"Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 429а-І бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2007 жылғы 10 тамыздағы N 176 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 13 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4927 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011.08.06 № 496 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтанқараңыз.

      Әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жол жолмен жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға арналған бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3232 нөмірмен тіркелген және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3936 нөмірмен тіркелген, 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 230-231 (964-965) "Заң газетінде" жарияланған, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 9 қарашадағы N 341-1, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4335 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 16 тамыздағы N 149 (1129) "Заң газетінде", 2006 жылғы 16 қыркүйектегі N 38 (300) "Ресми газетте" жарияланған, 2006 жылғы 26 шілдедегі N 188 бұйрықтарымен енгізілген толықтырулармен бірге Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 ж., N 3-8, 22-құжат,) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N  429а-І бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесінде:

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "23. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқан кезде конкурстық комиссия қатысып отырған тұлғаларға конкурсқа қатысатын әлеуетті жеткізушілердің атауы мен тұратын жерін, олар ұсынған бағаларды, тендерлік өтінімді құрайтын құжаттардың болуы немесе болмауы туралы ақпаратты хабарлайды және комиссия төрағасы, оның орынбасары мен комиссия мүшелері қол қоятын ашу хаттамасын жасайды.";

      мынадай мазмұндағы 24-1, 24-2, 35-тармақтармен толықтырылсын:
      "24-1. Тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыру кезінде конкурстық комиссия әлеуетті жеткізушілердің тендерлік өтінімдеріндегі мәліметтерді нақтылау мақсатында тендерлік өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін әлеуетті жеткізушілерден олардың өтінімдеріне байланысты түсіндірмелер сұратуы мүмкін. Сондай-ақ, комиссия қажетті ақпаратты тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан сұратуы мүмкін.
      Тендерлік құжаттаманың талаптарына сай келмейтін тендерлік өтінімді осы талаптарға сәйкес келтіру үшін сауалдар, ұсыныстар немесе рұқсаттар жасауға жол берілмейді.
      24-2. Конкурстық комиссия, егер:
      осы тендерлік өтінімді ұсынған әлеуетті жеткізуші осы Ереженің 11-тармағының талаптарына сай келмесе;
      тендерге қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізушілердің тендерлік өтінімінің бағасы әлеуметтік маңызды облысаралық қатынасты субсидиялауға бөлінген сомадан асып түссе тендер өтінімді қайтарады.";
      "35. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімдерде тиісті жылға арналған Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет туралы заңы қабылданбаса темір жол көлігімен жолаушылар тасымалын үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында тапсырыс беруші әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау шартын, осы шарт бойынша ағымдағы жылғы бірінші тоқсанда бөлінген қаржы көлемінен аспайтын көлемде, келесі жылдың бірінші тоқсанына ұзартуы мүмкін.";

      көрсетілген Ережеге 4-қосымша:
      мынадай мазмұндағы 2.4-тармақпен толықтырылсын:
      "2.4. Форс-мажорлық жағдайларды қоспағанда, егер жеткізуші Шартта көзделген мерзімдерде қызметтерді ұсына алмаса, Тапсырыс беруші Шарт бағасынан тиісті бағдарғы шартының жалпы сомасының 10% мөлшеріндегі соманы тұрақсыздық айыбы ретінде шегереді.".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитеті (М.Ж Оразбеков) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады