толықтырылсын:
      "301 48    Еңбек сіңірілмеген сыйлық ақылар бойынша қайта
                 сақтандыру активтері
      301 49     Болған, бірақ жарияланбаған зияндар бойынша қайта
                 сақтандыру активтері
      301 50     Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары
                 бойынша болмаған зияндар бойынша қайта сақтандыру
                 активтері
      301 51     Аннуитет шарттары бойынша болмаған зияндар бойынша
                 қайта сақтандыру активтері
      301 52     Жарияланған, бірақ реттелмеген зияндар бойынша
                 қайта сақтандыру активтері
      301 53     Қосымша резервтер бойынша қайта сақтандыру
                 активтері";
      "311 25    Банк қызметі бойынша басқа да дебиторлық берешек
                 бойынша шығындарды жабуға резервтер (провизиялар)"
                 деген шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен
                 толықтырылсын:
      "311 40    Қайта сақтандыру активтерінің құнсыздануынан
                 болған зиянды жабуға арналған резервтер
                 (провизиялар)";
      334 90     шоттан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен
                 толықтырылсын:
      "335       Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша
                 талаптар
      335 01     Фьючерс операциялары бойынша талаптар
      335 02     Форвард операциялары бойынша талаптар
      335 03     Опцион операциялары бойынша талаптар
      335 04     Спот операциялары бойынша талаптар
      335 05     Своп операциялары бойынша талаптар
      365 06     Басқада туынды қаржы құралдарымен операциялар
                 бойынша талаптар";

      4-класта:
      403 24     шотынан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен
                 толықтырылсын:
      "404       Тазартылған қымбат металдарға инвестициялар
      404 01     Тазартылған қымбат металдар
      404 02     Жолдағы тазартылған қымбат металдар
      404 03     Банктердің металл шоттарында орналастырылған
                 тазартылған қымбат металдар";
      441 90     шотынан кейін мынадай мазмұндағы шотпен
                 толықтырылсын:
      "441 91    Арнайы қаржы компаниясының кастодиан банктегі
                 ағымдағы шоттардағы шетел валютасымен бөлінген
                 активтері";

      5-класта:
      54 шоттар тобы және 541 шоттан бастап 543 шот аралығы мынадай редакцияда жазылсын:
      "54        Қайта бағалау резервтері
      541        Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау резервтері
      542        Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздардың құнын
                 қайта бағалау резервтері
      543        Басқада активтерді қайта бағалау резервтері";

      56 шоттар тобының және 561 мен 562 шоттардың атындағы "Бөлінбеген кіріс" деген сөздер "Бөлінбеген пайда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      57 шоттар тобының және 571 шоттың атындағы "Жиынтық " деген сөздер "Жиынтық пайда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-класта:
      603 14     мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      "603 15    "Сатып алынған бағалы қағаздар";

      65 шоттар тобының мемлекеттік тілдегі атындағы "шартты міндеттемелер" деген сөз "бағалау міндеттемелері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      652 шоттың атындағы "Шартты міндеттемелер" деген сөз "Бағалау міндеттемелері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      687 47 "Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резервіндегі қайта сақтандырушының үлесі", 687 48 "Болған, бірақ жарияланбаған шығындар резервіндегі қайта сақтандырушының үлесі", 687 49 "Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша шығындар резервіндегі қайта сақтандырушының үлесі", 687 50 "Аннуитет шарттары бойынша шығындар резервіндегі қайта сақтандырушының үлесі", 687 51 "Жарияланған, бірақ реттелмеген шығындар резервіндегі қайта сақтандырушының үлесі", 687 52 "Қосымша резервтердегі қайта сақтандырушының үлесі" деген шоттар алынып тасталсын;

      687 90     шоттан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен
                 толықтырылсын:
      "690       Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша
                 міндеттемелер
      690 01     Фьючерс операциялары бойынша міндеттемелер
      690 02     Форвард операциялары бойынша міндеттемелер
      690 03     Опцион операциялары бойынша міндеттемелер
      690 04     Спот операциялары бойынша міндеттемелер
      690 05     Своп операциялары бойынша міндеттемелер
      690 06     Басқада туынды қаржы құралдарымен операциялар
                 бойынша міндеттемелер";

      7-класс 727 10 шотынан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен толықтырылсын:
      "727 11    Бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан түскен кірістер
      728        Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша іске
                 асырылмаған кірістер
      728 01     Фьючерстерді қайта бағалаудан түскен іске
                 асырылмаған кіріс
      728 02     Бағалы қағаздар бойынша форвард операцияларын
                 қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған кіріс
      728 03     Шетел валютасы бойынша форвард операцияларын қайта
                 бағалаудан түскен іске асырылмаған кіріс
      728 04     Тазартылған қымбат металдар бойынша форвард
                 операцияларын қайта бағалаудан түскен іске
                 асырылмаған кіріс
      728 05     Опцион операцияларын қайта бағалаудан түскен іске
                 асырылмаған кіріс
      728 06     Спот операцияларын қайта бағалаудан түскен іске
                 асырылмаған кіріс
      728 07     Своп операцияларын қайта бағалаудан түскен іске
                 асырылмаған кіріс
      728 08     Басқада туынды қаржы құралдарымен операцияларды
                 қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған кіріс
      729        Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша
                 кірістер
      729 01     Фьючерс операциялары бойынша кірістер
      729 02     Форвард операциялары бойынша кірістер
      729 03     Опцион операциялары бойынша кірістер
      729 04     Спот операциялары бойынша кірістер
      729 05     Своп операциялары бойынша кірістер
      729 06     Басқада туынды қаржы құралдарымен операциялар
                 бойынша кірістер
73      Өткен кезеңдерде құрылған резервтерді (провизияларды)
        жоюдан түскен кірістер

      731 01     Өткен кезеңдерде бағалы қағаздар бойынша зиянды
                 жабуға құрылған резервтерді (провизияларды) жоюдан
                 түскен кірістер
      731 02     Өткен кезеңдерде орналастырылған салымдар бойынша
                 зиянды жабуға құрылған резервтерді (провизияларды)
                 жоюдан түскен кірістер
      731 03     Өткен кезеңдерде басқада дебиторлық берешек бойынша
                 зиянды жабуға құрылған резервтерді (провизияларды)
                 жоюдан түскен кірістер
      731 20     Өткен кезеңдерде клиенттерге берілген заемдар
                 бойынша зиянды жабуға құрылған резервтерді
                 (провизияларды) жоюдан түскен кірістер
      731 21     Өткен кезеңдерде клиенттерге берілген қаржыны
                 жалдау бойынша зиянды жабуға құрылған резервтерді
                 (провизияларды) жоюдан түскен кірістер
      731 22     Өткен кезеңдерде шартты міндеттемелер бойынша
                 зиянды жабуға құрылған резервтерді (провизияларды)
                 жоюдан түскен кірістер
      731 23     Өткен кезеңдерде банк қызметі бойынша басқада
                 дебиторлық берешек бойынша зиянды жабуға құрылған
                 резервтерді (провизияларды) жоюдан түскен
                 кірістер";

      8-класта:
      821 46      шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен
                  толықтырылсын:
      "821 47      "Қайта сақтандыру активтері бойынша резервтер
                 (провизиялар) қалыптастыру бойынша шығыстар";

      845 09 шоттан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен толықтырылсын:
      "845 10    Бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан болған шығыстар
      846        Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша іске
                 асырылмаған шығыстар
      846 01     Фьючерстерді қайта бағалаудан болған іске
                 асырылмаған шығыс
      846 02     Бағалы қағаздар бойынша форвард операцияларын
                 қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыс
      846 03     Шетел валютасы бойынша форвард операцияларын қайта
                 бағалаудан болған іске асырылмаған шығыс
      846 04     Тазартылған қымбат металдар бойынша форвард
                 операцияларын қайта бағалаудан болған іске
                 асырылмаған шығыс
      846 05     Опцион операцияларын қайта бағалаудан болған іске
                 асырылмаған шығыс
      846 06     Спот операцияларын қайта бағалаудан болған іске
                 асырылмаған шығыс
      846 07     Своп операцияларын қайта бағалаудан болған іске
                 асырылмаған шығыс
      846 08     Басқада туынды қаржы құралдары мен операцияларды
                 қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыс
      847        Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша
                 шығыстар
      847 01     Фьючерс операциялары бойынша шығыстар
      847 02     Форвард операциялары бойынша шығыстар
      847 03     Опцион операциялары бойынша шығыстар
      847 04     Спот операциялары бойынша шығыстар
      847 05     Своп операциялары бойынша шығыстар
      847 06     Басқада туынды қаржы құралдарымен операциялар
                 бойынша шығыстар";

      86 шоттар тобы және 861 шоттан бастап 864 шот аралығы мынадай редакцияда жазылсын:
      "86 Тоқтатылған және басқа да операциялардан болған кірістер (шығыстар)
      861        Табиғат апаттарынан болған өтелмейтін шығыстар
      862        Табиғат апаттарынан болған кірістер (шығыстар)
      863        Тоқтатылған операциялардан болған кірістер
                 (шығыстар)
      864        Басқада кірістер (шығыстар)";

      10-класта:
      1022 және 1024 шоттарының атындағы "(актив шоттары бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын;
      1023 және 1025 шоттарының атындағы "(пассив шоттары бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын;
      1072 және 1074 шоттарының атындағы "(актив операциялары бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын;
      1073 және 1075 шоттарының атындағы "(пассив операциялары бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын;

      3-тарауда:
      145 шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 151 01, 161 01 және 161 02 шоттардың атауларымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
      "151 01 "Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер" (актив).
      Мақсаты: сатуға арналған ұзақ мерзімді активтердің құнын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша сатуға арналған ұзақ мерзімді активтердің құны және оң қайта бағалау сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер іске асырылған немесе басқаша шығарылған жағдайда олардың құнын есептен шығару және теріс қайта бағалау сомасы жазылады.
      161 01 "Инвестициялық жылжымайтын мүлік" (актив).
      Мақсаты: инвестициялық жылжымайтын мүліктің құнын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша есепке алу моделін пайдаланған жағдайда, инвестициялық жылжымайтын мүліктің сатып алған, қайта жіктеген және оң қайта бағалаған кездегі құны жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша инвестициялық жылжымайтын мүлік іске асырылған немесе активті инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде жіктеудің өзгеруіне байланысты басқаша шығарылған кездегі және әділ құны бойынша есепке алу моделін пайдаланған жағдайда теріс қайта бағаланған кездегі оның құнын есептен шығару жазылады.
      161 02 "Инвестициялық жылжымайтын мүліктің тозуы" (контрактив).
      Мақсаты: инвестициялық жылжымайтын мүлік бойынша есептелген амортизация сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша инвестициялық жылжымайтын мүлік бойынша есептелген амортизация сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық жылжымайтын мүлік іске асырылған немесе активті инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде жіктеудің өзгеруіне байланысты басқаша шығарылған кезде инвестициялық жылжымайтын мүлік бойынша есептелген амортизация сомаларын есептен шығару жазылады.";

      301 44 шоттың аты мен сипаттамасы алынып тасталсын;

      301 47 шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 301 48 бастап 301 53 аралығындағы шоттардың аттарымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
      "301 48 "Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар бойынша қайта сақтандыру активтері" (актив).
      Мақсаты: еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар бойынша қайта сақтандыру активтерінің сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттарына сәйкес қайта сақтандырушыға берген кездегі еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар бойынша қайта сақтандыру активтерінің сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша қайта сақтандырушы оларды төлеген немесе қайта сақтандыру активтері азайған кезде қайта сақтандыру бойынша активтердің сомасын есептен шығару жазылады.
      301 49 "Болған, бірақ жарияланбаған зиян бойынша қайта сақтандыру активтері" (актив).
      Мақсаты: болған, бірақ жарияланбаған зиян бойынша қайта сақтандыру активтерінің сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша болған, бірақ жарияланбаған зиян бойынша қайта сақтандыру активтерінің тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттарына сәйкес қайта сақтандырушыға берген кездегі сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша қайта сақтандырушы оларды төлеген немесе қайта сақтандыру активтері азайған кезде қайта сақтандыру бойынша активтердің сомасын есептен шығару жазылады.
      301 50 "Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша болмаған зиян бойынша қайта сақтандыру активтері" (актив).
      Мақсаты: өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша болмаған зиян бойынша қайта сақтандыру активтерінің сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша болмаған зиян бойынша қайта сақтандыру активтерінің тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттарына сәйкес қайта сақтандырушыға берген кездегі сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша қайта сақтандырушы оларды төлеген немесе қайта сақтандыру активтері азайған кезде қайта сақтандыру бойынша активтердің сомасын есептен шығару жазылады.
      301 51 "Аннуитет шарттары бойынша болмаған зиян бойынша қайта сақтандыру активтері" (актив).
      Мақсаты: аннуитет шарттары бойынша болмаған зиян бойынша қайта сақтандыру активтерінің сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша аннуитет шарттары бойынша болмаған зиян бойынша активтердің тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттарына сәйкес қайта сақтандырушыға берген кездегі сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша қайта сақтандырушы оларды төлеген немесе қайта сақтандыру активтері азайған кезде қайта сақтандыру бойынша активтердің сомасын есептен шығару жазылады.
      301 52 "Жарияланған, бірақ реттелмеген зиян бойынша қайта сақтандыру активтері" (активтік).
      Мақсаты: жарияланған, бірақ реттелмеген зиян бойынша қайта сақтандыру активтерінің сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша жарияланған, бірақ реттелмеген зиян бойынша активтердің тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттарына сәйкес қайта сақтандырушыға берген кездегі сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша қайта сақтандырушы оларды төлеген немесе қайта сақтандыру активтері азайған кезде жарияланған, бірақ реттелмеген зияндар бойынша қайта сақтандыру активтерінің сомасын есептен шығару жазылады.
      301 53 "Қосымша резервтер бойынша қайта сақтандыру активтері" (актив).
      Мақсаты: қосымша резервтер бойынша қайта сақтандыру активтерінің сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша қосымша резервтер бойынша активтердің тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттарына сәйкес қайта сақтандырушыға берген кездегі сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша қайта сақтандырушы оларды төлеген немесе қайта сақтандыру активтері азайған кезде қосымша резервтер бойынша қайта сақтандыру активтерінің сомасын есептен шығару жазылады.";

      311 25 шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 311 40 шоттың атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "311 40 "Қайта сақтандыру активтерінің құнсыздануынан болған зияндарды жабуға арналған резервтер (провизиялар)" (контрактив).
      Мақсаты: қайта сақтандыру активтерінің құнсыздануынан болған зияндарды жабуға құрылатын резервтердің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша қайта сақтандыру активтерінің құнсыздануынан болған зияндарды жабуға құрылатын резервтердің (провизиялардың) сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша құрылған резервтердің (провизиялардың) олар жойылған немесе қайта сақтандыру активтерінің құнсыздануынан болған зияндардың сомалары есептен шығарылған кездегі сомаларын есептен шығару жазылады.";
      334 90 шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 335 01 бастап 335 06 аралығындағы шоттар аттарымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
      "335 01 "Фьючерс операциялары бойынша талаптар" (актив).
      Мақсаты: фьючерс операцияларын жасау нәтижесінде туындаған талаптардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша фьючерс операцияларын жасау нәтижесінде туындаған талаптардың сомалары, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша туындаған талаптардың клиент оларды төлеген немесе баланстан есептен шығарылған кездегі сомаларын, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомасын есептен шығару жазылады.
      335 02 "Форвард операциялары бойынша талаптар" (актив).
      Мақсаты: форвард операцияларын жасау нәтижесінде туындаған талаптардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша форвард операцияларын жасау нәтижесінде туындаған талаптардың сомалары, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша туындаған талаптардың клиент оларды төлеген немесе олар баланстан есептен шығарылған кездегі сомаларын, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомасын есептен шығару жазылады.
      335 03 "Опцион операциялары бойынша талаптар" (активтік).
      Мақсаты: опцион операцияларын жасау нәтижесінде туындаған талаптардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша опцион операцияларын жасау нәтижесінде туындаған талаптардың сомалары, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша туындаған талаптардың клиент оларды төлеген немесе баланстан есептен шығарылған кездегі сомаларын, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомасын есептен шығару жазылады.
      335 04 "Спот операциялары бойынша талаптар" (актив).
      Мақсаты: спот операцияларын жасау нәтижесінде туындаған талаптардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша спот операцияларын жасау нәтижесінде туындаған талаптардың сомалары, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша туындаған талаптардың қарсы әріптес оларды төлеген немесе спот операциялары жойылған кездегі сомаларын, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомасын есептен шығару жазылады.
      335 05 "Своп операциялары бойынша талаптар" (актив).
      Мақсаты: своп операцияларын жасау нәтижесінде туындаған талаптардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша своп операцияларын жасау нәтижесінде туындаған талаптардың сомалары, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша туындаған талаптардың қарсы әріптес оларды төлеген кездегі немесе спот операциялары жойылған кездегі сомаларын, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомасын есептен шығару жазылады.
      335 06 "Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша талаптар" (актив).
      Мақсаты: басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар жасау нәтижесінде туындаған талаптардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар жасау нәтижесінде туындаған талаптардың сомалары, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша туындаған талаптардың қарсы әріптес оларды төлеген кездегі немесе басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар жойылған кездегі сомаларын, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомасын есептен шығару жазылады.";

      403 24 шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 404 01 бастап 404 03 аралығындағы шоттар атауларымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
      "404 01 "Тазартылған қымбат металдар" (актив).
      Мақсаты: тазартылған қымбат металдардың құнын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша тазартылған қымбат металдардың құны, сондай-ақ оң қайта бағалау жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша тазартылған қымбат металдардың оларды баланстан шығарған кездегі құнын есептен шығару, сондай-ақ теріс қайта бағалау жазылады.
      404 02 "Жолдағы тазартылған қымбат металдар" (актив).
      Мақсаты: жолдағы тазартылған қымбат металдардың құнын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша жолдағы тазартылған қымбат металдардың құны жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша алушыдан тазартылған қымбат металдарды алғаны туралы растау немесе аванстық есеп келіп түскеннен кейін тазартылған қымбат металдардың құнын есептен шығару жазылады.
      404 03 "Банктердің металл шоттарында орналастырылған тазартылған қымбат металдар" (актив).
      Мақсаты: Банктердің металл шоттарында орналастырылған тазартылған қымбат металдардың құны есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша банктердің металл шоттарында орналастырылған тазартылған қымбат металдардың құны жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша банктердің металл шоттарында орналастырылған тазартылған қымбат металдар қайтарылған кезде олардың құнын есептен шығару жазылады.";

      441 90 шоттың мемлекеттік тілдегі мақсатындағы "туындаған, басқаға берілген талап ету құқықтары, құқықтар және қаржы активтері бойынша" деген сөздер "туындаған талап ету құқықтары және қаржы активтері бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      441 90 шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 441 91 шоттың атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "441 91 "Арнайы қаржы компаниясының кастодиан банктегі ағымдағы шоттардағы шетел валютасымен бөлінген активтері" (актив).
      Мақсаты: бөлінген активтер бойынша түсімдерді инвестициялау нәтижесінде туындаған талап ету құқықтары және қаржы активтері бойынша шетел валютасындағы түсімдерді есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша арнайы қаржы компаниясының кастодиан банктегі ағымдағы шоттардағы шетел валютасымен бөлінген активтерінің ұлғаюы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша арнайы қаржы компаниясының кастодиан банктегі ағымдағы шоттардағы ұлттық валютада бөлінген активтерінің олар инвестицияланған және арнайы қаржы компаниясы шығарған облигацияларды өтеген кездегі сомаларын есептен шығару жазылады.";

      541, 542 01, 542 және 543 шоттардың аты және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "541 "Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау резервтері" (пассив).
      Мақсаты: әділ құны бойынша қайта бағалау нәтижесінде пайда болған негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша негізгі құрал-жабдықтардың баланстық құны ұлғайған кезде оларды қайта бағалаудан болған оң айырма сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша негізгі құрал-жабдықтардың баланстық құны азайған кезде оларды қайта бағалаудан болған теріс айырма сомасы, сондай-ақ пайдаланылуына қарай немесе негізгі құрал-жабдықтардың шығарылған сәтте негізгі құрал-жабдықтарды оң қайта бағалауды N 562 "Алдыңғы жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зияны)" деген баланстық шотқа есептен шығару жазылады.
      542 "Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздардың құнын қайта бағалау резервтері" (пассив).
      Мақсаты: сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздардың құнын қайта бағалау сомаларын, сондай-ақ олар бойынша жинақталған қайта бағалау, шығарылған немесе тиісті баланстық шоттары бар корреспонденциядағы бағалы қағаздардың басқа санатына көшірілген сомасын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша сатуға арналған бағалы қағаздардың құнын оң қайта бағалау сомасы, сондай-ақ олар бойынша жинақталған қайта бағалау, шығарылған немесе тиісті баланстық шоттары бар корреспонденциядағы бағалы қағаздардың басқа санатына көшірілген сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша сатуға арналған бағалы қағаздардың құнын теріс қайта бағалау сомасы, сондай-ақ олар бойынша жинақталған қайта бағалау, шығарылған немесе тиісті баланстық шоттары бар корреспонденциядағы бағалы қағаздардың басқа санатына көшірілген сомалары жазылады.
      543 "Басқа да активтерді қайта бағалау резервтері" (пассив).
      Мақсаты: халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес ұйымның тікелей капиталда көрсетуге жататын басқа да активтерінің құнын қайта бағалау сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша ұйымның басқа да активтерінің құнын оң қайта бағалау сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша басқа да активтердің құнын теріс қайта бағалау сомасы, сондай-ақ олардың шығарылуына байланысты басқа да активтердің құнын оң қайта бағалау сомаларын есептен шығару жазылады.";

      561 және 562 шоттардың атында және сипаттамасында "бөлінбеген кіріс", "бөлінбеген таза кірісі" деген сөздер тиісінше "бөлінбеген пайда", "бөлінбеген таза пайдасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      571 шоттың атында және сипаттамасында "Жиынтық кіріс", "жиынтық кірісі" және "бөлінбеген кіріс" деген сөздер тиісінше "Жиынтық пайда", "жиынтық пайдасы" және "бөлінбеген пайда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      603 14 шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 603 15 шоттың атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "603 15 "Сатып алынған бағалы қағаздар" (контрпассив).
      Мақсаты: айналысқа шығарылған, оларды ұстаушылардан сатып алынған бағалы қағаздардың номиналдық құнын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша айналысқа шығарылған, оларды ұстаушылардан сатып алынған бағалы қағаздардың номиналдық құны жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша сатып алынған бағалы қағаздарды басқа ұстаушыларға сатқан не оларды жойған кезде олардың номиналдық құнын есептен шығару жазылады.";

      652 шоттың аты және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "652 "Бағалау міндеттемелер" (пассив).
      Мақсаты: халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте көрсетілетін бағалау міндеттемелерінің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша бағалау міндеттемелерінің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша бағалау міндеттемелерінің сомаларын есептен шығару жазылады.";

      687 46 шотының сипаттамасынан кейін 687 47 шотынан бастап 687 52 шотының аралығындағы шоттардың сипаттамалары мен атаулары алынып тасталсын;

      687 90 шоттың сипаттамасынан кейін 690 01 бастап 690 06 аралығындағы мынадай мазмұндағы шоттардың аттарымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
      "690 01 "Фьючерс операциялары бойынша міндеттемелер" (пассив).
      Мақсаты: фьючерс операциялары бойынша міндеттемелердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша фьючерс операцияларын жасау нәтижесінде туындаған міндеттемелердің сомалары, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша клиент оларды төлеген кезде туындаған міндеттемелердің сомаларын, сондай-ақ оң қайта бағалау сомасын есептен шығару жазылады.
      690 02 "Форвард операциялары бойынша міндеттемелер" (пассивтік).
      Мақсаты: форвард операциялары бойынша міндеттемелердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша форвард операцияларын жасау нәтижесінде туындаған міндеттемелердің сомалары, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша клиент оларды төлеген кезде туындаған міндеттемелердің сомаларын, сондай-ақ оң қайта бағалау сомасын есептен шығару жазылады.
      690 03 "Опцион операциялары бойынша міндеттемелер" (пассивтік).
      Мақсаты: опцион операциялары бойынша міндеттемелердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша опцион операцияларын жасау нәтижесінде туындаған міндеттемелердің сомалары, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша клиент оларды төлеген кезде туындаған міндеттемелердің сомаларын, сондай-ақ оң қайта бағалау сомасын есептен шығару жазылады.
      690 04 "Спот операциялары бойынша міндеттемелер" (пассив).
      Мақсаты: спот операциялары бойынша міндеттемелердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша спот операцияларын жасау нәтижесінде туындаған міндеттемелердің сомалары, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша оларды төлеген немесе спот операцияларын жойған кезде туындаған міндеттемелердің сомаларын, сондай-ақ оң қайта бағалау сомасын есептен шығару жазылады.
      690 05 "Своп операциялары бойынша міндеттемелер" (пассив).
      Мақсаты: своп операциялары бойынша міндеттемелердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша своп операцияларын жасау нәтижесінде туындаған міндеттемелердің сомалары, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша оларды төлеген немесе своп операцияларын жойған кезде туындаған міндеттемелердің сомаларын, сондай-ақ оң қайта бағалау сомасын есептен шығару жазылады.
      690 06 "Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша міндеттемелер" (пассив).
      Мақсаты: басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша міндеттемелердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар жасау нәтижесінде туындаған міндеттемелердің сомалары, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша банколарды төлеген немесе басқа да туынды қаржы құралдарымен операцияларды жойған кезде туындаған міндеттемелердің сомаларын, сондай-ақ оң қайта бағалау сомасын есептен шығару жазылады.";

      727 10 шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 727 11, 728 01 бастап 728 08 аралығындағы, 729 01 бастап 729 06 аралығындағы, 731 01 бастап 731 03 аралығындағы, 731 20 бастап 731 23 шотының аралығындағы шоттар аттарымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
      "727 11 "Бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан түскен кірістер".
      Мақсаты: бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан түскен кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан түскен кірістердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кіріс сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      728 01 "Фьючерстерді қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған кіріс".
      Мақсаты: фьючерстерді қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған кірістің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша фьючерстерді қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған кірістің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      728 02 "Бағалы қағаздар бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан болған іске асырылмаған кіріс".
      Мақсаты: бағалы қағаздар бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған кірістің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздар бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған кірістің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      728 03 "Шетел валютасы бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан болған іске асырылмаған кіріс".
      Мақсаты: шетел валютасы бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған кірістің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша шетел валютасы бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған кірістің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      728 04 "Тазартылған қымбат металдар бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан болған іске асырылмаған кіріс".
      Мақсаты: тазартылған қымбат металдар бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған кірістің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша тазартылған қымбат металдар бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған кірістің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      728 05 "Опцион операцияларын қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған кіріс".
      Мақсаты: опцион операцияларын қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған кірістің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша опцион операцияларын қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған кірістің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      728 06 "Спот операцияларын қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған кіріс".
      Мақсаты: спот операцияларын қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған кірістің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша спот операцияларын қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған кірістің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      728 07 "Своп операцияларын қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған кіріс".
      Мақсаты: своп операцияларын қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған кірістің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша своп операцияларын қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған кірістің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      728 08 "Басқа да туынды қаржы құралдарымен операцияларды қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған кіріс".
      Мақсаты: басқа да туынды қаржы құралдарымен операцияларды қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған кірістің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша басқа да туынды қаржы құралдарымен операцияларды қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған кірістің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      729 01 "Фьючерс операциялары бойынша кірістер".
      Мақсаты: фьючерс операциялары бойынша алынған іске асырылған кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша фьючерс операциялары бойынша алынған іске асырылған кірістердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      729 02 "Форвард операциялары бойынша кірістер".
      Мақсаты: форвард операциялары бойынша алынған іске асырылған кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша форвард операциялары бойынша алынған іске асырылған кірістердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кіріс сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (шығын)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      729 03 "Опцион операциялары бойынша кірістер".
      Мақсаты: опцион операциялары бойынша алынған іске асырылған кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша опцион операциялары бойынша алынған іске асырылған кірістердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      729 04 "Спот операциялары бойынша кірістер".
      Мақсаты: спот операциялары бойынша алынған іске асырылған кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша спот операциялары бойынша алынған іске асырылған кірістердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      729 05 "Своп операциялары бойынша кірістер".
      Мақсаты: своп операциялары бойынша алынған іске асырылған кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша своп операциялары бойынша алынған іске асырылған кірістердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      729 06 "Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша кірістер".
      Мақсаты: басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша алынған кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша алынған кірістердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      731 01 "Өткен кезеңдерде бағалы қағаздар бойынша шығындарды жабу үшін құрылған резервтерді (провизияларды) жоюдан түскен кірістер".
      Мақсаты: өткен кезеңдерде бағалы қағаздар бойынша шығындарды жабу үшін құрылған, жойылған резервтердің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша өткен кезеңдерде бағалы қағаздар бойынша шығындарды жабу үшін құрылған резервтерді (провизияларды) жоюдан түскен кірістердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      731 02 "Өткен кезеңдерде орналастырылған салымдар бойынша шығындарды жабу үшін құрылған резервтерді (провизияларды) жоюдан түскен кірістер".
      Мақсаты: өткен кезеңдерде орналастырылған салымдар бойынша шығындарды жабу үшін құрылған, жойылған резервтердің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша өткен кезеңдерде орналастырылған салымдар бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) жоюдан түскен кірістердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      731 03 "Өткен кезеңдерде басқа да дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабу үшін құрылған резервтерді (провизияларды) жоюдан түскен кірістер".
      Мақсаты: өткен кезеңдерде басқа да дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабу үшін құрылған, жойылған резервтердің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша өткен кезеңдерде басқа да дебиторлық берешек бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) жоюдан түскен кірістердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      731 20 "Өткен кезеңдерде клиенттерге берілген заемдар бойынша шығындарды жабуға құрылған резервтерді (провизияларды) жоюдан түскен кірістер".
      Мақсаты: өткен кезеңдерде клиенттерге берілген заемдар бойынша шығындарды жабу үшін құрылған, жойылған резервтердің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша өткен кезеңдерде клиенттерге берілген заемдар бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) жоюдан түскен кірістердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      731 21 "Өткен кезеңдерде клиенттерге берілген қаржыны жалдау бойынша шығындарды жабуға құрылған резервтерді (провизияларды) жоюдан түскен кірістер".
      Мақсаты: өткен кезеңдерде клиенттерге берілген қаржыны жалдау бойынша шығындарды жабу үшін құрылған, жойылған резервтердің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша өткен кезеңдерде клиенттерге берілген қаржыны жалдау бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) жоюдан түскен кірістердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      731 22 "Өткен кезеңдерде шартты міндеттемелер бойынша шығындарды жабуға құрылған резервтерді (провизияларды) жоюдан түскен кірістер".
      Мақсаты: өткен кезеңдерде шартты міндеттемелер бойынша шығындарды жабу үшін құрылған, жойылған резервтердің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша өткен кезеңдерде шартты міндеттемелер бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) жоюдан түскен кірістердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      731 23 "Өткен кезеңдерде банк қызметі бойынша басқа да дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабу үшін құрылған резервтерді (провизияларды) жоюдан түскен кірістер".
      Мақсаты: өткен кезеңдерде банк қызметі бойынша басқа да дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабу үшін құрылған, жойылған резервтердің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша өткен кезеңдерде банк қызметі бойынша басқа да дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабу үшін құрылған резервтерді (провизияларды) жоюдан түскен кірістердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.";

      821 46 шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 821 47 шоттың атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "821 47 "Қайта сақтандыру активтері бойынша резервтер (провизиялар) қалыптастыру бойынша шығыстар".
      Мақсаты: қайта сақтандыру активтері бойынша резервтер (провизиялар) қалыптастыру бойынша шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша қайта сақтандыру активтері бойынша резервтер (провизиялар) қалыптастыру бойынша шығыстардың сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.";

      845 09 шотының сипаттамасынан кейін 845 10, 846 01 шотынан бастап 846 08 шоты аралығындағы, 847 01 шотынан бастап 847 06 шоты аралығындағы шоттардың мынадай мазмұндағы аттарымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
      "845 10 "Бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан болған шығыстар".
      Мақсаты: Бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан болған шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан болған шығыстардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      846 01 "Фьючерстерді қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыс".
      Мақсаты: фьючерсті қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыстың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша фьючерстерді қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыстың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      846 02 "Бағалы қағаздар бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыс".
      Мақсаты: бағалы қағаздар бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыстың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздар бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыстың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      846 03 "Шетел валютасы бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыс".
      Мақсаты: шетел валютасы бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыстың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша шетел валютасы бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыстың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      846 04 "Тазартылған қымбат металдар бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыс".
      Мақсаты: тазартылған қымбат металдар бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыстың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша тазартылған қымбат металдар бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыстың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      846 05 "Опцион операцияларын қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыс".
      Мақсаты: опцион операцияларын қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыстың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша опцион операцияларын қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыстың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті келтірілген шығыстардың сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      846 06 "Спот операцияларын қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыс".
      Мақсаты: спот операцияларын қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыстың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша спот операцияларын қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыстың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      846 07 "Своп операцияларын қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыс".
      Мақсаты: своп операцияларын қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыстың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша своп операцияларын қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыстың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (шығын)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      846 08 "Басқа да туынды қаржы құралдарымен операцияларды қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыс".
      Мақсаты: басқа да туынды қаржы құралдарымен операцияны қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыстың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша басқа да туынды қаржы құралдарымен операцияларды қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыстың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      847 01 "Фьючерс операциялары бойынша шығыстар".
      Мақсаты: фьючерс операциялары бойынша келтірілген іске асырылған шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша фьючерс операциялары бойынша келтірілген іске асырылған шығыстардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      847 02 "Форвард операциялары бойынша шығыстар".
      Мақсаты: форвард операциялары бойынша келтірілген іске асырылған шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша форвард операциялары бойынша келтірілген іске асырылған шығыстардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті келтірілген шығыстардың сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      847 03 "Опцион операциялары бойынша шығыстар".
      Мақсаты: опцион операциялары бойынша келтірілген іске асырылған шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша опцион операциялары бойынша келтірілген іске асырылған шығыстардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      847 04 "Спот операциялары бойынша шығыстар".
      Мақсаты: спот операциялары бойынша келтірілген іске асырылған шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша спот операциялары бойынша келтірілген іске асырылған шығыстардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      847 05 "Своп операциялары бойынша шығыстар".
      Мақсаты: своп операциялары бойынша келтірілген іске асырылған шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша своп операциялары бойынша келтірілген іске асырылған шығыстардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" бойынша баланстық шотына есептен шығару жазылады.
      847 06 "Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша шығыстар".
      Мақсаты: басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша келтірілген іске асырылған шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша басқа да туынды қаржы құралдарымен операция бойынша келтірілген іске асырылған шығыстардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (зиян)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.";

      861, 862 және 863 шоттардың мемлекеттік тілдегі атында және сипаттамасында "шығындар", "(шығындар)" және "шығындарының" деген сөздер тиісінше "шығыстар", "(шығыстар)" және "шығыстарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      864 шотының аты және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "864 "Басқа да кірістер (шығыстар)".
      Мақсаты: басқа да операцияларды жүзеге асырумен байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша басқа да шығыстардың сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 571 "Жиынтық пайда (шығын)" баланстық шотына есептен шығару жазылады.";

      1022 және 1074 шоттардың атында және сипаттамасында "(актив операциялары бойынша)", "(актив операциялар бойынша)" және "ұйымның актив операциялары бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;

      1072 шоттың атында "(актив операциялар бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын және мемлекеттік тілдегі сипаттамасында "ұйымның болашақта актив операциялары бойынша" деген сөздер "болашақта" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1023 және 1025 шоттарының атында және сипаттамасында "(пассив операциялары бойынша)" және "ұйымның пассив операциялары бойынша" деген сөздер алынып тасталсын; 1073 және 1075 шоттардың атында "(пассив операциялар бойынша)", "ұйымның пассивті операциялары бойынша" және мемлекеттік тілдегі сипаттамасында "ұйым пассив операциялары бойынша" деген сөздер алынып тасталсын.

      1024 шоттың мемлекеттік тілдегі атында және сипаттамасында "(актив операциялары бойынша)", "ұйымның болашақта" деген сөздер алынып тасталсын және мемлекеттік тілдегі сипаттамасында "ұйымның болашақта қаржы фьючерстерін актив операциялары бойынша" деген сөздер "болашақта қаржы фьючерстерін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, жинақтаушы зейнетақы қорларына, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, арнайы қаржы компанияларына және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне жіберсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З. Айманбетоваға жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады